Қош бол құтты, әліппем! Тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош бол құтты, әліппем!

(1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу ертеңгілігі)

(Сыныпқа балалар кірмей тұрып Жалқаубек шығады.)

Жалқаубек:-Мына жақта бірнәрсе болғалы жатыр ғой деймін.

Мұғалім: -Ой Жалқаубек.Сен мұнда не істеп жүрсің?

Жалқаубек: -Далада доп ойнап жүргем.Осы мектепке кісілер кіріп жатыр екен.Мен де қосыла кіргем.Осында бірнәрсе болғалы жатыр ғой деймін.

Мұғалім: -Ой,бұл 1 «В» сыныбы ғой,мұнда бүгін үлкен қуаныш,той.Әліппемен қоштасу ертеңгілігі басталайын деп жатыр.

Жалқаубек:-Әліппе деген не?Неге онымен қоштасады?

Мұғалім:-Қызықсың ғой өзің!Әліппені де білмейсің бе?

Жалқаубек:-Әліппе деген кім? Қыз ба? Мен оны танымаймын.

Мұғалім:- Олай болса сен осында тұра тұр.Әліппені танитын,оны оқып бітірген балалар келе жатыр.Мен оларды қарсы алайын.

Оқушылар музыкамен залға кіреді.(Балалар барлығы қатарға тұрып Әнұранды орындайды)

Мұғалім:-Құрметті ата аналар,ұстаздар,қонақтар!Бүгін сіздер1 сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап,әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.Қош келдіңіздер дей отырып,мерекені бастайық.

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Ән: «Әліппе» орындалады.

Әділет: Еркесі едім атамның,

Еркесі едім апамның.

Толып биыл жетіге,

Мен оқушы атандым.

Наурызбек:Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Әліппемен қоштаспақ,

Ана тілмен достаспақ.

Саян: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Шықты міне сауатты боп балаңыз.

Мұғалім:Ендеше балалар,бізге білім беріп,әріптерді үйреткен сүйікті Әліппемізді шақырайық.

Бәрі бірге:Әліппе,келіңіз әліппе!

Әліппе:Армысыңдар жас достар!

Армысыздар қонақтар!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға!

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Мұғалім: Рахмет, хош келіпсіз әліппе.Енді балаларымыз қаншалықты оқып,үйреніпті білімін байқайық.Ортаға келіп отырыңыз.

Олай болса балалар мына сұраққа жауап берейкші.Осы біздер қандаймыз?

1-жүргізуші:Осы біздер қандаймыз?Талабы биік таудаймыз.

2-жүргізуші:Мың бұралған бишіміз.

1-жүргізуші:Күмбірлетер күйшіміз.

Бірге екеуі:Біз қызықпыз,қызықпыз.

Сәл еркелеу бұзықбыз.

1-жүргізуші:Біз шеберміз.

2-жүргізуші:Ақылдымыз.

1-жүргізуші:Үлкенге ізеттіміз,кішіге қамқормыз.

2-жүргізуші:Көп оқимыз.

Бірге екеуі:Қазақстан-Елтаңбасымен еңселі,Туымен тұғырлы,Әнұранымен айбатты.

Барлығы:Біз-қазақ елінің азаматымыз!

Ән:Отаным-Қазақстан. (Ұлдар тобы)

Мұғалім:Қане,балалар енді қонақтарымызға ,ата-аналарға Әліппені қалай оқитынымызды көрсетейік.(әліппені оқыту)

Мұғалім:Ретімен тізбелі,

Әрбір санды саналап.

Қайсың барсың бізге енді.

Айтып берер «санамақ».

1 оқушы:Бір дегенім-бесік,шықтым содан өсіп. Нұрай

2 оқушы:Екі дегенім-елім,далам,тауым,көлім. Ердаулет

3 оқушы:Үш дегенім-үміт үміт артар жігіт. Кәусар

4 оқушы:Төрт дегенім-төзім,төзе білем өзім. Дінмұхаммет

5 оқушы:Бес дегенім-бақыт,бағалайтын уақыт. Бекарыс

6 оқушы:Алты дегенім-ақыл,тыңдағаның мақұл. Тірек

7 оқушы:Жеті дегенім-жалау,жүректегі алау. Аида

8 оқушы:Сегіз дегенім-сөзің,серт беретін кезің. Диана

9 оқушы:Тоғыз дегенім-тоқтау,елдің жоғын жоқтау. Назерке

10 оқушы:Он дегенім-Отан,қорға соны ботам. Қарақат

«Санамақ» айтып тұрған оқушылар

Жалқаубек:-Ой балалар қараңдаршы,мыналар ненің суретін салып қойған?

Мұғалім:Жоқ,бұлар сурет емес,әріптер ғой.

Жалқаубек:-Әріп дейді!Ха-ха,ха!Қайдағы әріптер.Мынау немене ирек,ирек.Ал мына біреу ай ғой.Мәссаған,рогатканың суретін салып қойыпты.Бұларды мен әліппені оқымай ақ білемін.

Мұғалім:-ол не дегенің? Бұлар әріптер ғой.Қазір балалар өздерінің әр әріпке байланысты өлеңдерін оқиды.

