Мерекелік шара Қош келдің, Наурыз!

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы  білімдерін                       тереңдету.               Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу,                  сөйлеу мәдениетін, сөздік  қорын дамыту.              Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей                    білуге , бауырмалдыққа, сыйластыққа, татулыққа                 тәрбиелеу,                қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлерін құрметтеуге  ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін

тереңдету.

Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу,

сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.

Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей

білуге , бауырмалдыққа, сыйластыққа, татулыққа тәрбиелеу,

қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлерін құрметтеуге

баулу.

Эстетикалық , патриоттық тәрбие беру .

Көрнекілігі: слайдтар, мерекелік дастархан, әсем безендірілген бөлме,

цитаталар. Мерекеге арналған ұран сөздер:

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз тойы-мереке, Жылан жылы-береке!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Артыңда мал қалғанша, тал қалсын!

Жыл басы-Наурыз, мол болсын дәм-тұз!

Жұмыстың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының жоспары :

І. Кіріспе бөлімі

а/Наурыз мерекесі жөнінде қысқаша мағлұмат

ә/Оқушылардың әдеби - сазды музыкалық бағдарламасы

ІІ. «Алтын қақпа» ойыны (Ана мен баланың жұптасуымен болған)

ІІІ. Мерекелік дастархан

ІV.Ұлттық ойындар .
Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі . Психологиялық дайындық . (Бәрі хормен )

Бұл әлемде мереке көп,

Қуанышты әдемі.

Ал біз үшін ең жақсысы,

Қымбатты наурыз мейрамы .

2.Қызығушылығын ояту. Слайдтармен құттықтау , ұран сөздерді көрсету

3. Мағынаны тану Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.

Наурыз! Бұл бір ғана сөзде қаншама кереметтің бары бір аллаға аян.

Тарихқа үңілер болсақ Наурыз - Жаңа күн деген мағынаны береді, ол уақыт жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы көктемгі күн мен түннің теңелген уақытына дәлме - дәл келеді, ертеректе адам баласы қақыраған қыстың кетіп , көктемнің келген шағын, тіршілік көзінің оянғанын малдар төлдеп, құстар келіп ән салып құлындар тайдай тебісіп туылған кезде Жаңа жыл келді деп есептеген.

Әр ел өз бетінше климаттық жағдайына табиғи ортасына байланыстыра отырып той тойлап қарсы алып отырған. Барлығын бір ғана Наурыз сөзі біріктірген. Африка елдері көбіне түйенің жүнінен тоқыған киімдерді киіп әшекейлесе, Азия елдерінде Парсылар, Арабтар, Үндістандықтар /Хиндустар/ күріштің суын бір-біріне ұсынып, өзара достыққа қол жеткізген. Кейбір деректерге қарағанда , бұл айда қырғи қабақ соғыстар да тоқталып , елдер арасында мәмілеге келгені мәлім.

Ал өзіміздің ата-бабаларымыз бұл күнді қасиетті күндердің атасы санағаны тарихтан мәлім. Көне жазбалар және көне қорғандар орнынан табылған түрлі бағалы заттарға қарай отырып тарихшыларымыз археологтар т.б. өз тұжырымдамасында бұл күнді атап өту кезеңі 5 (бес) мың жылдан асатынын атап көрсетіп отыр.

Наурыз сөзі ұрпақтан ұрпаққа Жаңа күн - Жаңа жыл мерекесі болып беріліп келеді. Наурыз мерекесін тойлау , өткізілетін салт - дәстүрлер, ұлттық ойын түрлері өте жақсы сақталып біздің өміріміздің төрінен өзіне тән лайықты орынды алып отыр. Наурыз мерекесінің ерекшелігі халықтардың ұлты, руы нәсіліне қарамайды, себебі оның басты мақсаты адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың оң көрінісі - ата-бабаларымыздың бізге қалдырған аманаты.
Ертеден мерекеленіп келе жатқан - Наурыз мейрамы жыл сайын наурыз айының 22-де күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастаған көктем айында тойланады. Сондықтан, наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы - «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, жақсы тілекпен, зор қуанышпен қарсы алған. Бұл күнді жұрт ел аралап, үйлерге кіріп, наурыз көже ішіп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз күні халық бір-бірімен көрісіп амандасқан. Өкпе - реніш ұмытылып, дос болады екен. Наурыздың 21 күні Қыдыр ата даланы аралайды екен.

4.Ендігі кезекті балаларымыздың әдеби - музыкалық монтажына береміз.

1-жүргізуші: Болатбек

Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - Наурыз салтанаты.

2-жүргізуші: Айымгүл

Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл-Наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.

1-жүргізуші: Болатбек

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы-Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.

2-жүргізуші:Айымгүл

Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.

ӘН: / хормен/ «Қазақы дастархан»

1-жүргізуші: Болатбек

Айтамыз жарапазан отбасына,

Тілейміз денсаулықты бас - басыңа.

Тілесек денсаулықты бас - басыңа,

Амандық келер әр күн отбасыңа.

