Ұлы Жеңіске 70 жыл сынып сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты 6«А»-сынып 4.05.2015ж. Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

І жүргізуші:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн - деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашистері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықпен бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.

(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).

Немересі:
- Аттан! - деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі:
- (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.

Әжесі:
- Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келін-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.

Келін:
- (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

Деректі фильм

Ұлы Жеңіске 70 жыл сынып сағатыҰлы Жеңіске 70 жыл сынып сағаты

І жүргізуші: Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

IІ жүргізуші: Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

Монтаж: Бауыржан:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген - Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген - соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.

Айжан: Қиылды
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн ана үшін -
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте -
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.

Арайлым:
Жабады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.

Назира:
Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қан шапшып, қауызынан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

Ерлан:
Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Хор

1 жүргізуші: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 - атқыштар полкі 4 - ротасының 2 - взводы тұрған бекініске жаудың 30 - танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

2 жүргізуші: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағнеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын, жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын!

Бауыржан: Құп болады, жолдас генерал!

І жүргізуші: Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

IІ жүргізуші: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

Таир:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр ел үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар.

Ән «Әлия»

І жүргізуші: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

І жүргізуші: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен - Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр - Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

IІ жүргізуші: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне - 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге де - 70 жыл.

70 жыл - бейбір көктем таңы атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл - жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән «Ақ көгершін»

Қазақ биі

Шашу шашылады.

І жүргізуші:
Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным - қазақ елім.

IІ жүргізуші:
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

Ән: «Қазақстаным»



© 2010-2022