Классный час на тему Наурыз ( 7 - класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Ақсу ауданы Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының математика пәні мұғалімі

Рысбекова Бахыт Асқарқызы

Cабақтың тақырыбы: «Қош келдің, әз Наурыз!»

Бағалы:(жүргізуші) Уа, халайық - ағайын! Ұлыс оң болсын! Ертеден келе жатқан ізгілік пен мейірімділіктің береке мейрамы - Наурыз құтты болсын! Наурыз - ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан мұсылман халықтарының жыл басы мерекесі. Бұл күні барлық табиғат, жан-жануар қайта түлеп, жаңа тілек, жаңа армандар туады.

Сұңқар: (жүргізуші) Жаңа жыл басында адам баласы бір-біріне тек жақсылық, ақ ниет, ақ тілек тілейді. Бәрін жаңарта гөр, ақ мол болып, қазанымды асқа толтыр, малымды құтты қыл, басымды аман ет, жаңа несібе - ырыздық бере гөр, елдің іргесін аман ет! - деген ақ тілектермен мерекемізді бастайық.

(Құттықтау сөз: мектеп әкімшілігінен біреу, ата-аналар комитеті атынан біреу)

Бағалы: (жүргізуші) Ақ сақалды, аса таяқты Қыдыр бабаны қол соғып ортаға шақырайық.

Қыдыр баба: (Рахат)

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын! Әумин!!!

Бағалы: (жүргізуші) Ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін есігімізді ашып отыр.

Сұңқар: (жүргізуші) ­­Өткен жылға еш өкпеміз жоқ. Ендеше «өткенге - салауат, болашаққа - аманат» деген ата жолымен ескі жылды шығарып салайық.


Ескі жыл (қоян):

Мұрат:

Құрметті балалар! Мен сендермен 365 күнді бірге өткіздім. Мен сендерден қызығым мен қуанышымды аяған жоқпын. Сендер сабақты жақсы оқитын, үлгілі де тәртіпті оқушы болдыңдар. Мен сендерге сенемін. Келер жылды ренжітпей жақсы оқып, жақсы азамат болыңдар. Мен сендермен, қоштасамын. Қош-сау болыңдар!

Бағалы: (жүргізуші)

Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып,

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық,

Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын бастаған осы көшің

Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген халықтың несібесін - дегендей жаңа жылды ортаға шақырамыз.

Жаңа жыл (ұлу) Жандос Найманшал:

Амансыңдар ма, балалар,

Сәліметсіздер ме? Қадірлі қонақтар!

Наурыз құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!

Егеменді еліміз көркейе берсін!

Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!

Бағалы: (жүргізуші)Міне, ұлу жылы да келді. Төрлет, ұлу жыл! Қазақ елінің табылдырығынан бақ болып атта. Қазақ жеріне береке болып кір. Ұлу жылы баршаңызға бақыт сыйласын.

Сұңқар: (жүргізуші) Ұлу жылы елімізге тыныштық береке-бірлік, мол жақсылық әкелсін! Біздің мерекемізге Жиреншенің Қарашашы келе жатқан көрінеді. Қол соғып қарсы алайық.

Қарашаш (Бағалы): Сәлеметсіздер ме, барша халық

Наурыз мерекеліріңіз құтты болсын!


-Ау аталар, аналар!

Айналайын балалар!

Жеп ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім.

Тойға қазан түсірідім

Құйдым алтын табаққа

Құлшыныңдар тамаққа!

Бидай көже салғаным,

Бәрі де бар жарманың

Тойғаныңша ішіңдер,

Өкпелеме қалғаның

Көже - ұлттық асымыз,

Ішсін кәрі - жасымыз.

Ұлыстың ұлы күнінде

Аман болсын басымыз! (Көже ұсынады)

Сұңқар: (жүргізуші) Қарашаш, соңынан еріп келе жатқан қай бала?

Бағалы: А, ол ма?! Тазша бала, өзі де келіп қалды ғой.

Тазша бала (Жандос Серікхан): Туа салып атандым Тазша бала,

Мендей аңқау болмас-ау басқа бала

«Наурыз тойы өтеді» дегенді естіп,

Көк есекпен желтірттім жаста бала.

Сәлеметсіздер ме? Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бағалы: Қош келіпсің. Мына көпшілікке айтар өлеңің бар ма?

Жандос С:

Жүк артып инелікке ерте көштім,

Шүйкелеп сары майдан арқан естім.

Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Дегенде өлдім-талдым әрең шештім

Міндім де ақсақ қоңыз аяңдадым,

Болдыртып аяңымен қоян алдым.

