Кластан тыс шара Білім теңізіне саяхат

Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат коллдежінің тәрбиешісі   Сыныптан тыс шара   Тақырыбы:    «Білім теңізіне саяхат» Мақсаты:  есту қабілеті нашар балаларды  түрлі жағдаяттарда өзіндік пікірлерін жеткізе білуге, өмірлік көзқарастарын тұрақтандыруға үйрету;                   сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту;                  есту қабілетін дамыту;                   ұжымдық жұмысқа, өзін-өзі басқаруға тәрбиеле...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат коллдежінің тәрбиешісі


Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Білім теңізіне саяхат»

Мақсаты: есту қабілеті нашар балаларды түрлі жағдаяттарда өзіндік пікірлерін жеткізе білуге, өмірлік көзқарастарын тұрақтандыруға үйрету;

сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту;

есту қабілетін дамыту;

ұжымдық жұмысқа, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу, қарым-қатынас этикасын дамыту;

шығармашылық қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру.

Сахна теңіз бетіндей безендіріледі. Кеменің макеті жасалады.

«Мектеп - кеме, білім - теңіз, білім нәрін тереміз!» ұраны жазылады.

Дауыс: Құрметті жолаушылар! Дайындалыңыздар! Жас теңізшілер кемесі Білім теңізіне саяхатқа аттанғалы тұр. Бұл саяхатқа тек ақылды, білімді, тәртіпті, еңбекқор, талантты оқушылар ғана шыға алады.

Музыка ойналады. Теңізшілер киімін киген оқушылар музыка

ырғағымен адымдап келіп кеменің жанына тұрады.

Капитан: Жас теңізшілер! Саяхатқа дайынбыз ба?

Барлығы: Дайынбыз!

Капитан: Біздің ұранымыз.

Барлығы: Мектеп - кеме, білім теңіз,

Білім нәрін тереміз!

Капитан: Мектеп - кеме, білім - теңіз болса, біз - білімге құмар жас ұландармыз! Саяхатымызды бастаймыз!

Музыка ойнайды, балалар кемеге «орналасады».

«Саяхатшылар» ым-ишара әні орындалады.

Капитан: Теңізшілер, дайын болыңдар! Біз бір аралға келдік.

Тәрбиеші: Жас теңізшілер! Бұл арал «Қазына аралы» деп аталады. Қазына - байлық деген сөз. Ал, арал - су ортасындағы құрлық.

Мен бұл аралдан ескі сандық түбінен бірнеше заттар тауып алғанмын. Бірақ, олардың не үшін пайдаланылатынын білмей тұрмын. Маған көмектесіп жіберіңдерші.

Тапсырма: Сандық ішінен шыққан заттарды оқушылар не үшін

қолдануға болатынын айтып және көрсетуі қажет.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер өздеріңнің ойларыңның ұшқыр екендігін көрсеттіңдер! Сендерге сәт сапар тілеймін. Сау болыңдар!

Барлығы : Сау болыңыз!

Музыка ойнайды.

Капитан: Теңізшілер! Біз екінші аралға жақындадық! Дайын болыңдар!

Музыка ойнайды, сахнаға теңіз қарақшылары шығады.

Теңіз қарақшысы: Біз - теңіз қарақшыларымыз, бізден қорықпай, бұл аралға қалай келдіңдер? Біз сендерді өткізбейміз. Сендердің қолдарыңнан не келеді?

Барлығы: Біз бәрін білеміз,

біз сабақты жақсы оқимыз

біз әнді жақсы айтамыз,

біз суретті әдемі саламыз,

біз билей аламыз,

біз еңбекті жақсы көреміз.

Біз - білімдіміз.

Теңіз қарақшысы: Білімдіміз, бәрін білеміз дейсіңдер, ә? Онда мен сендерге тапсырма берейін, сендер сол тапсырманы орындап көріңдер, егер менің көңілімнен шықпаса, осы аралда қаласыңдар.

Кеме капитаны: Қиындықтарды бірлесе жеңуге, тапсырманы мүлтіксіз орындауға тырысайық, достар!

Тапсырма: сурет бойынша әңгімелеп беру.

Теңіз қарақшысы: Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар! Сендердің білімді екендеріңе көзім әбден жетті. Жолдарың болсын!

Музыка.

Капитан: Біз тағы бір аралға жақындадық.

Тәрбиеші: «Оқиғалар» аралына қош келдіңдер, жас теңізшілер! Бұл арал небір оқиғаларға толы, себебі, бұл аралда өздерің білетін ертегі кейіпкерлері тұрады. Сендер қазір Буратиномен кездескілерің келе ме? Олай болса, жақсылап қарап, өз ойларыңа тоқып отырыңдар.

«Буратино зиянды әдеттер елінде» көрінісі көрсетіледі.

Оқушыларға пікірталас сұрақтары:

  1. Түлкі мен Мысықтың сөзімен келісесіңдер ме?

  2. Егер Буратиноның орнында болсаң, сен не істер едің?

  3. Буратиноға қандай кеңес бересіңдер?

Тәрбиеші: Көрдің бе, Буратино, балалар дұрыс айтады, өтірік айту, ұрлық жасау, темекі шегіп, арақ ішу - жаман әдеттер. Сен олармен дос болма. Қазір мектепке барып, сонан кейін үйге барып, әкеңе көмектес.

Буратино: Жарайды. Ақылдарыңа рахмет, балалар! Сау болыңдар!

Кетеді. Музыка

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, жас теңізшілер, Буратиноға жақсы ақыл-кеңес бергендерің үшін рахмет! Сендерге сәт сапар тілеймін!

Барлығы: Сау болыңыз!

Кеме капитаны: Желкендерді көтеріңдер! Сапарға аттанамыз!

Музыка ойнайды.

Капитан: Теңізшілер, келесі аралға тоқтаймыз!

Тәрбиеші: Қош келдіңдер, балалар! Бұл арал «Құпия арал» деп аталады. Бұл аралда құпия жазылған хаттар мен суреттер көп. Кәне, барлығымыз мында жазылған құпиясөзді шешіп көрейік!

Ребус шешу.

Оқушылар тапсырманы орындайды.

«Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңіле

Ықыласпен тоқылық!»

Бұл кімнің өлеңі?

Ы.Алтынсарин кім?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! өздерің ақылды, білімді екенсіңдер! Сендерге үнемі сәттілік тілеймін! Жолдарың болсын!

Музыка ойнайды.

Дауыс : Құрметті жолаушылар! Білім теңізіне саяхатқа аттанған жас теңізшілер кемесі жағаға жақындады. Оларды қарсы алуға дайын болыңыздар!

Тілшілер қарсы алады.

Сұрақтар қояды:

  1. «Білім» теңізіндегі саяхат кезінде қиындықтар кездесті ме?

  2. Саяхат сіздерге ұнады ма?

  3. Қандай аралдарда болыңыздар?

  4. Саяхаттан алған әсерлеріңіз қандай?

  5. Оқиғалар аралында кімдермен кездестіңдер?

  6. «Құпия» аралының құпияларын шешу қиын болды ма?

  7. «Қазына аралынан» қандай қазыналар табылды?

  8. Теңіз қарақшылары кздесті ме?

  9. Келесі саяхатқа қашан аттанасыздар?

«Теңізшілер биі» биленеді

Соңы. «Білім теңізіндегі саяхат» ертеңгілігі аяқталды.


© 2010-2022