Елім менің – еңселі !

Тәрбие сағатының мақсаты:   -         оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; -         ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу; -         оқушыларға туған жері, туған тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу; -         оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу;    Тәрбие сағатының көрнекілігі:   1.     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының  картасы; 2.     Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі; 3.     Дербес компьютер, теледидар, DVD, Қазақстан Республикасы туралы “Менің Қазақстаным”, “Астана – елімнің бас қаласы” деректі фильмі жазылған компакт-диск, күйтабақтар;   Тәрбие сағатының әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, баяндау, ассоциация
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пригород жалпы орта білім беретін мектебі.










Елім менің - еңселі !


9"а" сынып




Сынып жетекшісі:Хасенов Қ. М.










2011-2012 оқу жылы

Тәрбие сағатының мақсаты:


  • оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру;

  • ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу;

  • оқушыларға туған жері, туған тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу;

  • оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу;

Тәрбие сағатының көрнекілігі:


  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының картасы;

  2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі;

  3. Дербес компьютер, теледидар, DVD, Қазақстан Республикасы туралы "Менің Қазақстаным", "Астана - елімнің бас қаласы" деректі фильмі жазылған компакт-диск, күйтабақтар;

Тәрбие сағатының әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, баяндау, ассоциация

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:


  • Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан)

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  • Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

  • Қазақстанның бұрынғы астаналары қалай аталады? (Орынбор, Ақмешіт, Верный, Алматы)

  • Қазақстан қандай мемлекет? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, көпұлтты, әлеуметтік)

Елім менің – еңселі !демократиялы зайырлы

құқықты көпұлтты

әлеуметті біртұтас


  • Қазақстан елі қандай қасиеттерімен айбатты және айбынды? (Гимнімен, Туымен, Елтаңбасымен)

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

ҮШ БАҚЫТЫМ

Мұқағали Мақатаев


Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді,

Ту болмады дегенге?!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

ҚР Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков

Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Ал Күн ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіз Қазақстанымыз қыран сияқты биікке самғасын, ғұмыры ұзақ болсын дегенді білдіреді. Қазақтың қошқар мүйіз оюы - қазақ елін, өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

ТӘУЕЛСІЗДІК - ТІРЕГІМ

Алмагүл Қаржаубаева

Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасырғы.

Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы,

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

Тәуелсіздік - шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың.

Аяулысын білмеген алақаннан -

Сусып барып қайтадан табылғансың.

Тәуелсіздік - қырансың, қалықтаған,

Алты алаштың көгіне шарықтаған.

Көптен күткен халқымның сәбиісің,

Әлдилеген құшақта алып далам.

Тұғырыңды шыңдағы таныт маған,

Көк байрағым, желбіре, шабыттанам.

Айқара ашқан тұманды ел түндігін,

Азаммықпен арайлы көркім бүгін.

Ынтымағы жарасқан әз халқыммен,

Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім!

Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім!

Ойым - Елім сен жайлы ... (Қазақстан туралы реферат оқу)

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба?!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы: Жандарбек, Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов

Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ - мал шаруашылығының басым болғанын аңғартатын жиынтық бейне. Бұл тұста біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау, оның іргесінің берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буынан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан іргесі бүтін елдікті, ата дәстүрін қастерлеу дегенді аңғартады.Дәл ортада бес жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі. Ел жұлдықды қастерлейді. Елтаңбаның төменгі жағында еліміздің аты "ҚАЗАҚСТАН" сөзі жазылған.

"Біз кімбіз?" ой-толғанысы

Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз

Елім менің – еңселі !Елім менің – еңселі !

Елім менің – еңселі !

Елім менің – еңселі !Елім менің – еңселі !

Елім менің – еңселі !

Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

жастармыз.

Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.

«Менің Қазақстаным» деректі фильмінен үзінді көрсету.


Мұғалім:

  • Балалар, Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

  • Сіздер деректі фильмнен қандай әсер алдыңыздар?

  • Балалар, сіздер Қазақстан Республикасының қандай қалаларында болдыңыздар? Ол қалалар сіздерге несімен ұнады? Несімен естеріңізде қалды? (Балалардың ойын тыңдау)

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар,

Болмаған, - деп - Әнұран?!

Хор: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні"

ҚР Мемлекеттік Гимнінің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Қорытынды:

Міне, балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты екен. Ата Заңымызбен де елдігіміз көрінеді. Осындай ержүрек, бауырмал, қонақжай халықтың ұрпағы екендеріңді мақтанышпен айтуға болады.

Өркениет көшіне бетті бұрдық,

Қазақстан, мәңгілік жансын бағың! - деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022