Апырмай, сол қоянның семізін-ай,

Көтеріп қоңызма қоя алмадым!...


Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,

Ши оқпен мың құланда атып қырдым.

Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,

Ұялмай жүз тұсақтан сатып тұрдым...

Бағалы: (Тазша балаға көже құйып береді)

Жандос С: Қарашаш, көжең көп пе? Осылай қарай үш атты адам 100 шақты нөкерлерімен келе жатыр.

Бағалы: Олар кімдер болды екен?

Ә, олар үш бәйтерек қой?

Жандос С: Бәйтерегің не, айтып отырған

Бағалы: Сен үшін бәйтеректі білмеуші ме едің?

Олар ұлы жүздің Төле биі, орта жүздің Қазыбек биі, кіші жүздің Әйтеке биі. Жүр жақсылап қарсы алайық. (амандасады)

Төле би (Мұрат): Жасың ұзақ болсын!

Қазыбек би (Дарын): Жыл басымен, жаңа күнмен құттықтап амандасқаныңа рахмет.

Әйтеке би (Жандос Н): Наурыз күнгі дәстүрлі амандасудың ретін жақсы үйреніпсің.

Бағалы: Мына отырған көпшілікке айтар қандай өсиеттеріңіз бар

Мұрат: Ұлыс бақты болсын,

Дарын: Әр күніміз жақсы болсын,

Жандос Н: Білім - өнер серік болсын,

Достығымыз берік болсын

Бағалы: Төрелтіңіздер! Бізбен бірге наурыз мерекесін тамашалаңыздар!

Сұңқар: (жүргізуші) Қарашаш, мына көпшілікке бір ән салып берсем, қалай болады?

(Сұңқардың әні)

Сұңқар: (жүргізуші) Ой, бәрекелді. Ана жақта неткен шу? Жұртты дүрліктірген мынау кімдер болды?

Бағалы: О-О! «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дегендей мынау бір тамаша болды ғой. Мында келе жатқандар Қожанасыр мен Алдар көсе ғой. Наурыз тойымыз көңілді өтетін болды!


Жандос С:

Жоғары шықсын қонақтар,

Келіп тұрған алыстан

Жақсылықтың жеңісі үшін

Жан аямай алысқан

Сіздердің әділ істеріңіз

Ғасырлар бойы тынбайды

Аңыз, дастан жырлардан

Жастар оқып тыңдайды

Қожанасыр (Сұңқар): Ау, халайық. Алдар көсені көрдіңіздер ме? Мені алдап кетті! Қайда жүр екен ә? Қазір кездессе бәлем. Алдар, Алдар. Қайдасың. Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.

Алдар (Рахат): Ей Қожеке не болды, сонша айқайлап. Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.

Сұңқар: Әкел шапанымды, бер деймін шапанымды

Бағалы: (жүргізуші) Қойыңыздар ағалар, не болды сіздерге. Бүгін мейрам, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күн адамдар ренжіспейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып татуласады.

Рахат: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық. Ренжімеңіз.

Сұңқар: Татулассақ татуласайық. Тойға құтты болсын айтайық.

(Екеуі төс қағысып, татуласады)

Сұңқар:

Арайы бар даланың

Амансың ба жаңа нұр

Сәлем, халқым тірегім!

Сендер мен бір жүрегім!

Орындалсын ойларың

Құтты болсын тойларың!

Рахат:

Уа-Уа Сәлем. Наурыз күніміз

Мейман нарқым біліңіз

Қыруар істі бастаймыз

Қуанышты үніміз

Қайтқан емес талайым

Той болсын деп толайын

Алдарыңа кеп тұрмын,

Айналайын ағайын.

Бағалы: (жүргізуші)

Өзінің кім екенін танытатын

Бойына ұлттық киім жарасымды - ай

Қазақтың салт-дәстүрін дамытатын

Болсашы-ай балалардың бәрі осындай, Рахат , Мұрат, Жандос С, Жандос Н, Бағалы, Сұңқар, Дарын

Сұңқар: (жүргізуші)

Біреулер сынға түсер өнерімен

Біреулер жырға түсер өлеңімен

Не болса да айтады жүрегімен

Биді нағыз өнер деп білімін мен

Келесі кезекті сыныбымыздың бишілеріне береміз.

(«Қаражорға» биі)

Тойлаймыз, бәріміз бұл мерекені,

Толсыншы мол ырысқа төр, етегі.

Бастары түгелденіп қазағымның

Болса екен тату-тәтті берекелі - дей отырып тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.







© 2010-2022