Открытый урок на тему Ақырғы бәйге

Сабақтың тақырыбы: "Ақырғы бәйге" Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Сабақтың тақырыбын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу; 2. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жақсы мен жаманды айыра білуге, саналылыққа, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Оқушының өз ойын жинақтай білуін, сөйлеу мәдениетін, жүргізіп оқу қабілетін дамыту, білгенін жүйелі баяндай білуге дағдыландыру. Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жау...
Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 06.04.15ж.

Сабақтың тақырыбы: Ақан серінің жан серігі -Құлагер

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
Сабақтың тақырыбын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу;
2. Тәрбиелік:
Адамгершілікке, жақсы мен жаманды айыра білуге, саналылыққа, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық:
Оқушының өз ойын жинақтай білуін, сөйлеу мәдениетін, жүргізіп оқу қабілетін дамыту, білгенін жүйелі баяндай білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып

1. Сәкен Жүнісовтың өмірі жайлы қысқаша мәлімет беру.
2. Үзіндіні бөлімдерге бөліп,әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құру.
3. Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері жайлы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
4. Шығармадағы эпитет, теңеу, метафораларды табу, дәптерге жазу.
5. Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жағдайын оқу.
6. Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

1.Сәкен Жүнісовтың өмірі жайлы қысқаша мәлімет беру.
Сәкен Жүнісов 1934 жылы Көкшетау өңірінде туған. Қазақтың дарынды жазушы ұлдарының бірі. Көлемді туындысының бірі- «Ақан сері» роман-диологиясы.5 сыныпта сіздер осы романнанүзінді оқисыздар.
Ол «Ақырғы бәйге»деп аталады.

2.Үзіндіні бөлімдерге бөліп,әр бөлімге тақырып қойып, жоспар құру.
* «Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы»;
* «Қошқарбайдың Шашубайы -өнерлі бала»;
* Бәйгеге қосуға дайындық»;
* «Мөңке мінген Құлагердің шабысын-ай!»
* « Дара келе жатқан Құлагер Көкөзек сайында көрінбей кетті»;
* «Ақанның Құлагерден айырылып қалуы».
3.Үзіндідегі сыншылық өнер, той жаршысының өнері, атбегі баланың өнері жайлы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Ат сыншысы - тұлпар болар құлынды дәл танып, жүйрік аттарға баға бере білетін адам. Олар өздері ат жаратып, бәйгеге қоспаған, көбінесе бәйге алдында жараған аттарды байқап көріп, қайсысы қай орынды иемденетінін болжаған. Ат сыншылары қазақ қоғамында зор беделге ие болған. Толыбай сыншы, Күреңбай сыншы, Киікбай сыншылар болған.
Мысалы ВЕН диаграммсы арқылы Киікбай сыншы мен Күреңбай сыншының сөздерін аламыз.
Киікбай сыншының сөзі:
Жүйрік аттың құлағының түбі бос болады. Ат шапқан кезде құлағы желкеге қайырылып жатып қалады, құлағына жел кірмейді. Жал-құйрығы сұйық келеді. Себебі, шын жүйрік майын жал-жая, қазы-қартасына емес, қара етіне жинайды, сондықтан жалы сұйық болады. Жүйріктің қуат-қайратын азу тісінен байқауға болады. Тісі айқасып, кері кекжие бітсе, бұл қуаттылықтың белгісі. Сол сияқты жылқының мінезі қабағынан байқалады. Қабағы түйіліп тұратын жылқы намысшыл болып келеді, өршеленіп шабады және алдына қара салмауға тырысады.
Күреңбай сыншының сөзі: (осы үзіндіде Құлагердің әр мүшесіне баға берді.)Тұрқы он екі таспадан өрген ұзын бишіктей.Күзендей бүктетіле шапқанда тұрқы қысқа бұзау тұлып аттарыңның екі-үш аттағанын бір-ақ аттай алатын қарышты жануар.Терісі қандай: жұқа-көзел етіктің былғарысындай мап-майда, ет пен терінің арасында жылтыраған бір май жоқ....Быртық бақай, ит жіліншік, тазы тізелі, бөкен санды, сіңірі бура тілерсек. Жібектей күлтеленген майда жал,жеңіл құйрық. Жаясы қандай жазық ,қасқыр жауырын,түлкі төс, қоян жонды- тәулікке бағынбай шапса да, теңселіп, шатқақтамай садақтың оғынша түзу шабатын малдың белгісі...

4. Шығармадағы эпитет, теңеу, метафораларды табу, дәптерге жазу.
Мысалы: Оқжетпестің қайрақ тасындай , майда жалы жібектей,шұңғыл табақтай кең ойпат т.б. теңеулермен жазылған.


5.Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жағдайын оқу. Оқушылардың өздеріне оқулықтан тапсырманы іздеп тауып оқуын қадағалау.

6.Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
Оқулықта берілген 10 сұраққа оқушылардан жауап алу.

Сабақты қорыту.
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру. Шығарманы оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу.

© 2010-2022