Тәрбие сғаты: Мейірімділік асыл қасиет

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет.

Мақсаты: Мейірімділіктің адам мейірімділік қасиетінің ішкі мән-мағынасын саналы ұғынып, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Жабдықталуы; жүрекшенің үлгісі, плакат, сызба. Мейірімділік кестесі.

Барысы:Ұйымдастыру бөлімі:

Біз бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мейрімділік -асыл қасиет»Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

Мейрімділік дегеніміз не?

Жақсы қасиеттермен жаман қасиеттерді топқа бөліп жазайық.

Жақсы қасиеттер

Жаман қасиеттер

Қамқорлық

Жауыздық

Ақжүректілік

Қызғаншақ

Қайырымдылық

Жалқаулық

Ізгілік

Имансыздық

Мейірімділік

Мейірімсіздік

Адамшылдық

Залымдық

Жанашырлық

Талапсыздық

Тәрбие сғаты: Мейірімділік асыл қасиетқайырымдылық

Тәрбие сғаты: Мейірімділік асыл қасиетқамқорлық

МТәрбие сғаты: Мейірімділік асыл қасиетТәрбие сғаты: Мейірімділік асыл қасиетейірімділік бауырмалдылық

Имандылық

Көрініс; Сары тауық пен балапандары.

Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері.

1.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. Сары балапан өзінің аналық мейрімін қалай көрсете білді?

3. Ал сендер мейрімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйрендіңдер?

«Балапан биі»

Бір-бірімізге мейірім сыйлайық.

Қандай рақат!

Жүрейік достар, күнде өстіп.

Ренжу деген,

Ренжу деген-білместік.

Бауырларым-ау!

Бәріміз бірге күн кештік.

Арамызға біздің қай жақ келді күндестік!

Жүруші едік қой,

Мұңымыз бірге, арман да.

Армандап жүріп,

Келдік қой осы орманға.

Көзімізді ашып,

Қарайық атар таңдар атар.

Бауырластықтың жалауын біз де көтеріп,

Жарқын өмірден

Бір-бірімізге мейірім сыйлап өтейік!

(Мұқағали Мақатаев).


  • «Жер бетінде адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: еріншектік, надандық, залымдық». Ал залымдық жаман қасиет екенін білесіздер. Сондықтан ұлы Абай атамыз барлық адамзат баласын «асыл іс-рақым» деп мейірімді болуға шақырған.

Адамның мейірімділігі - бет әлпетінен, іс-әрекетіннен де көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ойы, мүдде-тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектесе, сол адамды демеп қамқорлық жасаса, шамасы келгенше кешірімді болса, табиғатты, құстарды, жан-жануарды аялай білсе, туған елге, туған жерге, өз Отанына сүйіспеншілікпен, зор құрмет сезіммен қарай білсе, сол адамда мейірімділік қасиет бар деп бағалаймыз.

Көрініс: «Қарт пен бала» әңгімесі.

«Мейірімді жүрек» ойыны.

Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады.

Жүректен жүрекке. Әр оқушы не мейірімді екенін тізбектеп айтады.

-күлімдеген күн мейірімді

-кіршіксіз ақ қара мейірімді

-таза мөлдір су мейірімді

-бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді

-аяулы анам мейірімді

- қадірлі кем мейірімді

-әлпештеген әжем мейірімді

-еркелеткен атам мейірімді

-жылы жүзді ұстазым мейірімді

-тату - тәтті ұстазым мейірімді

-әрқашан жүрегіміз мейірімділікке толы болсын!


Үшағаш негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Тақырыбы:

Тәрбие сғаты: Мейірімділік асыл қасиет

Дайындаған: 6-сынып жетекшісі

Губайдуллина Назипа Нуртаевна





Оқу жылы 2015 - 2016

© 2010-2022