М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев .«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Сабақтың мақсаты:    Білімділік:             Оқушыларға поэма мәтінін талдата отырып, поэманың тақырыбы мен                       идеясын, көркемдік тілін ашу; Дамытушылық:             Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге            дағдыландыру; Тәрбиелік: -          Ақын тілімен салынған сурет арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру; -          Табиғатты қорғау идеясының халық ұғымындағы қасиетті нәрселермен көмкерілгенін байқату. Сабақтың әдісі:             Көркем мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, ой шақыру; Сабақтың көрнекілігі:             Мұқағали суреті, Нағиман ана суреті, поэма мазмұнына байланысты суреттер, «Аманат» өлеңдер жинағы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ. Қызығушылықты ояту.             Тағы да күн шығады, таң атады,             Жатады түн жамылып дала таңы.             Жалғыз ғана жыр тусам, жалғыз ғана,             Секілді самұрықтың балапаны, - деп жүріп ,халқына өлмес мұра қалдырған Мұқағали ақынның арқалы ақын екендігін халқымыз танып отыр.             Өз ғасырына деген сүйіспеншілігін ХХІ ғ. ұрпағына аманат еткен. Оны мына бір күнделігінен көруге болады:             «Ей, безілдектер! Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақ келеді, бізді әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды... Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді. Мен өзім жайында мынаны айтам: «Мен ХХІғ. ұрпақтарының  құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын...» деп жазған екен.             Расында да ХХІғ. ұрпағы Мұқағалиды құрдасындай қабылдады. Бүгінгі сабағымыз «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдауға арналады. Поэманың тақырыбы мен идеясын ашамыз. Композициялық талдау жасаймыз. Поэманың көркемдік тіліне тоқталамыз. ІІІ. Ой ашар. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім ? (Мұқанбетқали) Мұқағалидың туған жылы, туған жері. (1931 ж., Алматы обл., Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы) «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған ? (Ф.Оңғарсыноваға) Ақынның анасының аты. (Нағиман) Ақын өлеңді алғаш рет неше жасында жазды ? (10 жас) «Аққулар ұйықтағанда»  поэмасы қай жылы жазылды, оған алтын қаламын сыйға тартқан кім ? (1973ж., Ғ.Мүсірепов) Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы ( «Аманат» жыр жинағы 2000ж.). Мұқағалидың көзі... IV. Проблемаға шығу.    Поэманың мазмұнымен үйден танысқандықтан талдауға көшейік.         Ақын поэмасына  арқау болған тақырып не? Поэмадағы сұлулықты неден көреміз? (оқушылардың ойлары). Махабатты ше? Әрине табиғатта сұлулық пен  махаббат сезімдерімен қатар зұлымдық та бар екен. -          Зұлымдық деген не? Поэмада неге екеуі қатар жүреді деп ойлаймыз? (Буклет арқылы бөлімдерді атап өту) V. Композициясына талдау. 1. Дастан қалай басталды? Аққуға байланысты халық сенімі қандай? Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай көл (теңеу). -          Қанатынан үзіліп ән – самала,қаншама аққу кетті екен- аңсаған ән?                                                                                                                Метафора           2. Оқиға қалай дамыды? Жетімкөл жетімсіреп қала берді, Арман –ай, аққуымен қосылар ма? Баланың науқастануы.           3. Ана мен әке диалогы. (мәтіннен табу).             4.Ана Жетімкөлге келіп нені аңғарды? \Экспозиция мен оқиға арасындағы байланыс\ текстен табу. Аққулар ару – мойын, сүмбе – қанат, Алаңсыз тарануда күнге қарап –  эпитет табу. Аққулардың шыр айналып алаңсыз ұшуы, құм тұрса да ауырсынып, тұмсығын тарақ етіп, қауырсынын тарауы, әсем реңді ақ қанатын сабалауы, суға басын малып сүңгуі, арқасынан су моншақтың сусып түсуі – тыныштық, бейбіт өмір көрінісі. 5. Ананың Жетімкөлге келгендегі мақсаты. /оқиғаның дамуы/. 6. Ананың жан күйзелісі /шиеленіс/. 7. Ананың аққуды атуы / оқиғаның
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілім ғажап деп айта аламын

Ана тілім ғажап деп айта аламын,

Жәннаттай жан балқыта жай табарым.

Шырқатып ғұмыр
бойы айтар әнім -

Келеді толас таппай қайталағым.

Тозбайды сыны кетіп, сұры қашып,

Біз әлі қанған
жоқпыз сырын ашып...

Қазағы қадырына жеткен сайын

Жайнайды,

Ертеңге де нұрын
шашып.



© 2010-2022