Тәрбие сағат Тіл мерейі - ел мерейі (4-сынып)

Тәрбие сағат "Тіл мерейі - ел мерейі". Бұл тәрбие сағат 4-сыныптарда өткізілген. Оқушылар өлеңдер жаттап, ән айтып, мақал-мәтелдер айтып  өз өнерін көрсеткен. Қазақ ұлттық биі "Қара жорғаны" керемет орындаған.Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт- дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру Ана тілін, халқын, мемлекеттік тілді қастерлеуге баулу, оны жан-жақты білуге тәрбиелеу;Қазақ ті...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия






Тәрбие сағат Тіл мерейі - ел мерейі (4-сынып)


Тақырыбы:

«Тіл мерейі - ел мерейі»



Өткізген: Қазақ тілі пән мұғалімі:

Сайдахметова Д.Х



Шымкент 2014

Тәрбие сағат тақырыбы: «Тіл мерейі - ел мерейі» .

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт- дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру

Тәрбиелік: Ана тілін, халқын, мемлекеттік тілді қастерлеуге баулу, оны жан-жақты білуге тәрбиелеу; Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, шет тілін, яғни, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Достық пен бірлікті дәріптеу.

Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, «Тіл мерейі, ел мерейі» жазуы, шарлар, Мемлекеттік рәміздер, нақыл сөздер.

Қатысушылар: 4-Д сынып оқушылары

Өтетін жері: 208-кабинет

Ашық тәрбие сағаттың барысы:

Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қымбатты оқушылар! 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы - туған тілі болып саналады.

Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар Тіл мерекесіне арналған «Тіл мерейі -ел мерейі » атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

І - жүргізуші: Сәлем, Лера!

ІІ - жүргізуші: Сәлем, Шохан, жағдайың қалай?

І - жүргізуші: Рахмет, жақсы. Лера, бүгін мүғалімдер мен оқушылар осы жерге неге жиналып отырғанын білесің бе?

ІІ - жүргізуші: Я знаю, для чего собрались здесь гости и учащиеся. Мы все собрались для того, чтобы отметить «День языков народов Казахстана»

Тәрбие сағат Тіл мерейі - ел мерейі (4-сынып)

І - жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған тәрбие сағатты ашық деп жариялаймыз!

ІІ - жүргізуші: Здравствуйте, уважаемые учителя и ученики! разрешите начать наш классный час посвященный этому празднику!

І - жүргізуші:

Бұл жанды тіл - менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры - қуат, сөзі - ана уызындай,

Бірге: Жасай бер, Ана тілім - Қазақ тілім!

ІІ - жүргізуші:

Родной язык, святой язык,

Отца и матери язык!

Как ты прекрасен! Целый мир

В твоем богатстве я постиг

І - жүргізуші:

Балалар, біздің Қазақстанда қанша ұлт өкілдері бар?

Наржан: Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы - туған тілі болып саналады.

ІІ- жүргізуші:

Қазақстан - біздің үлкен достық үйіміз, ал №1мектеп-гимназия біздің - білім үйіміз. Мұнда әр -түрлі ұлт өкілдері білім алып жатыр. Бүгін 4-Д сынып оқушылары бізге өз өнерлерін көрсетіп, мерекемен құттықтайды.

Әнұран орындау.

Тәрбие сағат Тіл мерейі - ел мерейі (4-сынып)

І - жүргізуші: Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

ІІ - жүргізуші: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

І - жүргізуші: Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ - жүргізуші: Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

І - жүргізуші:

Әрі ойлап, бері ойлап, балаларға сұрақ қойғым келіп отыр: «Осы тіл не үшін керек?»

Жанел: Тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет. «Тіл қарым-қатынас құралы» деген еді ғой апайымыз.

ІІ - жүргізуші:

Жарайды, тіл қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір-ақ тілде сөйлеп түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

Мейірхан: Әлемде әрбір адамның өз анасы болғаны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар.

І - жүргізуші:

Дұрыс! Балалар, ана тілі дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тілғой. Балалар, «Тіл туралы заң» қашан қабылданды?

Адина:

1995 жылы 30-тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал 1997 жылы 11-шілдеде «Тіл туралы заң қабылданып, оның 4-бабында» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі» екені бекітілді.

ІІ- жүргізуші:

Біздің оқушылар орыс және қазақ тілін жақсы меңгерген. Әсіресе қос тілде өлеңдер мен мақал-мәтелдер жетік. Енді оқушыларымыз өзінің өлеңдерін айтсын.

Камила:

Ана тілім - бала шағым өркенім,

Ана тілім - болашағым, ертеңім,

Ана тілім - сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.

Наржан:

Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

Александр:

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.

Тахир:

Қазақ тілі - туын биік ұстаған

Қазақ тілі - кең далама ұқсаған.

Қазақ тілі - мәртебелі, еңселі

Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

Адина:

Тілсіз келген білімнің

Түбі нағыз қиғылық,

Көсегесін тілімнің

Көтеремін ту қылып

Дастан:

Ақын көзі жұмылмас,

Жырдың көзі жұмылмай

Елддің туы жығылмас,

Тілдің туы жығылмай

І - жүргізуші:

Қазақ халқының Тамаша биі «Қара жорға». Биші қыздарымыз: Камила, Адина, Жанел, Талжан және жігіттерден Арман. Ортаға шақырамыз.

Тәрбие сағат Тіл мерейі - ел мерейі (4-сынып)

ІІ- жүргізуші:

Балалар, тіл туралы қандай мақалдар-мәтелдер білеміз?

Арсен:

Өнер алды қызыл тіл.

Талжан:

Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.

Анеля:

Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.

Виктория:

Тіл қылыштан өткір.

Рафаэль:

Басқа бәле тілден.

Тоғжан:

Халықтың қуаты- тілдің қуаты

Махаммат:

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді ұмытпа.

Арман:

Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.

Нұрдаулет:

Тіл - адам ойының айнасы

Шохан:

Таза сөйлеу - биік мәдениеттілік

Атамекен әнін орындау.

Тәрбие сағат Тіл мерейі - ел мерейі (4-сынып)

Мұғалім:

Ойын. Тәтті тапқырлар. Кәмпиттерге сұрақтар жазылған. Сұрақтарға оқушылар жауап береді.

  1. Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз)

  2. Қазастанның Елбасы кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  3. Қазақстанның астанасы? (Астана)

  4. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін атаңыз.(Ту, Елтаңба, Әнұран)

  5. Отан туралы мақал айтыңыз. (Отан - оттан да ыстық)

  6. Елбасымыз Қандай үш тілді білу керек деген? (Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі)

  7. Қазақ халқының Ұлттық тағамдарын атаңыз. (Бесбармақ, бауырсақ, наурыз көже, құрт, қымыз, шұбат...)

  8. Қазақ Тілі қандай тіл?(мемлекеттік)

  9. 22-қыркүйек қандай мереке?(Тілдер)

  10. Елтаңбада нелер бейнеленген?(Шаңырақ, Қанатты тұлпар, Бес бұрышты жұлдыз)

Тәрбие сағат Тіл мерейі - ел мерейі (4-сынып)

Мұғалім:

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.


© 2010-2022