Жас тілші мектепішілік газет

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас тілші мектепішілік газетЖас тілші мектепішілік газетЖас тілші мектепішілік газетЖас тілші мектепішілік газетЖас тілші мектепішілік газетМәди Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі

№1 Ақпараттық-танымдық газет

Сөйле қазақ тілінде! Жас тілші мектепішілік газет

Сөйле қазақ тілінде

Кең байтақ қазақ жерінде.

Бір мақсат, бір тағдыр, бір мүдде,

Жүзден астам халық өмір сүруде.

Орыс, татар, қырғыз, өзбек, ұйғыр

Қазақ тілін үйреніп, меңгеруде.

Тыңда, қазақ баласы!

Тыңда, қазақ даласы!

Қазақ деген атың бaр,

Қазақ деген затың бар

Сақта қазақ дәстүрін

Өз жеріңде, еліңде

Сөйле қазақ тілінде!

Тасберген Серік

6-сынып оқушысы



Анам менің ардағым Анама

Анам менің ардағым, Дүниеге мені әкелген жан анам

Анам менің гүл-бағым. Аялаған әр кез сенің мен балаң.

Күнге, желге тигізбей, Қатемді менің кешірген,

Өсірген мені аяулым. Анашым, ұзақ жасашы!

Қайда жүрсем ойлайсың,

Жанашырым, қамқоршым. Атама

Жақсы көрем өзіңді, Атам менің әрқашан,

Аман болшы , анашым! Дұрыс жолды сілтеген.

Егінбай Алтынай Бар еңбегін, білгенін,

6-сынып оқушысы Көңіліне түйгенін

Жалықпай әр кез үйреткен.

Менің атам ардақты Әкешім

Атам менің ардақты, Әкешім менің ұстазым,

Мінезі оның салмақты. Өзіңді үлгі тұтамын.

Өнегесін аламын, Ұстаз болдың жасыңнан

Атама ұқсас боламын. Жолын қуып атамның.

Жүрегі оның елжіреп Құлыныңмын мен сенің,

Жүрген әр кез күлімдеп. Әкешім жүз жасашы!

Жақсылықты тілеген,

Бар білгенін үйреткен. Қайролла Алмас

Күнібай Әсет 6-сынып оқушысы

6-сынып оқушысы

Әжем менің ақ әжем Атам менің мәңгілік мақтанышым

Әжем менің ақ әжем, Атам менің мәңгілік мақтанышым

Ақылы мол дана әжем. Болдым әр кез мен сенің жұбанышың.

Сөзі де оның салмақты, Болдым әр кез мен сенің қуанышың.

Өзі де оның салмақты, Өзіңді ойлап көңілім құлады шын.

Айтқан сөзі, ақылы Саған деген сезімім мәңгі өшпейді!

Жаныма қуат береді. Елге еткен еңбегің еш кетпейді!

Күнібай Әсет Мукашев Бахтияр

6-сынып оқушысы 6-сынып оқушысы

Сөйле қазақ тілінде!

Сөйле қазақ тілінде

Кең байтақ қазақ жерінде.

Бір мақсат, бір тағдыр, бір мүдде,

Жүзден астам халық өмір сүруде.

Орыс, татар, қырғыз, өзбек, ұйғыр

Қазақ тілін үйреніп, меңгеруде.

Тыңда, қазақ баласы!

Тыңда, қазақ даласы!

Қазақ деген атың бар,

Қазақ деген затың бар

Сақта қазақ дәстүрін!

Өз жеріңде, еліңде

Сөйле қазақ тілінде!

Тасберген Серік

6-сынып оқушысы







Ана тілім-ардағым

Ана тілі-баға жетпес байлық, қымбат қазына. Әр адамның өзінің ана тілі болады, сондықтан ана тілінде сөйлеу әр адамның перзенттік әрі азаматтық борышы.

Ана тілім қасиетті, ерекше деп ойлаймын. Себебі ол маған үлгілі, әдепті болуға, қамқор болуға, оқуды әрі жазуды үйретті, ақиқатты айтуға баулыды.

Ана тілі-ел болашағы. Ана тілі- ата-бабамыздың бізге қалдырған асыл мұралары , өшпес өсиеттері. Оның өзінде қаншама жылу бар, білім бар, достар! Сондықтан да Қазақстанда тұрғандықтан ана тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, сыйлауға тырысайық!

Мукашев Бахтияр

6-сынып оқушысы

Тіл-біздің тұтастығымыз

Тіл-біздің тұтастығымыз. «Тіл тағдыры-ел тағдыры» деп халқымыз бекер айтпаған. Тіл-қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Тіл байлығы-әр елдің ұлттық мақтанышы.

Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл-ұлттың жаны. Адамды мұратына, арманына жеткізеді.

Тіл-қарым-қатынас құралы. Тілсіз адам қанатсыз құс сияқты. Сондықтан да өз ана тілімізді құрметтеп, дәріптеуіміз керек.

Бүркітбай Бексұлтан

6-сынып оқушысы

Ана тілім-дана тілім

Тілсіз өмір жоқ. Тіл-баға жетпес құндылық. Тіл болмаса өмірдің мәні болмаушы еді. Тіл-біздің күнделікті қарым-қатынасымыз. Тіл арқылы біз бір-бірімізбен сөйлесеміз, ойымызды айтамыз. «Тілсіз күнің жоқ, тілсіз өмір жоқ» дегендей, әр адамның өз тілі бар. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп айтқандай, тек өз тілімізді ғана емес басқа тілді меңгеру де әр адамның міндеті. Өмірде тілден ащы, тілден өткір нәрсе жоқ. Тілсіз өмірдің мәні жоқ.

Егінбай Алтынай

6-сынып оқушысы

Тілім менің тірегім

Тілім менің тірегім

Тірлігімнің айғағы.

Ұлы атам Абайым

Тілді шыңға шығарды.

Ұлтымыздың байлығы -қазақ тілі,

Ұзақ дамып жетілген бұл дәстүрлі.

Кім болса да жоғалтпай алып жүрсе,

Көрінерміз биіктерден сан қилы.

Тіл-тіршілік тірегі

Халқымыздың тілегі.

Ыбырай мен Абайдай,

Ақындардың жүрегі.

Мәртебесін тілімнің,

Көтерейік, қорғайық.

Ұлттық тілмен әрдайым,

Асулардан асайық!

Тіл байлығы-ел байлығы

Қай ұлтты, қай халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты, ең қымбат қазына санап, оны қадірлейді, қастерлейді. Өз ана тілін сыйламаған адам халқын да сыйлап жарытпайды.

Тілді жасаушы халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Тіл байлығы-ел байлығы, қазақ ұлтының байлығы. Қолда бар байлықты бағалап, шұбарлануына жол бермеуіміз керек. Тілдің абыройын асқақтатып, биік шыңға көтерген ұлы ақын, жазушыларымыздың мұраларынан нәр алып, ана тіліміздің, тәуелсіз еліміздің болашағы үшін ерінбей еңбек ету-әрбір елін сүйген ерлердің азаматтық борышы деп ойлаймын.

Тәуелсіздігіміз баянды, болашағымыз жарқын болу үшін тіліміздің мәртебесін көтерейік, ағайын!

Дауылбай Ақниет

Туған жерім Қазақстан

Атамекен, туған жерім Қазақстан,

Тату-тәтті, ел бірлігі жарасқан.

Араздық пен арамдықты білмейтін,

Қазағымды жырға қосып мақтанам.

Асқақататып мәртебесін елімнің,

Гүлдендіріп табиғатын жерімнің.

Біз қазақтың бүгінгі болашағы,

Ақтайық бізге артылған ел үмітін!

Еслямова Жадыра

Туған тіл-басты байлығым

Менің тілім-қазақ тілі. Ол маған өте ыстық. Шексіз әдеби сөздере толы. Мен әрбір қазақ баласы таза қазақ тілінде сөйлесе екен деп армандаймын. Біздің қазірі басты мақсатымыз өз ана тілімізді дамытып, жетілдіру, бүкіл әлеме танымал ету. Ана тілі анамыздың ақ сүтімен бойымызға сіңеді. Біз өзіміздің тілімізді ғана құрметтеп қана қоймай, басқа да тілдерді қадірлеу керекпіз. Өйткені олар да біреудің ана тілі.

Қазіргі кезде әрбір Қазақстанның азаматы үш тілді білуі қажет. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын бәріміз қолдап, еліміздің жан-жақты дамуына үлес қосайық.

Назымбек Бекболат

Тіл-таусылмайтын байлық

Тіл-қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен еніп қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға баға жетпес мұра. Демек, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай сақтау қажет.

Тіл-таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша биік тұрасың. Дегенмен, алдымен туған елдің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз.

Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі әлемдік тілдердің ішіндеі ең бай тілдердің бірі. Қазақ тілі-халқымыздың рухани байлығы.

Усетаева Фаризат

9-сынып оқушысы

Менің тілім-қазақ тілі

Менің ана тілі-қазақ тілі. Мен өз тілімді құрметтеймін. Маған өз тілім ыстық, сондықтан да мен өз тілімді ешқашан ұмытпаймын. Мен өз елімнің мақтанышы болғым келеді. Қазіргі кезде қазақ жерінде қаншама ұлттар тұрып жатыр. Менің ойымша, олар Қазақстанда тұрғандықтан қазақ тілін білуі керек. Әрбір қазақстандық туған жерінің патриоты болып, барлық салт-дәстүрімізді қастерлеуі қажет.

