КІШКЕНТАЙ АРУ 1-сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Кішкентай арулар» сайысы

Мақсаты: Кішкетай аруларымыздың бойына ұлттық салт, әдет-ғұрыптарды сіңіру,имандылық, ізгілік, сезімталдық әдептілік қасиеттерін қалыптастыру. Сұлулыққа, ақылдылыққа, тапқырлыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, тақырыптық суреттер,шарлар.

Түрі:сайыс

Өту барысы:

С.Тұрысбековтың "Көңіл толқыны" күйі ойнап отырады.

Жүргізуші: Армысыздар ардақты аналар,ақ жаулықты асыл әжелер,

Көктемнің гүліндей құлпырған қырмызы қыздар! Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық Әйелдер күні құтты болсын! Аналар мерекесіне арналған Кішкентай арулар атты

сайысымызды бастаймыз.

Сайысымыздың мақсаты: Кішкетай аруларымыздың бойына ұлттық салт, әдет-ғұрыптарды сіңіру,имандылық, ізгілік, сезімталдық әдептілік қасиеттерін қалыптастыру. Сұлулыққа, ақылдылыққа, тапқырлыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сайысымыз алты бөлімнен тұрады.

Сайыс шарттары:

1-бөлім "Мен қазақтың қызымын"(өзін таныстыру).

2-бөлім "Өнер алды-қызыл тіл"мақалдан жарыс 1-минутта мақалдар тауып айту (Отан, тіл, білім,ана т,б үйден мақалдар жаттап келу)

3-бөлім "Менің қолымнан бәрі келеді" (қолөнер бұйымын немесе анасымен бірге тамақ дайындап әкелу, оны қорғау).

4-бөлім "Білімді мыңды жығады.." ( сұрақтарға жауап беру).

5-бөлім "Әлди әуен әлемі" (өз өнерлерін ортаға салады ән,би немесе көркемсөз оқу )

6- бөлім "Тал бойына жарасар сәндік киім" (киім үлгісі)

Әділқазылар мүшесі таныстырылып, есепші сайланады.

Жүргізуші: Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық (киім киісі, өзін ұстауы, сәлем беруі).

"Қыз сыны"әні ойнап тұрады. Әрбір аруға өзім арнап шығарған өлең жолдарымды оқып, қыздарды ортаға шақырдым.

Білім құйған бойына,

Сақтап жүрер ойына.

Игерген бар білімді,

Шақырайық ортаға

Өтемісқызы Айгерімді

Аруларға біз бүгін тамсанайық,

Қыздар деп біз бүгін ән салайық.

Келе жатқан Ақболатқызы Әсемді

Құрметпен қол соғып, қарсы алайық!

Кішкене қыз үлбіреп,

Қос жанары мөлдіреп,

Келеде, әне Айнамыз

Білесіз бе, бүгін мен,

Қыз сынына келдім деп.

ару қызымыз Амангелдіқызы Айна.

Сабырлы біздің - Ажар қыз

Өн бойында бар талап,

Игерген бар білімді

Өнерінді төк енді.

Өнер жиған бойына,

Салтты сақтап бойына.

Шығады қазір ортаға

Саматқызы Еркеназ

Саматқызы Еркеназ

Алдында көп армандары,

Шығар биік белесі.

Төгеді бар өнерді,

Қарсы алайық,ендеше,

Русланқызы Қарақатты

ару қызымыз Русланқызы Қарақатты

.Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын,

Қыз сынына кеп қапты,

Раушандай батылым.

.Сөйлеген сөзі ақтандай,

Ағарып таң атқандай.

Қошеметпен,қарсы алайық,

Шығады Меруерт ақ мандай!

Жүргізуші:

Ақ тілеуі ата-ананың аялаған,

Баласын шапағаты саялаған,

Ежелден қыз өсірген қайран қазақ,

Ақ батасын арудан аямаған.

Ақ жаулықты ана қыздарға ақ батасын беріп, ақ жол тілейді.Тұмар тағу арқылы арулардың реттік нөмері анықталады.

1."Мен қазақ қызымын"өзін таныстыру.

Таныс болдық арулар тегіменен,

Туып-өскен мекені,еліменен,

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой тегі өлең.

2."Өнер алды-қызыл тіл"мақалдан жарыс (тіл , өнер, еңбек туралы).

Мақал-мәтел -сөз мәйегі,тілегі,

Әр сындарда асыл сөздің тірегі,

Қарапайым қазақ тілі, өз тілім,

Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

3."Он саусағы майысып".

Сегіз қырлы, бір сырлы,

Біздің қыздар өнерлі.

Саусақтары майысып,

Меңгеріп те алыпты,

Ою сынды өнермен,

Түйме қадау дегенді.

Қыздарымыз салмақты,

"Әке көрген -оқ жонар,

Шеше көрген тоң пішер",

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер.

Бірінші ою ояды, содан кейін түйме қадайды.

4. Білімді мыңды жығады

Жекжат кім,жұрағат кім,жамағат кім,

Көңіліне тоқып бәрін жүре ме екен?

Туысты қалай атау керектігін,

Қанекей,біздің қыздар біле ме екен?

Ару қыздарымыз қазақтың салт-дәстүріне байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.

5. "Әлди әуен әлемі"

Ал,кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп ,ал біреулер ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

6. "Тал бойына жарасар сәндік киім"(киім үлгілерін ұсынады).

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне өңі сай келіп тұрған,

Аруларға қызықып қарасасын.

Киім үлгілері ұсынады.А.Еңсеповтың "Балалық" күйі ойнап тұрады.

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,

Аруы деп мектептің жүрейікші!

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал,аруларға сәттілік тілейікш

Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріліп, аруларымыз бас жүлде 1, 2, 3 орындармен марапатталды.











© 2010-2022