«Ұстазы жақсы қандай – ды. .. » Эссе мектепалды даярлық топ

        « Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім!»,- деп халқымыздың ұлы ақыны Мағжан  Жұмабаев  айтқандай, мұғалім – ел ертеңі болар жастардың ой-өрісін жетілдіруге негіз болар тұлға.        «Біреу үшін үйренсең, біреу білмей, сен білсең, білгеніңнің бәрі тұл», - деген данышпан Абай атамыздың ұлы сөзіндегідей,мұғалім - өз білгенін өзгеге үйретіп, қазіргі замандағы оқыту үдірісін игерген ұстаз қызметінің мақсаты тек өз пәнін үйретуден тұрмайтынын, ұстаз-адамды жасаушы адам екенін ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе.

«Ұстазы жақсы қандай - ды ...»

«Мен жастарға сенемін!» М.Дулатов

« Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы - мұғалім!»,- деп халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай, мұғалім -

ел ертеңі болар жастардың ой-өрісін жетілдіруге негіз болар тұлға.

«Біреу үшін үйренсең, біреу білмей, сен білсең, білгеніңнің бәрі тұл», - деген данышпан Абай атамыздың ұлы сөзіндегідей,мұғалім - өз білгенін өзгеге үйретіп, қазіргі замандағы оқыту үдірісін игерген ұстаз

қызметінің мақсаты тек өз пәнін үйретуден тұрмайтынын,

ұстаз-адамды жасаушы адам екенін терең ұғынған ірі тұлға.

Жастар өз дәуірімізбен өмір сүруіміз керек .Ол не деген сөз?

Өз уақытыңа, заманыңа ілесіп өмір сүрмесең, бәрінен кешігіп жүрсең,

ұлт болып өмір сүрудің өзі қиын. Бір заманда жасағанымызбен әртүрлі дәуірде өмір сүріп жатқандаймыз, африкалықтар мен америкалықтарды

бір дәуірде өмір сүруде деуге келе ме? Жоқ. Сол секілді біздерді

де дамыған елдермен салыстыру қиын, біздің өз стиліміз, бағытымыз

бар, оны жасайтын жастар. Ал біз жастар кез келген ғылымда

мықты болуымыз керек. Сол мықтылықтың іргесін бекітетін,

небір ғанибет істерге жетелейтін ұлы тұлға - мұғалім.

Дәуірлер озғанда қоғамдық формациялар ауысқанда ұрпақтар

легі бірін-бірі мойындамай, әкелер мен балалардың түсінік-

пайымы өмір, заман туралы көзқарастары кереғар түсіп жатқанда,

соның бәрін көре тұрып, ой елегінен өткізе жүріп, мынадай тоқтамға

келуге мәжбүрміз: жаңаның ескермегі де, ескінің жаңармағы да

адамдарға, сол жаңа қоғамның төл тумаларына байланысты олар

қаласа өшіре алады, олар қаласа келешегін кемелді де ете алады,

өйткені болшақтың болмысын ұстаз алдынан түсінген ұрпақ алдағы

күн нұрлы болмақтығын сезінеді.

Ұстаз атты бәйтеректің саясында біліммен сусындаған тәуелсіздік жастарының пайым- парасатын, не ойлап, не қоятынын, оларды

нендей істер, қандай оқиғалар қызықтыратынын анықтау, ортаға

салудың өзектілігі сонда: дәстүр мен жаңалықты, өткен мен

бүгінді, алдыңғы толқын мен өздерін қалай бағалайды, қалай таниды,

арғы тіні, ауқымды идеясы ұстаздан алған нәрден, ғажайып тылсым

күштен көрінеді.

«Адам ұрпағымен мың жасайды » дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат мың емес миллиондаған жылдар жасау, бұқаралық спортты, дене шынықтыруды, туристік кластерді

дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әр жас өзіне ұстаным

ретінде қабылдаса, ұрпақ жалғасы, ұрпақ сауаттылығы мен салауаттылығы осы емеспе? Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. «Надан

жұрттың күні - қараң келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ тәрбиелеген табанды, «білгенге маржан» болатын ұстаз. Тағылымды өнеге үрдіс болатын оңтайлы жол табатын да ұстаздар қауымы.

«Мен жастарға сенемін» деп, аға буын жоғарыдан қарап тұрғандай!










ЖББ Амангелді орта - мектеп балабақшасы.





«Ұстазы жақсы қандай - ды ...»

(Эссе)


Мукашева А.У









2015 жыл

© 2010-2022