«Қарт кісіні құт – береке деп танысақ»

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 қазан Қарттар мерекесіне арналған

«Қарт кісіні құт - береке деп танысақ» атты кеш сценарий

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата - бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
1- Жүргізуші:
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
2- Жүргізуші:

Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
1- Жүргізуші:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
2- Жүргізуші:. Біздің халқымыздың ерекшеліктерінің бірі - үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.
1- Жүргізуші:
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Асхат Мұсахметұлы Кукеевке береміз.
2- Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы ____________ әнімен ашамыз. Орындайтындар _____________________________________.
Оқушылардың орындауындағы өлең шумақтары:

  1. Оқушы:

Өн бойың тұңған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат

  1. Оқушы:
    Жадыраймын жадырайын,
    Көңілденіп күлемін.
    Жанар ма деп талабым,
    Ата ақылын тыңдаймын.

  2. Оқушы:
    Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
    Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
    Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
    Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

  3. Оқушы:

Ана мейір күн көзімен пара - пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

  1. Оқушы:

Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

  1. Оқушы:

Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

  1. Оқушы:

Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

  1. Жүргізуші:
    Той деп бүгін халқым шашу шашады.
    Той деп бүгін әлем сырын ашады.
    Қарттар күні мейрамына арналған
    Бишілер өнерлерін шашады
    Би ______________________________________________________ .
    2- Жүргізуші:
    Егеменді ел болып қалыптастық,
    Өркениетке нақты анық бастық.
    Туған жердің тұғыры биік бол деп,
    Шын жүректен ән - жырды сыйға тарттық.
    Ән: ______________________________________________________.


  1. Жүргізуші:

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін

2- Жүргізуші:

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Келесі кездескенше сау -саламатта болыңыздар.









© 2010-2022