Тәрбие сағаты Тарих. Тағылым. Тағзым 10 класс

Тарих.Тағылым.Тағзым Қазақтың ұлан-ғайыр ұлы жерін қорғаған ерлер ерлігі сан ғасырлар бойы сан ұрпақты отаншылдық рухқа бөлеп келеді. Ел мен жер тұтастығын сақтап, жаудың бетін қайтарған батырлардың өршіл рухы мен тағылымды өмірі қандайда болмасын құрметке лайық. Елдің елдік қасиетін үстеп, тарих тағылымына жетелейтін игілікті іс-шаралар тәуелсіздігіміздің рухани тұғырын барынша нығайта түсері хақ. Осы орайда, топ студенттерінің бойында ерлікке деген құрмет пен мақтаныш сезімін ояту ...
Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тарих.Тағылым.Тағзым

Қазақтың ұлан-ғайыр ұлы жерін қорғаған ерлер ерлігі сан ғасырлар бойы сан ұрпақты отаншылдық рухқа бөлеп келеді. Ел мен жер тұтастығын сақтап, жаудың бетін қайтарған батырлардың өршіл рухы мен тағылымды өмірі қандайда болмасын құрметке лайық. Елдің елдік қасиетін үстеп, тарих тағылымына жетелейтін игілікті іс-шаралар тәуелсіздігіміздің рухани тұғырын барынша нығайта түсері хақ. Осы орайда, топ студенттерінің бойында ерлікке деген құрмет пен мақтаныш сезімін ояту үшін, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайына танымдық-экскурсия жасалды.

Бұл танымдық-экскурсияның негізгі мақсаты:

1. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы, аталар ерлігінің ғажап үлгісі бола білген - Ұлы Жеңістің 70 жылдығын дәріптеу.

2. Сан миллион адамның қасық қанымен, маңдай терімен келген тарихи оқиғаның өзектілігімен таныстыру, отансүйгіштікке баулу, соғыс жыдарындағы аталар ерлігін шын сезініп, түйсіне білуге жетелеу.

3. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен байланыс орнату.

Барысы:

  1. Тарихи мағлұмат

  2. Жалпы мұражайға шолу

  3. Мұражайдағы соғыс жылдарынан қалған экспонаттармен танысу

  4. Колледж ауласында орналасқан М.Мәметова бюстіне тағзым

Біз бағыт алған Қызылорда облыстық тарихи - өлкетану мұражайы 1890 - 1895 жылдары салынған ерекше сәулет кешенінде, бұрынғы орыс православиелік шіркеуі ғимаратында 1939 жылы ашылған. 1980 жылы облыстық Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен мұражайға XX ғасырдың 50 - жылдарындағы сәулет ескерткіші, екі қабатты ғимарат бөлінген. 1980 - 1985 жылдар арасында мұражай күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңа экспозицияның құрылысына жабылған. 1985 жылы 7 мамырда мұражай есігін ашты. 2001 - 2004 жылдарда мұражайға реэкспозиция жасалған. 2011 жылдың қыркүйек - қазан айларында облыстық мұражайдың алдыңғы жағы мен шатырына қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалған.

Тәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 классТәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 класс

Біз бағыт алған Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі сонау 1939жылы құрылған. Қазіргі таңда 76 жылдық тарихы бар бұл мұражайды Бекмамбет Бақытгүл Тоқтамұратқызы басқарып отыр. Мұражай сәулеті жағынан қалаға ерекше көрік беріп тұр.

