Ашық сабақ Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Әнмен бастаймыз...Жадыра мен Айгерімнің орындауында «Анашым» әні.
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата - бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

1-жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.


Ән: Дағыс Құралайдың орындауында


2-жүргізуші. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі - үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Шоринов Сембі Шораұлына және ауылымыздың әкімі Амангелдин Тимур мырзаға береміз.
1-жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.



Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
« Қазақ биі» 5 «А» сынып оқушыларының орындауында

2-жүргізуші:

Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
1- оқушы:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала - шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта - қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

2-оқушы:
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

3-оқушы:
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

4-оқушы:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.

5-оқушы:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

6-оқушы:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

1-жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Ән: Еркін Бердігүлдің орындауында

2-жүргізуші:

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
- деп оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.







«Бұқар жырау ауданының білім бөлімі»

Тексерілді: .........................

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Рахыметжан А.









«Қарттарын қадірлеген ел ардақты!!!»



Жауапты: Еркин С

Амангелдина М.Е

Шалганбай М.Ж











«Жаңаталап орта мектебі» КММ

2015 -2016 оқу жылы

© 2010-2022