Тәрбие сағаты «Бақыт тапқан мекенім» метепалды даярлық тобы

Мақсаты: « Отбасы » және « отбасылық қарым қатынас » түсініктерімен таныстыру, қатысушылардың коммунакативтік машықтарын дамыту, баланың айтқанына құлақ сала білуді дамыту. Көрнекіліктер: шаңырақ жарастығы салынған плакат, отбасы мүшелерінің суреті салынған плакат, топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар. Шаттық шеңбері:                        Таң атты арайлы,                        Алтын күн шырайлы,                        Күн сәулесі « Бөбектің »,                        Шаңырағына тарайды....
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Бақыт тапқан мекенім »

Мақсаты: « Отбасы » және « отбасылық қарым қатынас » түсініктерімен таныстыру, қатысушылардың коммунакативтік машықтарын дамыту, баланың айтқанына құлақ сала білуді дамыту.

Көрнекіліктер: шаңырақ жарастығы салынған плакат, отбасы мүшелерінің суреті салынған плакат, топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.

Шаттық шеңбері:

Таң атты арайлы,

Алтын күн шырайлы,

Күн сәулесі « Бөбектің »,

Шаңырағына тарайды.

Қайырлы таң қонақтар.

-Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Біздің достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.

Армысың анам,

Кел, маған қосыл,

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық,

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны салайық.

«Өрмекші ойыны»

Мақсаты: Бұл ойын ересектер мен балаларға бір-бірімен көңілді де, жағымды қатынас барысында танысуға топта өз орнын табуға көмектеседі. Сонымен бірге « Өрмекші » топтағы татулықты сезінуге тамаша тәжірбие.

Ойын шарты: Бір шеңбер құрып отырады. Әрқайсысы өз аттарын айтып, өздері туралы айтады.

Би:

Шаңырақ жарастығы салынған плакатпен таныстыру.

-Шаңырақта жарастық болу үшін қандай адами қарым-қатынастар болу керек деп ойлайсыңдар? Сол сөздерді күн нұрына орналастырамыз.

Балалар жауаптары:

-Сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік, қамқорлық, махаббат, сыйластық, бауырмалдық.

Балалар плакатқа апарып іледі.

Әрбала өз отбасының фото суреттерін апарып іледі.

Тыныштық сәті:

( Жайлы әуен қосылып тұрады).

Балалар денесін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны тарең жұтып, еркін тыныстайды. Денелерін бос ұстап отырады.

Барлығымыз көз алдымызға өздеріміздің отбасымыздағы қуанышты да, қызықты сәттерімізді елестетейік.

«Себет ойыны»

Мақсаты: Балаларды өз аналарына деген сүйіспеншілігін дамыту.

Ойын-шарты: Себетте көрсетілген жемістерді алып,өз аналарына теңеу.

Сол себеттегі жемістердің артындағы сұрақтарға аналары жауап береді.

Ән:

Шығармашылық жұмыс:

-Балалар қазір біз сендермен «Бақытты мекен» жұмысын орындаймыз. Сендер өздерінді бақытты сезіну үшін қастарында кімдер және нелер болғанын қалайсыңдар, сол суреттерді мына алдарындағы қима суреттердің ішінен таңдап алып, қағазға жапсырыңдар.(дайын жұмыс тақтаға ілінеді)

Қорытынды:

Отбасындағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп арастық орнатады.

-Міне, көрдіңдер ме, балалар, шаңырақта көңілді де қуанышты, қызықты да жақсы өмір сүру өзіміздің қолымызда.

Мейірімді жүрек

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне күлімсірей қарап,жүрекшені ұсынып, өздерінің достық сезімдерін білдіреді.


© 2010-2022