Өткенді пысықтау (Зат есім) 2-сынып

Сабақтың тақырыбы :Өткенді пысықтау  (Зат есім)  2- сыныпСабақтың  мақсаты :  Білімділік :  Зат  есім  туралы  алған  білімдерін   пысықтау. Зат  есімнің   сөйлемде   атқаратын   қызметін   меңгерту.Дамытушылық:  Сөйлем   ішінде   зат есімді   тауып   оған  сұрақ   қоя   білуге, сауатты, көркем   жазуға   үйрету. Ойлау  қабілетін   дамыту, сөйлем  құрап   жазуға   қалыптастыру.Тәрбиелік:  Оқушыларды   имандылыққа, үлкенге   құрмет, кішіге   ізет  көрсете  білуге  тәрбиелеу.Сабақтыңтүрі : АраласС...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы :Өткенді пысықтау (Зат есім) 2- сынып

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімнің сөйлемде атқаратын қызметін меңгерту.

Дамытушылық: Сөйлем ішінде зат есімді тауып оған сұрақ қоя білуге, сауатты, көркем жазуға үйрету. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлем құрап жазуға қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас

Сабақтың байланысы : Ана тілі, дүниетану

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, эссе жазу.

Көрнекілігі: Мультив. тақта, кесте, үлестірмелі қағаздар

Психологиялық кезең

Үлкенге сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

- Балалар қазір қай сабақ ?

- Қазақ тілі

- Сабаққа дайынбыз ба?

- Иә

- Үйге қандай тапсырма берілді?

5- жаттығу

Оқушыларды топқа бөлу: I- топ Алғырлар

II-топ Білімділер

III-топ Тапқырлар

Тапсырмалар:

I тапсырма: Әр топқа конверт таратылады, ішіндегі суреттердің атын атап, бір сөзбен оларды қалай атайды.

II тапсырма: Топтарға үлестірмелі қағаздар беріледі. Сөйлемді көшіріп жазып, жалқы есімді тауып астын сыз.

III тапсырма: Зат есімнің көпше түрін жаздыру, қандай зат есім екенін, қалай жасалғанын сұрау.

IV Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызды табайық.

V тапсырма: Үш топқа да сурет бойынша әңгіме құрастыру

Өздік жұмыс:

VI Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз

...тұрды.

... соқты.

... жүзді.

... ұшты.

... басты.

Керекті сөздер: кеме, шағала, толқын, дауыл, бұлт.

VIIІ Қорытынды

І топ Зат есімді топтастыру

ІІ топ Етістікті топтастыру

ІІІ топ Сын есімді топтастыру

Үйге тапсырма : 5 - жаттығу

Бағалау



© 2010-2022