Елін сүйген кітапхана сабағы

Какеева Ш.К. Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі Шығыс Қазақстан облысы                              Елін сүйген, елі сүйген Елбасы                               Кітапханалық сабақ.      Сабақтың мақсаты: 1.     Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолы, шығармашылық іс-әрекеттері мен мемлекетті басқарудағы іскерлігі мен білімділігі туралы мағлұмат беру. 2.     Елбасының қолдауымен әр жыл ел дамуында ерекше орын алатын жетістіктер мен жаңалықтар болып жататынын ұғындыру. 3.     Елбасы саяса...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Какеева Ш.К.

Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі

Шығыс Қазақстан облысы

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Кітапханалық сабақ.

Сабақтың мақсаты:

  1. Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолы, шығармашылық іс-әрекеттері мен мемлекетті басқарудағы іскерлігі мен білімділігі туралы мағлұмат беру.

  2. Елбасының қолдауымен әр жыл ел дамуында ерекше орын алатын жетістіктер мен жаңалықтар болып жататынын ұғындыру.

  3. Елбасы саясаты арқасында туған жерімізде,Күршім ауданында атқарылған игі шараларға бейнесаяхат.

Тәрбиелік мақсат:

  1. Отанымызды сүйге,Елбасын құрметтеуге тәрбиелей отырып,елжандылық пен намыс, бірлік пен бауырмалдықтың сезімін қалыптастыру.

Дамыту мақсаты:

Кітапты сүюге, мәнерлеп оқуға,Елбасы жайлы шығармашылық туындыларды түсініп, құрметтей оқуға дағдыландыру, патриоттық сезімге баулу. Ел басқарған азаматтардың ауыр еңбегін түсінуге,қадір тұтуға,пір тұтуға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілі, бейнесабақ жоспары.

1.Ұйымдастыру кезеңі.Кітапхана меңгерушісінің кіріспе сөзі.

2.Елін сүйген, елі сүйген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өскен ортасы,тәлім-тәрбиесі,саяси қызметі жайлы бейне роликті оқушылар назарына тарту.5-6 минут.

3.Пікір алмасу, алған әсерлерін ауызша айтқызу.

4.Елбасының нақыл сөздерін жатқа айтқызу.

5.Әнге арқау болған Елбасы өлеңдері.Музыка тыңдау.

6.Поэзия минуты. « Әнім де, жырым да саған Елбасы» Ақындық қабілеті бар оқушылардың,мәнерлеп оқушылардың тартуы.

7. «Туған жер, қандай көркем, мөлдіреген, желегі желмен ойнап желбіреген»

Елбасы саясатымен жүзеге асқан игі шаралар. Бейнеролик.

8.Елбасы еңбектеріне кітапханалық шолу.

Жаңа сабақ.

Кітапханашы сөзі.Сынып бөлмесіне оқушылар жартылай дөңгелек стол түрінде отырғызылады.Кітапханашы интерактивті тақта арқылы көркем безендірілген Елбасы суреті мен кітапханалық бейнесабақтың тақырыбын көрсетеді.Кіріспе сөзі:

  • Құрметті оқушылар, ұстаздар! Сіздер білесіздер 1991 жылы өзінің Тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Ендеше, балалар, бүгінгі кітапханалық бейнесабағымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты,тұтастық бірлікті ойлаған,ұрпақтың саналылығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері- Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сияқты талантты тұлғаның жарқын өміріне көз тігейік.

(Елбасы жайлы 5-6 минуттық бейнеролик назарға ұсынылады.)

Пікір алмасу кезеңі

-Бейнеролик сіздерге ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады.Елбасы Нқрсқлтан Әбішұлының өмір дерегінен үлгі тұтар сәттердә ата.(оқушы өз пікірін білдіреді) .

Елбасы нақыл сөздерін жадыңа тұт.Әр оқушы жатқа айтып, өз пікірін білдіреді.Қысқаша айтады.Дайындалып келуге тапсырма берілді.Дайындаған оқушы жауаптары.