Жалпы мұражай 14 залдан тұрады. Экскурсияға келген әрбір адамға әр залға жауапты зал қараушы қызметкерлер бағыт-бағдар беріп, аралатады. Біз алдымен І қабатта орналасқан 5 залды араладық. Олар:


  1. «Кіріспе» залы

  2. «Қызылорда облысының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» залы

  3. «Археология» залы

  4. «Сыр өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы» залы

  5. «Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар» залы

Бұл залдарды аралау барысында бізге осы қабаттың зал қараушы қызметкері Нағашыбай Ақиіс Мешітбекқызы көмектесті. Студенттер үшін беймәлім экспонаттардың қайдан, қашан әкелінгендігі туралы біршама ақпаратпен бөлісті. Арамыздағы мұражайға алғаш келген студенттер үшін бұның өзі біршама қолдау еді. Әлі күнге дейін өзіндік құнын жоғалтпаған, ата-бабаларымыздан қалған жәдігерлер кімді де болса қызықтырмай қоймайды. Өзіміз туып-өскен Сыр өңірінің табиғат жағдайлары, қалыптасуы туралы тың мағлұмат алдық. Білгенімізді жетілдірдік.


Тәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 классТәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 класс

Одан әрі мұражайдың ІІ қабатына бағыт алдық. Бұнда барлығы 9 зал бар. Олар:


  1. «Өлкеде кеңес өкіметінің орнауы» залы

  2. «Тәуелсіз Қазақстан залы»

  3. «Қызылорда - Республика астанасы» залы

  4. «Қызылорда облысы Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында» залы

  5. «Облыстың ауыл шаруашылығы» залы

  6. «Облыстың әлеуметтік саласының дамуы» залы

  7. «Мәдениет» залы

  8. «Этнография» залы

  9. «Облыс экономикасының дамуы» залы

Бұл залдарды аралау үшін бізге Әскербекова Дамира Бақытбекқызы мен Жақанова Шұға Молдабекқызы серік болды. Экскурсияның осы бөлігі мұражайға келген студенттер үшін ерекше әсер қалдырды десе де болады. Туған өлкеміздің құрылуынан бастап, басынан өткізген талай нәубет замандардағы жай-күйінен хабардар болдық. Қызылорда - Республика астанасы болған кездегі ахуал мен Тәуелсіз Қазақстанның жағдайын салыстыра отырып, көкейге мол ақпарат түйдік.

«Мәдениет», «Этнография» залдарын аралау барысында ескі дәстүр мен өнер жәдігерлері арқылы рухани азық алып, білім көкжиегімізді кеңейттік.

Тәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 классТәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 класс

Өзіміз мақсат етіп келген орын «Қызылорда облысы Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында» залы болатын. Бұл залға кіргенде соғысты көрмесек те, сезіндік. Студенттердің басым көпшілігінің ең бірінші көздері соғыс жылдарынан қалған шынайы экспонаттарға түсті. Бұл экспонаттар құндылығымен қоймай, өте шынайы болатын. Аталар ерлігінің айғағы болатын заттар осы залдың ажарын кіргізіп тұр десе де болады. Сонымен қатар, «Сталинградты қорғаған қазақтар», «Шырағың сөнбесін», «Боздақтар», «Қаһармандар» сынды кітаптар мен қолжазбалар, майданға, майданнан жолданған хаттарды да осы жерден таба алдық.

Тәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 классТәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 класс

Тәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 класс

Жалпы экскурсия біз үшін әсерге толы болды. Мұражайдан біршама демалып, рухани байлығымызды арттырып қайттық.

Тәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 классТәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 класс

Тәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 класс

Экскурсиямыздың келесі бөлігі өзіміз оқитын білім ордасы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі ауласында орналасқан Мәншүк ескерткішінің алдында жалғасты.

Қан майданда Отаны үшін жанын қиған батыр апамыздың аруағына тағзым ету мақсатында топ студенттері Мәншүкке арнап өлең жолдарын оқыды.

Тәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 классТәрбие сағаты Тарих.Тағылым.Тағзым 10 класс

Осы экскурсиядан кейін әрбір студенттің бойында өткенге құрмет, келешекке сенім қалыптасады деген ойдамыз. Бойында жалындаған оты бар, жігерлі жастар үшін бұл тәрбие жұмысының бір бөлігі - кеудесіне отансүйгіштік қасиетті дарытуға қосқан бірден-бір үлес еді.

© 2010-2022