Эссе Ұстаз салған сара жол

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жай мұғалім хабарлайды

Жақсы мұғалім түсіндіреді

Керемет мұғалім көрсетеді

Ұлы мұғалім шабыттандырады»

(Уильян Уорд)

«Ұстаз салған сара жол»

Мұғалімнің кәсіби шеберлігін зерделеу барысында «жақсы мұғалім-жай ғана өз пәнін жақсы білетін және өз білімін жас ұрпаққа бере алатын тұлға» деген пікірмен келіспеймін. Ұстаз - киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын шаруа. Бірақ біз біліммен қоса оқушы бойына тәрбиені де дарыта білуіміз керек. Осы орайда ұлы ойшыл әл- Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген дана сөзі есіме түседі. Бала алған білімін жақсыға да, жаманға да жұмсауы мүмкін. Ол білім тәрбиемен астасып жатса - ұстаздың нағыз еңбегі дер едім. Бүгінгі жас ұрпақ - елдің ертеңгі тізгінін ұстар иесі екенін бәріміз білеміз.Сондықтан да мектеп табалдырығын аттаған әрбір балғын жасқа сапалы білім, саналы тәрбие беруге ұстаздар қауымы қашанда мүдделі.

Айналасына білім - тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға - ұстаз. Ұстаздық - ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Бoлашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.Менің өмірдегі ұстанатын қағидам: «Оқушының бойына шынайы білім - білік дағдыларын дарытып, зерделеріне ғылым негіздерін тоқып, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету»

Нағыз ұстаздың құндылығы - шәкіртін сүю. Алдында отырған бүлдіршінді жақсы көрмеген адам оған зейінді білім беруі екіталай. Әрине, сынып біреу болғанымен онда отырған шәкірттер әртүрлі отбасының мүшелері. Біреуі ерке болса, енді бірі ұялшақ, бірі өжет. Сол әр оқушының ерекше қасиеттерін байқау ұстазға сын. Бастауыш сыныпқа әрбір үйдің әлпештеген періштесі келеді. Олармен жұмыс жасау барысында ұстаздың ұстамды, білікті, мейірімді болуы шарт.

Білім саласында жұмыс істеген соң, әр таңымыз ізденіс пен талпыныста өту керек сынды. Осы мақсатқа менің де арманым ұштасса керек. Таңдағаным ұстаз болу, болашақ ұлтжанды ер - азамат тәрбиелеп өсіру болғандықтан заман ағымынан қалып қоймай, алдымдағы оқушылардың қараңғы болып қалмауы үшін мен де көш желісінен қалыспау керекпін.

Шәкірттерімізге жақсы білім беру үшін, біз олар үшін ең мықты мұғалім, үлгі тұтар адам, дана болу үшін өмір бойы оқу керекпіз. Халық: «Оқу - инемен құдық қазғандай» - дейді. Шынымен де, мұғалімдер жыл сайын өзінің білімін жетілдіру үшін оқуға барады. Биыл мен де Англия, Кембридж университетінің мамандары өткізген іс-тәжірибиесі бойынша 3 айлық курсты тәмәмдап, сертификатталдым. Бұл курс жөнінде алғаш естіген кезімде бойымды қорқыныш сезімі аулап кетті. Ойымда «Қалай оқимын?», «Не оқимын?» деген сұрақтар бойымды жаулап алды. Бірақ алғашқы күннен бастап өз-өзімді реттей бастадым. Оқушыларым үшін ең білімді,ең қызықты, үлгілі болу үшін мен бұны оқып шығуға міндеттімін деген мақсат қойдым.

