Мұхтар Мағауин

Мұхтар Мағауин Бір  атаның балалары (үзінді) (  Жұрт дабырлап ,шулап жүр)   Басқарма : Ал,ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелемін деп кеттім. Ақыры былай болды. Барған жерім алыс,мен барғанша ересек балаларды бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп  отырған ешкім жоқ,түгел кем-кетікпіз. ( Жұрт тағы  шулай кетті)  Басқарма : Сабыр,ағайын ,сабыр. Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Мүмкін, үкімет әлі де   жіберер,сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен  бөлем. Ай,бәйбіше! Тамағын ішіп болса , балаларды  алып шық. Бәйбіше: Қазар, ақсақал,қазір. Басқарма :Ал, былайырақ тұрыңдар,балаларға орын беріңдер. Бәйбіше: Жүріңдер, айналайындар,бері жүріндер. Автор- Аппақ қаздың бауырынан тұрған сары үрпек балапандай,сап-сары шашты  сап-сары бала көрінді. Жұрттың дабыры  пышақ кескендей тыйылды.  Артынша бірінің соңынан бірі тізіліп, қара шашты, жирен шашты балалар өріп  шыға бастады. Олардың бәрі  есік алдында  ұйлығып қалды.  Басқарма : Өй, қалқабастар , қорықпаңдар. Бері жүріңдер. (екі қолын кеудесіне айқастырып, алдыңғы қатарда сірісіп тұрған қара галифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігітке қарап)  - Ал Дәуренбек , дүкіметіңді оқы, балалардың мән-жайын айт. Дәуренбек: Басеке дұрыс айтады, баланың саны алтау. Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар! Стройдың басында тұрған  екеу- қазақ балалары , үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы   Нартай, анаусы Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы – татар баласы ,аты Рашит, жетіде. Көзі сығырайған  жалпақ бет, тақырбас қара –әйел бала қалмақ, я дүнген, жасы алтыда .Қасындағысының аты –Яков, тоғызда ,қолағаштай мұрнына қарағанда  жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған;қайдан кеп,қайдан тұрғаны белгісіз... Басқарма: Сөз дейтін  не сөз бар. Осы ауылдан соғысқа 43 азамат кетіп еді.Оралғаны екеу-ақ. Жиырма төртіне  қара қағаз алдық. Хабарсызы қаншама. Мен бөлмеймін, өздерің  таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш-өкпе болмасын. Ақа! Жол сіздікі. (Ахмет шал балалардың алдына барып  қайсысын алсам  екен деп  ойланғандай. Жетімдерді жағалай шолып шықты да, ең баста тұрған қазақ балаларының қасына келді. Екеуі біріне-бірі тығыла құшақтасып тұрған. Қолдарынан тартып еді, айырылмады.Ахаң тізесін бүгіп,екуін бірдей бауырына басты. Кезек-кезек маңдайларынан сүйді.Содан соң орнынан көтеріліп, балаларды жағалай сипап өтті де, ең шетте тұрған   неміс баласының қолынан ұстады) Ахмет шал  : Мен осы мықтының өзін  қаладым. Басқарма : Еркіңіз білсін . Ахан Дәуренбекке қарап : Баланың аты кім? Дәуренбек :  Зигфрид  Вольфганг  Вагнер Ахмет  шал : Зепри Болыпкен ... Қалай? Қалай? Дәуренбек : Зигфрид Вольфганг Вагнер . Ахмет шал : Болыпты, жақсы ат екен. Айналайын , жүр  үйге кеттік .Апаң күтіп отыр... Автор: Ертеңіне таңертең  неміс баласы  Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды. Көп ұзамай Зигфрид  балалар республикасының тең праволы, хан сайлауға,«Айгөлек» ойнауға, алысуға, күресуге толық хақысы бар қатардағы азаматы болып шықты .   Рольдерді орындағандар : Басқарма :  Алтынбек Әлілжан –  8 сынып Бәйбіше : Кравцова Лариса -11 сынып Автор : Лейс Анастасия - 8 сынып  Дәуренбек :  Мұратов Әділхан – 8сынып Ахмет шал : Бейсенов Әділет- 9 сынып
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұхтар Мағауин

Бір атаның балалары (үзінді)

( Жұрт дабырлап ,шулап жүр)

Басқарма : Ал,ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелемін деп кеттім. Ақыры былай болды. Барған жерім алыс,мен барғанша ересек балаларды бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ,түгел кем-кетікпіз.