1.Жақсыдан бақ қалады.Жауапты-9 сынып оқушысы. Күдедаев Еламан айтыл.ан жауабы:

Жақсы адамдардың артында жақсы сөз, іс қалады.Елбасының артында өзі кемеліне келтірген елі, өзі іргесін қалаған, жоспарын жасаған Астана қалады.»Бақ» деген осы.30 елдің қатарына қосылсақ бақ деген осы деп білемін.

2- оқушы.Білімге көңіл бөлмеген елдің жағдайы тым төмен 1- оқушы.Жақсы адамдардың артында жақсы сөз, іс қалады.Елбасының артында өзі кемеліне келтірген елі, өзі іргесін қалаған, жоспарын жасаған Астана қалады.Бақ деген осы.30 елдің қатарына қосылсақ- бақ деген осы.

.Тұрмысы төмен елдер Африкада, Америка жарты шарында жетіп жатыр.Тілдерінен айрылып, күшті елдерге жем болуда.Елбасы соны барлығымыз секілді көріп отыр деп ойлаймын.Мұны көне заманда Шығыс данышпандары, қазақтың ұлы оқымыстылары әр ғасырда шамасы келгенше айтып өткен.

3.Тәрбие ошағы -мектеп.Жауапты-Жұмаханова Алтынай. Тәрбие ошағы- мектеп.

.Тәрбие ошағы алдымен жанұя болса, Елбасы мектепке сілтеме жасап отыр.Расында да біздің болашағымызға, еліміздің болашағына үлкен әсер ететін -алдыңғы қатарлы мектеп болмақ.

4.Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Жауапты-ТөкеновСсерік.:Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.

Шынында да осы сөзді Елбасыға айтқызбай-ақ орындауымыз керек қой.Күйінгеннен айтты деп ойлаймын.Санасы, намысы, ұлттық ар- ожданы бар қазақ ойлануы керек шығар.Қаладағы үлкен сауда орындарына бадырайтып жазып қойса артық болмас.

5.Біз үйренетін ұлттан үйретететін ұлтқа айналуымыз керек. Жауапты-Ақаш Еркебұлан.:Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналуымыз керек.

Елбасы қазақ елін экономика,саясат,спорттан дамыған елдермен тең тұра алатындай дәрежеге жеткізді.Дүние жүзі бойынша олимпиадада 12- ші орын алдық.Жуықта Алматыда өткен бокстан Әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс, 2 қола алып, даусыз 1 орын алдық.Әне, бишілеріміз Қытай елін таң қалдыруда.Бізге де, басқаларды үйрететін кез келді.

6.Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында. Жауапты- Қуатханова Гүлім. Ұлт болашағы оқыған дарынды жастардың қолында екендігін Елбасы жалықпай айтумен келеді.Айтып қана қоймай, «Болашақ» бағдарламасына қаржыны аямай құюда.Тамаша мектептер салып беріп жатыр.Демек осы мүмкіндікті пайдалануымыз керек.Бұл- ата- бабамыздың түсіне де кірмеген.

Кітапхана меңгерушісінің пікірі.

Елбасы- ақын, домбырашы, өнерпаз, спортшы, салауатты жан-Қандай әндердің сөзін жазған?

9 сынып оқушысы:Құрметті оқушылар,ұстаздар!

Жан-жақты қабілет иесі Нұрсұлтан Әбішұлы тамаша әндердің сөзін жазған ақынжанды адам.Сөзіне сай әні де адамды ерекше тебіретеді.Әсіресе, «Елім менің әні екінші әнұранымыз десе де болады.Бекболат Тлеуханның орындауындағы Елбасы әнін тыңдағанда, бойыңды ерекше патриоттық сезім билейді.Бойыңды Елбасымен бірге туған еліңе,жеріңе деген мақтаныш сезім кернейді. «Үшқоңыр» әнінде кіндік қаны тамған топыраққа деген іңкәр сезім бар, әрқайсымызға туған жерді қадірлеуге үйреткендей.

