План-конспект внеклассного мероприятияЖана жылым тамаша

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План-конспект внеклассного мероприятияЖана жылым тамаша

Жармыш орта мектебі











Дайындық сыныбының жаңа жылдық кеші














Дайындаған: Онгарова К.







2015 жыл.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кешіміздің қонақтары. Бүгін мектебіміздің дайындық сыныбының бүлдіршіндерінің «Жаңа жылым тамаша»атты ертеңгілігі болғалы отыр. Сол себепті де сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мешін жылымен құттықтаймыз. Құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, қуаныш мешін жылы тек қана сіздерге бақыт әкелсін деп бүгінгі өзіміздің дайындаған Жаңа жыл кешіне қош келдіңіздер!

Жаңа жылым, жаңа туған қардай бол,

Жақсы тілек адамдарға арнай бер.

Қуат алып әр жыл сайын арманым,

Биіктерден биіктерге самғай бер.

Армысыңдар ақ жаулықты аналар.

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Балғын шақта біз баққытты балалар.

Армысыздар мұғалімдер аз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.

Би - билеп, әнде бүгін шырқалар - деп келесі кезекте ортаға кішкентай дайындық сыныбының бүлдіршіндерін шақырамыз.

Шаршауды бір білмейтін,

Мың бұрала билейтін

Шақырамыз ортаға

Арайлым мен Асанды.

Күлімсіреп жүздері,

Қуанышпен жүргені.

Шақырамыз ортаға

Айберген мен Гүлдерайды.

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Жаңа жылда ән салып,

Жарқырайды жүздері.

Шақырамыз ортаға,

Мадияр мен Нұржанатты.

Жарқыраған жайнаған,

Қызғалдақтай құлпырған.

Шақырамыз ортаға,

Жаңалық пен Аяулымды.

Инабат парасаты,

Көріктеріне жарасады.

Шақырамыз ортаға,

Дарын мен Айдинарды.

Жаңа жыл бұл жаңа нұр,

Нұрдан ләззат ала біл.

Күлімсіреп жүздері,

Қуанышпен жүргені.

Шақырамыз ортаға,

Нұрқадыр, Тіней, Ғаниматты.

Ал кәнеки жараңдар,

Мына жаққа қараңдар.

Сыйлық алып бұл тойдан,

Қуанып үйге қайтам деп.

Келеді міне соңғы жұп,

Шақырамыз ортаға,

Қолғанат пен Фатиманы.

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік басында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар - деп Жаңа жылды бастамас бұрын Мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Ақзиба апайларыныңзға сөз кезегін береміз.

Қоян: Ой, бүгін орман тыныш қой, аңдар қайда?

Қарға: Қарқ-қарқ не болды сонша орманның тыныштығын бұзып? Не жаңалық алып

келдің?

Қоян: Шыршаның әдемісін-ай, балалар безендірген шығар ал тып-тыныш отыр ғой

Қарға: А-а білдім мен олардың негетыныш отқанын? Мыстан жылды келіп балаларды ренжітіп тастайтын, сол үшін олар тығылып отырған шығар.

Мыстан: Сәлем, сәлем, немене бүгін шыршаның қасы көңілсіз болып қалған?

Қарға: Мыстан апа көңілсіздікті сізде жек көресіз бе?

Мыстан: Өткізсек, өткізейік. Мен жылда Аяз атаны жібермеймін деп кетіп қалатынмын, ал биыл балалармен бірге өткізуге келдім.

Қоян: Мыстан апа сіз сиқыршы едіңіз ғой, сиқырлап балаларды шырша тойын тойлауға шақырыңызшы.

Жүргізуші: Мыстан апа, амансыз ба? Биыл көңілдісіз ғой, бізбен бірге шырша тойын қарсы аламын деп келген сияқтысыз. Балалар, Мыстан апаға арнап шырша тойын қарсы алуға бір тақпақ айтайық.

Хормен: Қардан аппақ әдемісің, Мыстан апа,

Шашың күміс жылтыраған мұздай апа.

Келіп қосыл арамызға қарсы аламыз,

Сіз боп, біз боп Жаңа жыл салтын апа.

Мыстан: Бәрекелді, мен ұсқынсызбын деп жүрсем, әдемі екенмін ғой.

Жезтырнақ: Кәне кім маған тең келер? Мен шыршаны сындырамын, Ақшақарды тойға жібермеймін.

Мыстан: Әй, Жезтырнақ сіңлім, сен өйтіп елдің шырқын бұзба. Жаңа жылды тек жақсы болып көңілді көтеріп, сәнді шырша тойын көріп, балалар өнерін тамашалайық.

Жүргізуші: Бізге Жезтырнақта қонаққа келіпті не деген керемет. Қане Қарға, Қоян, Мыстан апа, Жезтырнақ бәріміз бірге тойымызды бастайық.