Мұхамед Темірлан

Аппақ бөпем, ақ бөпем

Аппақ бөпем, ақ бөпем

Ұйықтай қойшы жан бөпем.

Анаң отыр қасыңда

Бесігіңді тербетіп.

Әсем әнге салайын,

Бесік жырын айтайын.

Әлди бөпем, ақ бөпем,

Ұйықтай қойшы жан бөпем

Қайролла Ақжол

Қазақ тілі өте бай тіл

Қазақ тілі өте бай тіл. Біздің тілімізді құрмет тұтатың адамдар өте көп.Ұлттық тілді ұмыту өте ауыр күнә. Тілді қадірлеу қажет.

Тілім менің ардақты

Тілсіз өмір жойылар.

Ана тілді шыңдатты,

Ұлы Абайдай тұлғалар.

Ана тілім саналы

Ана тілім бағалы

Ана тілін білмесен

Болмас өмір мағыналы.

Аса қадірлі тілімізді ұмытпай, мәртебесін биікке көтеру - әр патриоттың басты алға қойған мақсаты болуы тиіс.

Тасберген Индира

5-сынып оқушысы


Қазақ тілім-байлығым

Әр адамның тілі өзіне қашан да ыстық. Мен өз тілімді қадірлеймін. Менің тілім - қазақ тілі. Өз тілінді құрметтеу керек. Біздің тіл дүниежүзі бойынша 70-ші орында тұр. Менвің ана тілімнің сөздік қоры өте бай. Өз тіліңді сүю, құрметтеу әрбір қазақстандық азаматтың басты міндеті. Мен өз тіліммен мақатана аламын.

Ана тіліме арнау:

Қазақ тілім - менің тілім,

Қазақ тілім - байлығым.

Қазақ тілім - менің әнім,

Қазақ тілім -ұраным.

Ахметова Камила

5-сынып оқушы

Менің тілім қазақ тілі

Менің тілім қазақ тілі. Мен қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әдеби тілі. Қазақша еркін сөйлегеніме мақтанамын. Мектепте ағылшын және орыс тілін үйреніп, әр тілдің сан алуан қырын меңгеріп жатырмыз. Биік асулардан көріну үшін осы дамыған заманда шет тілдерді білу өте қажет.

Ескенова Асель

Тіл -біздің байлығымыз

Тіл-біздің байлығымыз, қасиетті құндылығымыз. Әр мемлекеттің өз тілі бар. Тіл бізе өмірге келгеннен бері таныс. Ата-бабаларымыз бір ауыз сөзбен үлкен дауларды шешкен. Тіл бірде ащы, бірде тәтті болады. Тіл-қылыштан да өткір.

Мен өскенде шет елдерін аралағым келеді. Сол үшін ағылшын тілін меңгеріп жатырмын. Мен өз тілімді қадірлеймін және аялаймын. Өз тілін құрметтемейтін адам өзге тілді құрметтейді деенге мен сенбеймін.

Қазақ тілі-өте бай әрі көркем тілдердің бірі.

Акай Айару





Тілдер мерекесі аясында мектебіміздің жас ұстазы Айгүл Дулатқызы мен 5-сыныптың сүйкімді қызы Индираның туған күндері болды. Біз туған күн иелеріне қыстай қатты денсаулық, көктемдей құлпырған көңіл, жаздай жайнаған өмір, күздей мол табыс тілей отырып, жыр шумақтарын арнаймыз.

Айгүл апайға құттықтау

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз

Кетпесін басыңыздан берекеңіз.

Құрметті де қадірлі Айгүл апай,

Берік болсын үйіңізде керегеңіз.

Басыңыздан бақ кетпесін,

Қасыңыздан шат кетпесін.

Өміріңіз тойға толсын,

Көңіліңіз ойға толсын.

Индираға құттықтау

Туған күнің құтты болсын,

Индира жан, өмірің нұрлы болсын.

Шын жүректен бақ, береке тілейміз,

Сені құлпырған раушан гүлге теңейміз.



1. Ана тілі алпыс тілге татиды

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың - өлшемі.

13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.

14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды тіл тындырады.

21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.



Бас редактор: Қалымжанова С.Т.

Редактордың орынбасары:

Еслямова Жадыра

«Жас тілші» ақпараттық-танымдық газеті

Шығарылуы: айына 1 рет

Дана: 10



© 2010-2022