Қазақ Әдебиеті Махамбет Өтемісұлы

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ


8-СЫНЫП

Сабақтың мақсаты: а) Махамбет Өтемісұлының өмірінен мәлімет беру, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау:

ә) Білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру:

б) Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, шығармашылық іздену.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Асқақ ақын, жау жүрек батыр Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Нарын кұмында дүниеге келген.

Ескіше де, орысша да сауатты Махамбет туралық - әділдігімен аты жайылып, халық арасында ерекше беделге ие болған. Оның ақындық, батырлық даңқының көпшілікке айрықша мәшһүр болу сол кезеңнің ұлы оқиғасы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісіне тікелей байланысты болды. Қайсар да батыр, әділдікті сүйген, озбырлықты жек көрген Махамбет халық Жәңгірхан тепкісіне шыдамай көтеріліске шыққан кезде Исатай батырдың қасынан табылып, өмірінің соңына дейін осы көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі әрі жалынды жырлары мен дем беруші бола білді.Исатай қазасынан кейін көтеріліс басылып, Махамбет Жәңгір хан мен патша өкіметі тарапынан қатты қуғынға ұщырайды. Ел арасында жасырынып жүріп, ақын көтерілісті жалғастыруды армандайды. Бірақ ол арманы орындалмай, елін сүйген ер, жауынгер ақын аңдаусызда аңдыған дұшпандарының қолынан қаза табады.

Өлеңдері: «Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс», «Жалғыздық», «Ереулі атқа ер салмай».



Кітаппен жұмыс: Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

IV.Білімді бекіту

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Махамбеттің өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның, әсіресе Бөкей ордасындағы жағдай туралы не ойларың бар?

  2. Махамбет жырларында жақсы азамат, жағымды образ болып кім суреттеледі?

  3. Махамбет поэзиясындағы ұлттық өршілдік, қазақи ұлтшылдық туралы қандай пікір түйдіңдер?

V. Білімді бағалау

Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

М.Өтемісұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.



© 2010-2022