( Жұрт тағы шулай кетті)

Басқарма : Сабыр,ағайын ,сабыр. Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер,сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай,бәйбіше! Тамағын ішіп болса , балаларды алып шық.

Бәйбіше: Қазар, ақсақал,қазір.

Басқарма :Ал, былайырақ тұрыңдар,балаларға орын беріңдер.

Бәйбіше: Жүріңдер, айналайындар,бері жүріндер.

Автор- Аппақ қаздың бауырынан тұрған сары үрпек балапандай,сап-сары шашты сап-сары бала көрінді. Жұрттың дабыры пышақ кескендей тыйылды. Артынша бірінің соңынан бірі тізіліп, қара шашты, жирен шашты балалар өріп шыға бастады. Олардың бәрі есік алдында ұйлығып қалды.

Басқарма : Өй, қалқабастар , қорықпаңдар. Бері жүріңдер. (екі қолын кеудесіне айқастырып, алдыңғы қатарда сірісіп тұрған қара галифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігітке қарап)

- Ал Дәуренбек , дүкіметіңді оқы, балалардың мән-жайын айт.

Дәуренбек: Басеке дұрыс айтады, баланың саны алтау. Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар! Стройдың басында тұрған екеу- қазақ балалары , үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы Нартай, анаусы Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы - татар баласы ,аты Рашит, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара -әйел бала қалмақ, я дүнген, жасы алтыда .Қасындағысының аты -Яков, тоғызда ,қолағаштай мұрнына қарағанда жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған;қайдан кеп,қайдан тұрғаны белгісіз, әрі мылқау .Ең соңындағы -жаңа алдымен шыққан қасқа ,жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман - неміс. Бұл баланың орны детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз қалған соң алынған екен. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар. Мен бәрін де айттым . Сұрақтарың бар ма ? Басеке сөз өзіңіздікі.

Басқарма: Сөз дейтін не сөз бар. Осы ауылдан соғысқа 43 азамат кетіп еді.Оралғаны екеу-ақ. Жиырма төртіне қара қағаз алдық. Хабарсызы қаншама. Мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш-өкпе болмасын. Ақа! Жол сіздікі.

(Ахмет шал балалардың алдына барып қайсысын алсам екен деп ойланғандай. Жетімдерді жағалай шолып шықты да, ең баста тұрған қазақ балаларының қасына келді. Екеуі біріне-бірі тығыла құшақтасып тұрған. Қолдарынан тартып еді, айырылмады.Ахаң тізесін бүгіп,екуін бірдей бауырына басты. Кезек-кезек маңдайларынан сүйді.Содан соң орнынан көтеріліп, балаларды жағалай сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады)

Ахмет шал : Мен осы мықтының өзін қаладым.

Басқарма : Еркіңіз білсін .

Ахан Дәуренбекке қарап : Баланың аты кім?

Дәуренбек : Зигфрид Вольфганг Вагнер

Ахмет шал : Зепри Болыпкен ... Қалай? Қалай?

Дәуренбек : Зигфрид Вольфганг Вагнер .

Ахмет шал : Болыпты, жақсы ат екен. Айналайын , жүр үйге кеттік .Апаң күтіп отыр...

Автор: Ертеңіне таңертең неміс баласы Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды. Көп ұзамай Зигфрид балалар республикасының тең праволы, хан сайлауға,«Айгөлек» ойнауға, алысуға, күресуге толық хақысы бар қатардағы азаматы болып шықты .

Рольдерді орындағандар :

Басқарма : Алтынбек Әлілжан - 8 сынып

Бәйбіше : Кравцова Лариса -11 сынып

Автор : Лейс Анастасия - 8 сынып

Дәуренбек : Мұратов Әділхан - 8сынып

Ахмет шал : Бейсенов Әділет- 9 сынып



© 2010-2022