Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ата-ана парызын, өтеу-сенің қарызың!

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, қайырымдылық, инабаттылық

тәрбиесін бере отырып, ата-ана алдындағы парыздары туралы

ой қозғау. Ата-ананы құрметтеуге, аялауға баулу.

Сабақтың барысы:

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар,

оқушылар, кешіміздің қонақтары!

Отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері- Ата-ана. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы - Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, аяғын тәй-тәй басып, былдырлап тілі шыға бастағаннан ұлттық салт-санасын қалыптастырып, барын алдарына тосып, баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін деп тілейтін де- ата-ана.

Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта - жалынып құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген. Перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» - деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен.

«Бала - ата-ананың бауыр еті», « Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар» деген сияқты толып жатқан мақалдарда да ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!

Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны аз деуге болады. Олардан қалған асыл сөздер қаншама!
Міне, бүгінгі біздердің кешіміз де баланың ата-ана алдындағы парызы туралы болмақ. Олай болса, «Ата-ана парызын, өтеу-сенің қарызың!» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Аталған тақырыптағы кешімізге орай, өз пікірлерімен келген қонақтарымыз бар. Алғашқы қонағымыз жергілікті ақын, облыстық «Ақ Жайық» редакциясының тілшісі, екі ұл тәрбиелеп отырған ата-ана Тарас Наурызәліні шақырамыз ортаға шақырамыз.

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

«Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды,

Сол себепті бар тілеуін балаға бағыштайды»

Кешімізге қош келдіңіз. Бүгінгі тақырыбымызға байланысты өз ойыңызды өрбітсеңіз.

Сұрақтар: Қазақта «Баланы - жастан» деген бар. Бірде атақты драматург Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрайды замандасы, сонда қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр. Ал сіз қалай ойлайсыз, бала тәрбиесін қашан бастаған жөн?
ІІ. Қонағымыздың пікірін білдік, енді көпшілік қауым не дейді екен, халықтың пікіріне құлақ түрейік. Экранға назар аударыңыздар!

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

Сұрақ: Ата-ана парызын өтеуде қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма?

Сұрақ: Ата-ана алдындағы сенің парызың қандай деп ойлайсың?

Экраннан халық пікірі тыңдалады.

Жүргізуші: Ортаға бүгінгі кешімізге өзіндік пікірімен келген қонағымыз 11-сынып оқушысы, оқушылар ұйымының мүшесі Қамажай Тайсойғанды шақырамыз.

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып


  • Осы пікірге келуіңіздің жөнін тарқатып айтып берсеңіз.

Сұрақ: Өзің жанұяда екі баланың бірісің. Мен қыз баламын, ата-ананы бағып-қағу ұл баланың міндеті деп алаңсыз жүре бересің бе? Сен есейгенде ата-анаңның қартайған шағы сені алаңдатпай ма?

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

Бейне көрініс. Көрініс бойынша келген қонақтардың пікірлерін сұрау

Жүргізуші: Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы - мейіріммен, жақсылықпен өтелмек. Бала - ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы.
Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа жеткізу үшін, ең әуелі, әдепті болуы керек. Әдепті болып өскен бала ата-анасының көңілдерін тауып, мерейлерін өсіреді.
Бала өзін әлпештеп өсірген ата-анасын дәл солай әлпештеп аялауға міндетті, сәби шағында өзін қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып мәпелеуге борышты.
Ендеше кешіміздің үшінші қонағы 11-сынып оқушысы, пән олимпиадасының бірнеше рет жеңімпазы Самал Бағдатқызын шақырамыз.

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

Ата-ананың сенімін ақтау-

Өз болашағыңды сақтау

Сұрақ: Сен өмір бойы ата-анаңның қасында отырып қарайласуға мүмкіндігің бола ма?

Өмірде ата-анаңа ренжіген сәттерің болды ма?

Балаңмен дос, сырлас бола біл. Баланы қаталдықпен тәрбиелеуге болмайды. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қатқылданып, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. «Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал» демей ме қазақ.. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені - ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.

Бұл орайда келесі қонағымыз не дейді екен, пікірін тыңдап көрелік. Ортаға келесі қонағымыз Айгүл Батырбекқызын шақырамыз.

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

Баланың ұлы парызы жақсылықпен өтелмек,

Аман жүріп алыстан қарайласа да жетер ед.

Сұрақ: Сізді қартайған шағыңызда ұлдарыңызды жұмсап, немере-шөбере қызығына бөленіп отыру қызықтырмай ма? Ағайын-туыс балаларыңызды сынамай ма, сөкпей ме?

Арнайы шақырылған сарапшыларға сөз беру.

  1. Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Мария Ибнқызы

  2. Жоғары санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі Қуаныш Нұртазаұлы

  3. Мектеп психологы Баян Салыққызы

Көрермендерге сөз беру.

  1. Қатынасушы ата-аналар

  2. Пән мұғалімдері

  3. Оқушылар

Жүргізуші: Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, балаларын адалдық пен мейірімділікке, жауапкершілік пен кешірімділікке тәрбиелейді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар - жанұя мектебінің ұстаздары боп есептеледі.

Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері - баланың әдепті болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деп тәрбиелей отырып, «Өскенде бізді асырайсың ба?» деген сауалды балаларының құлағына құйып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шығады және ата-анасын жалғыз тастамайды. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Кешімізді қорытындылай келе, ой жарыстырып отырған қонақтарымызға қима қағаздар ұсынамыз. Қағаздағы таңдаған сөздеріңізге байланысты қорытынды сөздеріңізді айтасыздар.

Тәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сыныпТәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сыныпТәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сыныпТәрбиелік шара Ата-ана қарызын, өтеу-сенің парызың 11-сынып

Қонақтарға ұсынылатын сөздер:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі кешімізде сөз болғандай баланың ата-ана алдындағы парызы қандай болса, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеті де зор екеніне көзіміз жеткендей болды.

«Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» дейді қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы. Баланың тәрбие алудағы жол бастар ұстаздары жақсы болса, баланың ата-ана алдындағы парызы да ойдағыдай өтелмек.

Сөзімді қорыта келе, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отанға деген ыстық сезім ата-анаға, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» дегендей ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, ыстық сезім, махаббат, мейірімділік, сыйластық кеңінен болсын деген тілек айтамыз.


© 2010-2022