Айтамыз жарапазан ауылыңа,

Береке, бірлік берсін қауымыңа.

Береке, бірлік берсе қауымыңа,

Бас имес кімдер келіп ауылыңа

2-жүргізуші: Айымгүл

Айтамыз жарапазан еліңізге,

Байлаңыз жақсы орамал белімізге.

Байласаң жақсы орамал белімізге,

Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?

Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,

Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?

Жарапазаншыларға орамал байлау.

1 оқушы: Темірлан
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп.
Басталыпты Наурыздан - деп Наурызды жыл басы санайды

2 оқушы. Гүлзат
Белгісіндей өткен күн
«Амал» атты қалыпты.
Наурыз - басы көктемнің,
Сүйікті айы халықтың.
Наурызда күлімдеп,
Күн көзі жылынды.
Өзгеше бүгін леп
Қыс - Тауға тығылды.
Наурызды халқымыз,
Жыл басы деп санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
3 оқушы : Айзада

Ән айтылды күні бойы.
Бұл мереке - бізге ойын.
Көжесі көп, шелпегі көп.
Жақсы көрем наурыз тойын.

4 оқушы: Айдос

Абай «Жазғытұрым»
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан - жануар, адамзат анталаса,
Ата - анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақ тасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
5 оқушы: Жомарт
Көгілдір көктем, көктем бұл,
Көгілдір көлшік қияқты.
Жауқазындар көктем бір
Төгіліп тұрған сияқты.
Көгілдір көктем, көк барқыт,
Шапанын жапты далаға.
Жаңбырын төкті көк сарқып,
Шөлдеп қапты жер - ана!

6оқушы:Мейірлан

Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсіреді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже - елдің ырзығы...

Болатбек пен Айымгүл наурыз көжеден дәм татырады.

7 оқушы: Райымбек
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!

8 оқушы: Нұрмұхамед
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
Қайда барса, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлігі ақты болсын!

Хормен :Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ән хормен «Қазақтың дастарханы»

Райымбек

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген,

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурыз көжеден.

Жас қосатын жасыңа,

Жылбасы бұл - наурыз.

Әр кіргізген асыңа

Бал татыған сары уыз.

Жан қалмады жай тұрған,

Мәз - мейрам жас - кәріміз.

Күй шертіліп айтылды ән,

Би билейік бәріміз.

Наурызбенен құттықтап,

Алыс - жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.

Күн ғой бүгін жарылған

Ақ түйенің қарыны.

Ақ дастархан жайылған,

Лаулап ошақ жалыны.

Хор «Қазақтың дәстүрлері»

Балалар орындарына отырады .

Ұлдар тобының орындауында Қазағым.

ІІ. «Алтын қақпа» ойыны

Ойынның шарты:

Ойын 5 кезеңнен тұрады:

  • Тас қақпа

  • Күміс қақпа

  • Алтын қақпа

  • Жеңімпаз баспалдағы

  • Ақтық ойын

Әр қақпаның 3 тапсырмасын және құлыптың тапсырмасын орындаған кезде ғана қақпа ашылады.

  • Тас қақпаның тапсырмасының ұпай саны - 10 ұпай

  • Күміс қақпаның тапсырмасының ұпай саны - 20 ұпай

  • Алтын қақпаның тапсырмасының ұпай саны - 30 ұпай

Ойын соңында ең көп ұпай санын жинаған ойыншы қазыналы сандықтың тапсырмасын орындап, 50 ұпайға ие болу мүмкіндігіне ие болады.

Ақтық ойында қазыналы сандықтың шартын орындаған ойыншы "Алтын қақпа" ойынының жеңімпазы болады.

  • Тас қақпаның тапсырмалары . Ұпай саны - 10 ұпай

1 тапсырма : Қазақтың Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне дайындалатын ұлттық тағамының аты және ол қанша тағамнан жасалады?

Дұрыс жауап: Қазақтың Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне дайындалатын ұлттық тағамының аты: "Наурыз көже" . Ол жеті тағамнан жасалады.

Олар:Су, тұз, сүт, сүр ет, құрт, тары, бидай

2 тапсырма : Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында, жер көлемі қанша?

Дұрыс жауап: Қазақстан жер көлемі бойынша тоғыз ыншы орында.

Жер көлемі - 2724000 шаршы километр

3тапсырма : Логикалық есеп "Екі адам"

Екі адам келеді. Біреуі екіншісінің баласының әкесі. Бұл қалай болғаны?

Дұрыс жауап: Баланың әкесі мен шешесі.

Құлыптың тапсырмасы : Алтын терек, он екі бұтақ,

Үш жүз алпыс бес жапырақ.

Шешуі: Жыл, айлар, тәуліктер.

  • Күміс қақпаның тапсырмалары . Ұпай саны - 20 ұпай

1 тапсырма : Қазақтың қасиетті сандарын ата, мысал келтір

Дұрыс жауап: Үш, төрт, жеті,тоғыз, қырық.

