Жалын жылдар жадымызда жаңғырады

Ұлы Отан соғысы алғашқы күндерден бастап – ақ халықаралық азат етуші соғыс ретінде маңыз алды. Биыл , ұлы жеңістің 60 жылдығын тойлағалы отырмыз. Жеңіс...иа оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттар, сағаттар сарылы күтті емес пе, ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Араға жылдар салып сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ соғыс салған зардап жо... Сарбаз киімін киіп қандай қиындықты бастан кешпесін ешбір ауырпалық алған бағыттарынан қайтара алмады. Ал соғыс – ол қасірет. Басқа төнген қасіреттен олардың көбі қайтып оралмады, қайта оралғандарды соғыстан кейінгі  өмірдің қызығы жан рахатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі, міне қарасаң саусақпен санарлықтай болып қалған олардың әрқайсысы бір – бір кітап жазуға тұрарлықтай лайықты жандар. 1941 ж 22 маусымда  таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз а...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалын жылдар жадымызда жаңғырады

Ұлы Отан соғысы алғашқы күндерден бастап - ақ халықаралық азат етуші соғыс ретінде маңыз алды. Биыл , ұлы жеңістің 60 жылдығын тойлағалы отырмыз. Жеңіс...иа оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттар, сағаттар сарылы күтті емес пе, ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Араға жылдар салып сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды. Сондықтанда мұны,Ұлы Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандарға мына тап осы сөздер секілді кешегі гүлдей құлпырған жап - жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін отан үшін отқа салып,бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан үшін қолдарына қару алып,сапқа тұрды.

Сарбаз киімін киіп қандай қиындықты бастан кешпесін ешбір ауырпалық алған бағыттарынан қайтара алмады. Ал соғыс - ол қасірет. Басқа төнген қасіреттен олардың көбі қайтып оралмады, қайта оралғандарды соғыстан кейінгі өмірдің қызығы жан рахатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі, міне қарасаң саусақпен санарлықтай болып қалған олардың әрқайсысы бір - бір кітап жазуға тұрарлықтай лайықты жандар. 1941 ж 22 маусымда таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын қыстау кезде душар болды. Фашист Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырдан соғыс бастады.

Бірақ жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жанаямай шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып, жесір бала әкесінен анасынан айырылып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерьінде қаншама ана мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоң тынбай жұмыс істеді.

Бірақ ешкімнің сағы сынбады жігері тасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдері тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңіс сағатын жақындата түсті.

«Жеңіс» деген сөз бұл күндері жауынгерлер мен командирлердің аузында жүрді. Қайсысы қайда барсада «жеңіс,жеңіс» деген ұлы сөзді естумен болды.

Сонымен, сөзсіз болатын оқиға жүзеге асты. Фашистік Германия тізе бүкті. Москва мен Сталинград түбінде басталған қияс - кескі шайқас осында, Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен орындап, Европаның көптеген халықтарына бостандық әперді. Бұл - халқымыздың өмір шындығы әбден дәлелденген және сол халықтың атынан айтылған асқақ та, ақиқат сөздер:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары ,

Жігер мен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы имен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Қасиетті Маңғыстау топырағы қай заманда да ат тұяғынның дүбірінен , атай салған аласапыран кезеңдерден кендк қалып көрен жоқ. Кезінде жеті жұрт келіп жайлаған бұл өмірдің ұландары тәтті ұйқысынан үй сыртынан аттандырған ащы айқаймен ашып, аттың жолы, барымта - қарымтамен бұғана бекітті. Ел мен жер намысын қорған есейді. Бейбітшілік туы желбіреді. Азып - тозған ел еңсесін көтерді. Оның ұлы жеңіс деп аталуы да тегін емес. Баренц теңізінен қара теңізге дейінгі аралықты майдан шебінде Қазақстандықтар да шайқасты. Оның ішінде М.Сүйеубаев, А.Имангалиев, Ш.Сисембаев, Ш.Божанов, П.И.Кольавах, В.Г.Козовский секілді Маңғыстаулықтар да болды. Жау тылында қалғандарды партизан қоғалысына белсенділікпен қатысты.

Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 14 жыл және Ұлы Жеңіске 60 жыл толды. Қазіргі таңда біздің облысымызда жасы 80 - нен асқан 246 соғыс ардагері бар. Бұларда , басқалар да майданнан аман - есен оралып облысымыздың өнеркәсәбә мен арманның өркендеуіне аянбай атсалысты. Атап өтер болсақ, олар: Бекбауов, Жарылғапов, Есеуов, Х.Қозбақов(Бейнеу ауданы),Т.Сұлтанов.

Біздің ата - бабамыз қай уақытта да өз жұмысын, өз отанын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған қандай да қиындыққа төзген, мойымаған. Өзіміздің Бейнеу ауданының ортасында бейбітшілік алаңында осындай ескетке қоса , оттан оралғандардың тізімі жазылған монумент тұр. Олардың қатары күннен күнге сиреп барады. Жеңістің 55 жылдығына аудан бойынша 56 Ұлы ОТан соғысының ардагері болған болса, бүгінгі олардың саны 28 ғана. Көбінің жүріп - тұруы қиындаған. Маңғыстау ер жүрек ұландарының есімдері де Ұлы Отан соғысының тарихынан лайықты орын алып отырғанын айту керек. Кеңес Одағының батырлары Мәди Бегенов пен Жұмағали Қалдықараевты жауынгерлік «Даңқ» орденінің толық иелері Кемер Оңғалбаев пен Павел Малаев , Ленин орденімен награтталған Исатай Сүйеубаевті жерлестері ерен мақтаныш етеді. Қасиетті Маңғыстау топырағынан майданға аттандырғандар арасында есімдері беймәлім талай ерлер болғанымен күмән жоқ. «Барлығы да майдан үшін! Деген ұранды жылдағы әрбір еңбек адамы бойтұмардай қастерлеп, қандай жұмыста жүрсе де бар ықыластары мен қастерлі парыздары санады. Соғыс жылдарындағы қол жеткізген табыстары үшін Маңғыстау ерлерінің үлкен тобына қазақ ССР жоғары құрмет хаттары берілді.

Құрметті оқырмандар Ұлы Отан соғысы жөнінде материалдар күнделікті газет - журнал беттерінде және кітаптарда көп сіздерге бірнешеуін таныстырып өтейін:

  1. Қ.Аманжоловтың «Ерлік жолымен» деген кітабы

  2. Қ.Шәріповтың «Біз - панфиловшылармыз»

  3. Ескерткіш тас емес, тарихтың тағылымы 2 Маңғыстау газеті 2004 - 75 санында

© 2010-2022