1,2,3 деп үрлеп шырша шамын жағайық.

Түлкі: Балалар, балалар.

Жүргізуші: Не болды сонша аптығып, асықпай айтшы. Түке.

Түлкі: Мені Аяз ата жіберді. Сендерден сүйінші сұрай келдім. Аязаталарың келе жатыр.

Жүргізуші: Қуанышты хабар әкелген екенсің ғой. Кел, бізге қосыл. Ал, балалар, ендеше, Аяз ата келгенше шыршаны айналып «Шырша жырын» орындайық.

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

О, алақай, Аязата,

Хор: Аяз ата, Аяз ата.

Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата! Амансыз ба Ақшақар!

Аяз ата сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, отырып деміңізді алыңыз. Біз сізді сағынып көптен күтіп жүрміз. Біздің мектебімізге қош келдіңіз. Біздің дайындық сыныбының Жаңа жыл кеші болғалы отыр, келгеніңіз қандай жақсы болды, біздің бүлдіршіндеріміз өзіңізбен бірге той-тойлап, би-билеп, ән салып, қуанып қалатын болды.

Ендеше, балалар ары қарай өнерлерімізді Аяз атаға көресетейік.

Мың бұралған арулар аңдып басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Азаматын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық - деп ортаға Арайлым мен Гүлдерайды шақырамыз. Үнді биі.

Асан: Жаңа жылға арналды жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл

Аяулым: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жаңалық: Даламызға, қаламызға,

Жаңа жыл кіріп келеді.

Қартыңызға, жалпыңызға,

Жалынды сәлем береді.

Жүргізуші: Өнер қуып бүлдіршіндер,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Қол соғын қошеметпен қарсы алайық,

Әсем ән шартарапқа жетер дейміз.

Енді кезегіміз әнге келді,

Әнші баларал төгілтіп әнді салар.

Ән: «Ертегілер елінде» Айберген, Ақерке, Жаңалық.

Дарын: Көрікті шыршамыз,

Шамдары самсаған.

Көңілді ортамыз,

Айтамыз шырқап ән.

Гүлдерай: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз біз тойлап.

Ғанимат: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Жүргізуші: Би билейді біздің ұлдар тамаша

Әуезді әнмен құлпырып бір жараса.

Жігіттерім қалыспайды қыздардан,

Халқымызды ұлттық биі «Ұлдар биі»

Би: «Ұландар» Мадияр, Ғанимат, Дарын, Тіней, Жаңалық, Айберген.

Фатима: Жаңа жылмен! Жаңа жылмен!

Құттықтаймыз әрине,

Атамызды, әжемізді.

Қонақтардың бәрінде.

Тіней: Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күтіп сағынған.

Жүргізуші:Шалқытып жаңа жылда ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Ән-шашуын біздерге алып келген,

Кішкентай өнерпаздарды қарсы алайық.

«Қошақан» әнімен Мадияр мен Айдинар, Фатима.

Нұрқадыр: Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр кеңейсін.

Айдинар: Балалар-ау, балалар,

Мерекеміз басталды.

Шат көңілмен бәріміз,

Жаңа жылды тойлаймыз.

Жүргізуші: Әнші болар, күйші де

Мың бұралған биші де.

Ұл-қызыңа куә бол,

Өнеріне сүйсіне - деп ортаға биші қыздарымыз Айдинар, Аяулым, Нұржанат, Фатима, Ақерке.

Би: «Қолшатыр биі» Көңілді күн әні

Қолқанат: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Арайлым: Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Кел билейік баршамыз.

Мадияр: Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсен менше сүй, - деп ортаға әнші бүлдіршіндеріміз Асан, Арайлым мен Қолқанатты шақырамыз.

Ән: «Бала тілегі» әнімен Асан, Арайлым мен Қолқанат.

Айберген: Қараңдар мынау шыршаға,

Неткен әскем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.

Нұржанат: Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантуға біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жаң жылды бар тілде,

Жаңа жырға балайды.

Жаңа жылға әркімде,

Жақсы үмітпен қарайды.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Жүргізуші: Билейміз де ойнаймыз
Балғын ұл-қыздар.
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар.

Бүлдіршіндердің орындауында «Ертегілер елінде» вальс биі.

Жүргізуші: Мешін жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырыс-құт,

Болсын елде тыныштық.

Жаңа жыл оң болсын!

Бестік баға мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Денсаулықтарың зор болсын! - дей келе біздің Дайындық «б»

сыныбының балғын бүлдіршіндерінің бүгінгі дайындаған «Жаңа жыл тамаша» атты кеші аяқталды. Келесі кездескенше. Қош сау болыңыздар!





© 2010-2022