Ана - өмірдің шуағы (Ашық тәрбие сағаты)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»

Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.

Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру,әдемілікке,қолөнерге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар.

Тәрбие сағатының барысы.

1. «Ана-өмірдің шуағы» .Мерекелік оқушылардың аналарын құттықтауы.

2. «Анаға қарап қыз өсер» - мерекеге байланысты сынып қыздары арасындағы сайыс.

Мұғалім.- Армысыздар, балалардың бақытты балалық шағының шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Сыйынар ем,ана деген тәңірге»» атты мерекелік тәрбие сағатымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,балаларыңыздың өздеріңізге арналған шағын мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар.

Мұғалім:

Құрметті аналар, қыздар, қадірлі ұстаздар!

Көктемгі гүлдей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Ана деген ақылшың,

Ана барда батырсың.

Қасында кім болсада,

Тек анаңа жақынсын.

дей келе- тәрбие сағатымыздың «Анаға қарап қыз өсер» атты сайыс - бөлімін бастаймыз.

Сайысты өткізу шарттары төмендегідей:

1.»Мен қазақтың қызымын»/ таныстыру/.

2.»Қыздарға әсемдік жарасады»/киім үлгісі/

3.»Білімді мыңды жығар»/Сұрақ- жауап./

4. Ас-адамның арқауы» ./Ас мәзірі /

5.»Өнерліге- өріс кең»./өнер сайысы

6.»Он саусағы майысқан -шебер болар ұрпақпыз». Жіп сабақтау,түйме қадау.

Ортаға сайысқа қатысатын қыздарымызды шақырамыз .

Сайысқа қатысушылармен таныстық. Енді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші

Аруы деп сыныптың жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!

1-сайыс түрі.

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,

Жанарыңнан жалын нұры төгілді.

Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

Көпшілікке таныстыршы өзіңді

-дей отырып аруларымыз өздерін таныстырып өтсін. (арулар кезекпен өздерін таныстырады)

2-сайыс түрі

Ау,халайық,ықыласпен демейік,

Қыздарымыздың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік.

Сайысқа қатысушы қыздар сән үлгісін көрсетеді.

3-сайыс түрі

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ - жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

4-сайыс түрі

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

Келесі сынымыз-қыздарымыздың аспаздық шеберлігін сынау.Әр ару өздері даярлаған ас мәзірімен таныстырады.

5-сайыс түрі

Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына, кең екен.

Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кем де кем.

Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,

Ұйытқы болсын тыңдаған көрерменге.

Сынға түскен енді қазір сайыскерлер,

Өнерлерін көрсетеді сіз бен бізге,-

келесі кезекте өнер сайысын тамашалаңыздар.

6-сайыс түрі

Іс тігетін ерінбей,

Жалқаулыққа берілмей.

Аруларымыз көрсетсін,

Қол өнерін күлімдей-дей отырып қыздарымыздың қазіргі жастарына қарай қол өнер сайысына жіп сабақтау,түйме қадау сияқты істерді атқаруын бағалаймыз.

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Жас ару алынбаған асуларсың,

Бүгінгі мерекеде тасудасың.

Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,

Күш қайратың әрқашан да тасқындасын.

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың,

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның- дей отырып байқауымызды аяқтаймыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз деп ойлаймын.

© 2010-2022