Ашық тәрбие сағаты Менің елім

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, білімдерін кеңейту.

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі « Менің елім » атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Жеткен арман жаса, тәуелсіздігім,

Өз қолыма берген ерік тізгінін.

Ие болған әлем ілтипатына,

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

2− жүргізуші:

Таңды атырам ел ұрандай өр үнмен

Елтаңбам тұр орын алып төрімнен

Ата заңым сүйенер күш қуатым

Көз тартады көк туым өз көгімнен

Бүгінгі биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан - бүгін міне жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір−біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай күн нұрына таласқан!

1-жүргізуші:

Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез арман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз - Қазақстан - көркем жер!

Әнұран:

1 оқушы:

Қазақстан дейтін менің Отаным

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2 оқушы:

Қандай дүние жетеді балауыңа,

Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңда,

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,

Қазақстан елтаңбасы, жалауы да

3 оқушы:

Менің елім - Қазақстан, жүрегім,

Тек өзіңсің, Отан Ана, тірегім

Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім

4 оқушы:

Елім менің - Қазақстан, Отаным

Жырлар жазып, өзіңде әнге қосамын,

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,

Арта берсін абыройың атағың.

5 оқушы:

Аман бол, жаңа ғасыр - жаңа заман,

Аман бол, жаңаша күн жарқыраған

Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет

Қазақтың қасиетті ел екенін.

Ән: « Елім менің »

2− жүргізуші:

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған−туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал қазір біз Отанымызға тағы бір мәртеқұрмет көрсетіп отан туралы өлең шуамқтарын ақтарып көрсек.

6 оқушы:

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

7 оқушы:

Отан -тарих, отан -тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

отан−өлең, отан−жыр,

көтерген көкке ел даңқын.

8 оқушы:

Отан сенің ата−анаң,

Отан -досың, бауырың.

Отан -өлкең, астанаң

Отан -аудан, ауылың.

9 оқушы:

Отан -осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

« Отан » деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.

1-жүргізуші:

Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім−тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекетке айналды. « Болашақтың барысы » деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп, басым беделге бет түзеуде.

2− жүргізуші:

Сондай−ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Ата заңымыз, Әнұранымыз, Туымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болуымыз керек.

Ән: « Көк тудың желбірегені »

10 оқушы:

Тәуелсіз Қазақстан - ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып -тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

11 оқушы:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

12 оқушы:

Әнұраным - жан ұраным

Айтар әнім - сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым,

Жүрсем егер дала кезіп

13 оқушы:

Қазақ жері - қонақжай, төрдің жері,

Қазақ жері - қас сақтай елдің елі

Елі кедей болмаған -жері байтақ,

Едігедей, Бабырдай ерлер жері.

14 оқушы:

Отанды жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз

15 оқушы:

Елімізде бақ - береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын,

Халқымның ахуалы дұрыс болсын

Еліміз әрқашанда тыныш болсын.

1-жүргізуші:

Белгілі ақын атамыз Жұбан Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң

Өшкеніңнің белгісі, − деген екен. Сондықтан халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері болашақ жастарға, яғни біздерге аманат.




© 2010-2022