Үш жүз, үш жұрт, төрт кітап, төрт ғалам, төрт мезгіл, төрт түлік, жеті ата, жеті күн, жеті қазына т. б.

2 тапсырма : Қазына деген не?

Дұрыс жауап: Дүние - мүлік, жиһаз, бағалы заттар, байлық.

3тапсырма : Тәулік деген не?

Дұрыс жауап: Жердің өз білігінен айналуы

Құлыптың тапсырмасы : Ақ сиыр тұрып кетті,

Қара сиыр жатып қалды.

Шешуі: Қыс пен көктемнің ауысуы

Ұпайы аз жұп сайыстан шығады

  • Алтын қақпаның тапсырмалары. Ұпай саны - 30 ұпай

1 тапсырма : Мирастың үйіне әкесінің жолдасы келіпті: Жолдасынан неше балаң бар дегенде.

Ол былай жауап беріпті: «Құдайға шүкір, 2 қарлығашым, 2 қойшым бар»-депті. Ол не дегені?

Жауап беріп көрші

Дұрыс жауап: Екі қызы және екі ұлы бар

2 тапсырма : Қажетті әріптерді немесе сөзді тап. (олар барлық жерде бірдей)
Талды ( ......)
(......) төбе
Жаңа (......)
(......) бек
Еліңе (......) бол.

Дұрыс жауап: Қорған

3тапсырма : Кім жылдам? 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысының мәнін тап

Дұрыс жауап :1+2+3+4+5+6+7+8+9=45

Құлыптың тапсырмасы : Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды

Шешуі: Дастархан

  • Жеңімпаз баспалдағының тапсырмасы . Ұпай саны - 50 ұпай

Кестеде "Сиқырлы сандық » сөзі неше рет жасырылғанын тап

Тапсырманы орындаса, қазыналы сандыққа ие болады.

Б

П

О

С

Д

А

А

Н

С

Т

Ұ

П

С

Ь

Т

Д

Ф

А

И

Р

С

И

Қ

Ы

Р

Л

Ы

П

Қ

Л

А

А

Л

М

С

А

Н

Д

Ы

Қ

Н

П

О

В

К

О

Ш

Н

Р

Р

Д

И

Р

Я

Л

З

У

Ц

Л

П

Ы

Э

Ч

Ә

Р

А

Н

Щ

Ы

К

Қ

Г

С

А

Н

Р

К

Ю

Д

А




Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!

  • Ақтық ойын - Қазыналы сандықтың шарты

Қазыналы сандықтың құлпының шарты: Ән орындау

Шартын орындаған жұп «Алтын қақпа» ойынының жеңімпазы сонымен бірге қазыналы сандықтың иесі де болады .

Бағалау парағы арқылы әділқазылар жеңімпазды анықтайды

ойыншының

аты-жөні

кезеңдер

«Тас қақпа» тапсырмалары - 10 ұпай.

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

Құлыптапсырмасы

Жалпы ұпай саны

«Күміс қақпа» тапсырмалары - 20 ұпай.

1 тапсырма .

2 тапсырма .

3 тапсырма .

Құлып тапсырмасы

Жалпы ұпай саны

« Алтын қақпа» тапсырмалары - 30 ұпай.

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

Құлып тапсырмасы

Жалпы ұпай саны

Барлық ұпай саны

«Қазыналы сандық» тапсырмасы - 50 ұпай.

Тапсырма

Барлық ұпай саны

«Ақтық ойын»

Жеңімпаз




ІІІ. Мерекелік дастархан бөлімі

Үстелден дәм тата отырып ән , би, күй жалғасады.

1.Айымгүл мамасымен ән орындау

2. Гүлзаттың орындауында «Қара жорға» биі

3. Сәндігүлдің орындауында

4.Алмираның орындауында

ІV .Ұлттық ойындар

1. Аналар - «Оқтау тартыс» 4 жұп таңдау - жеребимен

2. Ұл балалар - «Әтештер төбелесі» 4 жұп таңдау - жеребимен

3. Топпен ойын «Көрші таңдау» ойыны

Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!

Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!

Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!

Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!




Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!


Ұлыстың ұлы мерекесіне байланысты өткізілген


ойынының жеңімпазы

МАРАПАТТАЛАДЫ


Сынып жетекшісі: Иманкулова А.Б.

Әділқазылар:


20 наурыз, 2013 жыл

Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз! Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!

Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!


Ұлыстың ұлы мерекесіне байланысты өткізілген


ойынындағы белсенділігі үшін

МАРАПАТТАЛАДЫ


Сынып жетекшісі: Иманкулова А.Б.

Әділқазылар:


20 наурыз, 2013 жыл

Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз! Мерекелік шара Қош келдің ,Наурыз!

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Әдебиеттік оқу оқулығы «Алматыкітап» баспасы

  2. Дүниетану оқулығы

  3. Айгөлек журналы

  4. Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері

  5. Логикалық есептер

  6. Жұмбақтар жинағы

  7. Қазақ композиторларының ән жинағы

  8. «Білімділер сайтының материалдары








15


© 2010-2022