Енді бір сәт әсем әуенге көңіл бөлейік.

Кітапханашы толықтырып «енді әнге кезек берейік» дейді.

Аудандық мәдениет үйінің әншісі Зейнұр Солтановтың орындауында «Менің Елім» әні.

Поэзия минуты « Әнім де, жырым да саған, Елбасы»

Кітапханашы:Елбасы табиғаты өте әсем Іле Алатауындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.Елбасының туған өлкесі жайлы, Елбасының өзі туралы ақындардың көптеген өлеңдері бар.Солардың бірі-Қазақстан жазушылар одағының мүшесі , журналист жазушы Төрекелді Бекназаров.Енді сол кісінің «Үшқоңыр»өлеңіне кезек берейік.

4-5 оқушы Елбасыға арналған ақындар шығармаларынан үзінді оқиды

.

Кітапханашы сөзі:

-Құрметті оқушылар,ұстаздар! Біз қазір Күршім ауылында тұрамыз.Елбасымен бірге жаңарған ел тұрмысын қазір өзіміз тұрып жатқан өңірден-ақ байқаймыз.20 жыл бұрын жалғыз қазақ мектебі болды.Ескі №3 мектеп ғимаратында.Көшелер қараңғы, шыршалар, гүлдер мүлде жоқ болатын.Болшақта үйімізге Зайсаннан газ келеді,Ертіске көпір салынады.Енді «Көркейген Күршім» жайлы өз пікірін айту үшін сөз 9 сынып оқушысы Еламанға беріледі.

Қадірлі көрермен, ұстаздар, оқушылар!

Елбасы саясаты жер-жерде жүзеге асуда.Тіпті алысқа бармай-ақ Күршімнің келбетіне көз жүгіртейікші.20 жыл бұрын қандай еді, 5 жыл бұрын қандай еді.,, Спорт, өнер, білім саласы дамып, ел болашағы, жастар, біздер үшін қаншама игілікті істер атқарылды.Қазіргі көркейген Күршімнің келбетіне қызыға қарайсың.Елімнің бір бөлшегі барды бағалап, жаңашылдыққа, салауатты өмірге құрметпен қарайық.

Енді Күршім ауданың Елбасы саясатына орай көркейген келбетіне көз салайық!

5-6 минуттық бейнеролик.

Кітапханашы: Міне, балалар, «Көркейген Күршім» атты бейнероликті көрдік.Бұдан үлкен қорытынды шығаруға болады.Елбасының жүргізген саясаты осы отырған әрқайсымызға арналған..Әрқайсымыздың білімді болуымыз үшін,әрқайсымыздың денсаулығымыздың

жақсы болуы үшін, әрқайсымыздың жағдайымыз жақсы, тұрмысымыз қолайлы болуы үшін жасалуда.Сондықтан барды бағалап, еліміздің дамуына,туған жеріміздің көркеюі үшін атсалысуымыз керек.

Елбасы еңбектеріне кітапханалық шолу.

Мектеп директоры Нурбикенова Г.О. қорытынды сөзі.

Кітапханашы:

Міне, қадірлі көрермен,ұстаздар,оқушылар!Сынаптай сырғыған уақыт та өз мәресіне жетті.Сіздермен бірге санаулы уақытың ішінде Елбасы тұлғасына көз жүгіртіп, елімен мақтанған, жерін құлай сүйген Нұрсұлтан Әбішұлының тау тұлғасына тәнті болдық.Сегіз қырлы, бір сырлы деген осы .

Абылай аңсаған заманды тар жол тайғақ кешуде сара жолға салған Президент!

Осынау бейнесабағымыздан көп дүниені үйрендіңдер деп ойлаймын.Біз шын көңілімізбен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына жақындай түскендей болдық.Адами қасиетін ұғындық.Ұлы ақын Мағжан айтқандай Елбасы да жастарға сенеді, үміт артады.Олай болса, біз Елбасымен біргеміз!

Ән «Көк тудың желбірегені»

© 2010-2022