мамандық таңдай білу парыз тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін


9-сынып


тақырыбы

Мамандық таңдай білу-парыз



Мақсаты

Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауға көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыруҚоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.



Күтілетін нәтиже

Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрысжолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру



Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдас

тыру

Психологиялық тренинг өткізіп,топтарға бөледі

Топ басшылары бірнеше таңдаған фигураларын алады.Неше фигура алса соншама өз топтары туралы мәлімет беру керек

Мәлімет сіз білесіз бе? деп басталу керек

Үш түрлі мамандық иелері қағаздарға жасырылады ,оқушылар олар арқылы топтарға бөлінеді

Қызығушылықты ояту

Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан деп ұлы Абай айтқандай мамандық таңдау өте жауапты әрі маңызды іс.Өйткені мамандықты дұрыс таңдаған азамат рухани құндылықтарға ие болып,әртүрлі адамдармен араласуға үйренеді.Қандай мамандық таңдаса да адамға қажетті нәрсе ,өзін-өзі тану Себебі адам өзі туралы білген соң мамандық әлемімен танысады,сол мамандықтағы өз мүмкіндігін анықтайды.Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің де көмегі қажет,бірақ соңғы шешімді қабылдайтын өзімізӘлемде 50 мыңғажуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.«Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» дей отырып сіздерге берілетін алғашқы тапсырма қандай мамндық иелерін білеміз?


ассоциация құрайды.

Топтың атынан ортақ пікір жариялайды

Әр топ өздері білетін мамандық түрлерін жэзады


Мағынаны тану


Еңбегі бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам - адам, адам - белгі жүйесі, адам - табиғат, адам - техника, адам - көркем образ.

Адам - адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы - басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам - белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам - табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам - техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.

Адам - көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, таланты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.


Әр мамандық иелерінің қызметі жазылады

Таңдаған мамандық түрі еңбегі бойынша жіктелетін мамандықтың қай тобына жатады


рефлекция

Мен таңдаған мамандық

1.Сендер болашақ мамандықтарыңды таңдадыңдар ма?Қандай мамандық

2.Таңдаған мамандықтарың жөнінде не білесіңдер және оның өзіндік ерекшелігі қандай ?

3.Бұл мамандықтың еңбек нарығындағы қажеттілігі неде ?

4.Таңдауыңа не әсер етті, егер оған ата-анаң қарсы болса не істейсің?

5.Оқуыңды аяқтаған соң жұмысқа кірісер сәтте ата-анаң саған одан да гөрі еңбек ақысы жоғары қызмет ұсынса қайтер едің.мамандығыңды ауыстырасың ба?

6.Таңдаған мамандығыңа байланысты сол маман иесімен кездесіп ақыл кеңес алып көрдің бе,қандай?

7Бұл мамандықты еңбек ақысына қарай таңдадың ба,әлде қызықтың ба?

8.Таңдаған мамандығыңды ата-анаң қолдай ма,әлде басқа мамандық туралы көп айта ма?

Үйге тапсырма

5 жолға тұжырымдама

1 .Зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөйлем

5 Зат есіімге синоним немесе мағыналы сөз


Тақырып бойынша

түйін шығарту

Синквей әдісі

/5 жолдық өлең/



© 2010-2022