Мұғалім болу бала кезден арманым еді. Сол арманыма қол жеткізіп бұл күнде мектеп қабырғасында еңбек етіп жүргеніме алты жылдан асты. Бала жанын түсіну,оған өміріне қажет білім беру,саналы азамат етіп тәрбиелеу әрбір ұстаздың қоғам алдындағы жауапкершілігі деп білемін. Өзге ұлт өкілдері балаларын мемлекеттік тілге үйретуде кездескен қиыншылықтарды қалай жеңсем, сабақты қалай тиімді өткізсем деген ойлар көп мазалағандықтан біліктілік курстарына жиі қатысамын. Жаңа қоғамға жаңашыл ұстаз тәрбиелеу мақсатында жаңа міндеттерді жүзеге асырып жатқан бұл үш айлық курстан үйренгенім көп. Сергіту сәттерінен топқа бөлу, тағы түрлі топқа бөлу әдістері түрленіп өткізілді.Әр күн сайын жаңа топпен жұмыс жасағанда әріптестерімді жақыннан танып, күнде жаңа идеяларға куә болдым.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп бекер айтпаған. Білім сапасын арттырудың кілті ұстаздар қолында десек, оның білімін жетілдіру қазіргі таңда ұйымдастырып жатқан түрлі деңгейдегі курыстың міндетіне жүктелген.

Мен өзімнің алған білімімді мектебімде жалғастырудамын. Тәжірибеде қолдану, әрине бұл жұмыс оңай болмады, бірақ мен талмай - тынбай еңбек етудемін.

Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу - білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып - тәрбиелейтін мұғалім - шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болуы қажет. Мен үшін ең маңыздысы жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Сол себептті жаңа заманның талабына сай қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалақ үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагоикалық өзгерістерге тез төсілетін;

  • жаңаша ойлау жүйесін тез меңгеретін;

  • оқушылармен тез тіл табыса алатын;

  • дарынды оқушының шығармашылық бағытын дамытып, дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап шешім қабылдауға ықпал ететін, мұғалім болу керек.

Қиындығы мен қызығы мол осы курсқа қатысқаныма еш өкінбеймін. Тәжірибем шыңдалып, білім жолына басқа көзқараспен қарай бастадым. Жаңа технологияны күнделікті сабақта пайдалану өз нәтижесін берді. Оқушы үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен жұмыс жүргізді. Бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғам қайраткері, болашақтың жарқын болуы үшін аянбай еңбек ету менің басты парызым деп білемін.

Павлодар облысы,Ақтоғай ауданы, Балтасап ауылы (140205)

8(71841) 41-4-16

«Балтасап негізгі мектебі»

КММ-нің ағылшын тіліпәнінің мүғалімі

Малгаждарова Жадыра Муратовна (26 жас)





.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отырады. Осындай ұлағатты сөздерді басшылыққа

Үш ай көлемінде қаншама ұстаз тәжірибе алмасып, ой бөлісіп, қаншама жұмыс атқарып тастадық. Қиындығы мен қызығы мол осы курсқа қатысқаныма еш өкінбеймін. Тәжірибем шыңдалып, білім жолына басқа көзқараспен қарай бастадым. Алдағы уақытта жаңаша үйренген тәсіліммен сабақ өткіземін деген ойдамын. Жаңа технологияны күнделікті сабақта пайдалану өз нәтижесін берді. Оқушы үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен жұмыс жүргізді. Бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғам қайраткері, болашақтың жарқын болуы үшін аянбай еңбек ету менің басты парызым деп білемін.

Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі, - демекші мектепте шәкіртке білім беретін ұстаз еңбегінің өлшеуі жоқ. Қазіргі білім беру жүйесінің міндеті - оқушыларды бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетін байланыстыра адами құндылықтарды, қайырымдылықты, ата - анаға, Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті оята отырып, білімді еңбекқор бәсекеге бейімделген жеке тұлға тәрбиелеу.

.

Ұстаз еңбегі- оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Бұл курсты оқығанымда ұстаз бойында мына қасиеттер болу керек екенін түсіндім:

-мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білу;

-мұғалім ой- өрісі кең, жан- жақты білімдар, өз мамандығының шебері болу керек;

-мұғалім үздіксіз өз білімін өз бетінше шындай түсуі қажет;

Ал шәкірттен күтетініміз:

-оқушы ой- жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;

-сабаққа деген құлшыныс тұрақты болуы; өз-өзіне сенімді болу;

-білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болуы;

-білімнің тереңдігі пәнаралық байланысыты болуы;

Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сондықтан осы қасиеттерді алдағы практикамда жүзеге асыра алатыныма үміттенемін.

«Жай мұғалім хабарлайды

Жақсы мұғалім түсіндіреді

Керемет мұғалім көрсетеді

Ұлы мұғалім шабыттандырады»

Уильян Уорд



© 2010-2022