Сынып сағаты Спид 10 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№19 орта мектеп






Сынып сағаты Спид 10 сынып


Тақырыбы: СПИД-XXI ғасыр дерті








Сыныбы: 10 «ә»

Сынып жетекшісі: Қаналиева А.Т.









2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: СПИД-XXI ғасыр дерті

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

Адамның ақыл - ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл - ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», - деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты?

АҚТҚ-ЖҚТБ дегеніміз не?

Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.
СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.
1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады.

АҚТҚ - адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы - ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды.
ЖҚТБ - жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ - АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.

АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады:

1. АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

3. Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.


4. Жыныстық қатынас арқылы

АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды:

- Қол алысып, құшақтасқанда
- Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан
- Төсек жабдықтары мен киімнен
- Темір және қағаз ақшадан
- Су мен ауадан
- Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан
- Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан
- Жәндіктердің шағуынан
- Моншада, саунада, бассейінде
- Бой жазу, т.б.

пиАдамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер - ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

Ауру қалай асқынады?


АҚТҚ жұқпасы - бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді.

Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

Мақал - мәтелдер - ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші

1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)

3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )

5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )

6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )

7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)

8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған )

Қорытынды:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған.
Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!



© 2010-2022