«А»әрпі:Менің үшін жақсы адам, Алихан

Артық көрем басқадан,

Ата, апа сөздерін

Қайсы әріптен бастаған?

«В» әрпі:Вокзалда вагон-вагон «Волгалар» Диана

Вагон-вагон «Вольвалар»

Бастайды ол «таңды» да, Інжу

Бастайды ол «талды» да.

Келіп тұрған қай әріп,

«Тау» мен «тастың» алдында?

Таныстырар әріппен Ерасыл

Мынау кітап - Әліппең.

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен?

«Ғ»әрпі:Ғаламат ғажап ғасырда, Алмаз

Ғарыштадық ғаламға.

«Л» әрпі:Леген лай-лай, Арайлым

Лайықсыз лас.

Легенді лайықсыз,

Ластамаған лаж.

«Н» әрпі:Нағима нақышқа налыды, Ақмаржан

Неге налыды?

Негізінен настығына,

Намыстанып налыды.

«О» әрпі:Ойының осылғыр Ошақбай, Шыңғыс

Отпен ойнамай отыр.

Отпен ойнаған оңбайтынын,

Ойламай отыр.

«Р» әрпі: Қырларда құр,-деші Нұрдос

Жайылып жүр,- деші

Біреуі қарауыл

Қарап ақ тұр,-деші

Ал енді өзің ақ.

Р-р-р-р-деші.

Әріптер жырлайды

Ән: Қошақаным.

(Сахнаға төлдердің бетпердесін киген балалар шығады)

1 оқушы: Бұзау «М-ны», «Ө-ге» қосып Мырзахан

«Мө»,-дейді.

2 оқушы: Бота «Б-ны», «Ө-ге» қосып: Қарақат

«Бө»,- дейді

3 оқушы: Құлын «Е-ні» «е-ге» қосып: Абай

«Е-е»,-дейді

4 оқушы: Қозы «М-ны» «Ә-ге» қосып: Құдайберген

«Мә»,-дейді

5 оқушы: Ал мен «М-ны» «а-ға» қосып: Мерей

«Ма» -деймін,

«Ма-ны», «ма-ға» қосып:

«Мама!» -деймін.

Көрініс: «Әке мен бала»

Сахнада әкесі газет оқып отырады.Баласы сабақтан күнде екілік баға алады.Бір күні баласы есіктен жүгіріп келіп:

-Папа,папа мен бүгін бес алдым,-дейді.

-Қай сабақтан?

-Ана тілден-3 тік

-Дене сабағынан-2 лік

-Балам ау бұл жерде бес деген баға көріп тұрған жоқпын,алғаның 3-пен 2 не оттап тұрсың?-дейді.

-Ой папа 2 мен 3 ті қосқанда 5 болмай ма?Соны да білмейсің бе?

Би: Қыздар тобы.

Мұғалім:-Рахмет балалар,әріптердің қыр сырын жақсы ұғыпсыңдар.Ал,саған біздің оқушыларымыз меңгерген әліппе ұнай ма?(Жалқаубекке қарап айтады)

Жалқаубек:-Иә,мен енді тәртібімді түзеймін.Менің де оқығым келеді,менің де мына балалар сияқты әріптерді үйренгім келеді.

Әліппе:-Білімге құштарлардың бәрі менің досым.Сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніп,меңгеріпсіңдер.Осының бәрін үйреткен кім?

1-жүргізуші:Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Ән: «Мұғалім ол біздің»

Мұғалім: Рахмет,шәкірттерім,рахмет

Жеміске құты тола ма?Бір-бірлеп теріп алмасаң,

Әп-сәтте шыға қоя ма?

Еккен дәніңді ойласаң,

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа,

Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар әліппең.

-деп ақын М.Әлімбаев ағаларың жырлағандай,бұл білімнің бастамасы ғана.

Әліппе:-Балалар,сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер.Ризамын жас достарым!Енді сендер Ана тілі оқулығын оқисыңдар.Жақсы оқитындарыңа мен сенемін.Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Ақ жол болсын қарақтарым,

Кір шалмасын қабақтарың.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске толсын.

Қош, сау болыңыздар!Жас достар!

(Әліппе балалармен қоштасып шығып кетеді,Ана тілі кіреді)

Ана тілі:Қош,сүйікті Әліппе!

Сәлеметсіздер ме балалар!

Барлық оқушылар: Сәлеметсіз бе Ана тілі!

Ана тілі:Ана тілі пәнімін,

Ана тілің-ұраным.

Ана тілің-құралым,

Ана тілің болмаса,

Болмас еді Отаным.

Мен сендерді Ана тілін жақсы оқиды деп ойлаймын.

Ән: Шіркін сурет сабағы.

2 оқушы: Тілейміз біз бар әлемде,

Дос көп болсын жан ашыр.

3 оқушы: Ата-әже!Ата-ана!

Дос көп болсын жан ашыр.

4 оқушы:Тілейміз бар адамға,

Жаңа бақыт,жаңа нұр.

5 оқушы:Сүйікті ұстаз,достарым,

Құтты болсын тойларың!

Мектеп директоры,ата-аналарға сөз беру.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Мұғалім: Осымен біздің «Қош бол,құтты,әліппем» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Тыңдап,тамашалағандарыңыз үшін рахмет.

© 2010-2022