Внеклассная разработка день незовисимости

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

Сыныбы: 6 Сынып жетекшісі Мухаметчина Айша Абдрахмановна

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралымағлұмат беріп, оның неден бастау алып, не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, Отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кітап көрнекілігі.Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік монументінің суреті» Желтоқсан құрбандарының суреттері. «Қайсар рухты Қайрат» бүктемесі. Бейнетаспа және желтоқсан оқиғасына байланысты слайд.

І жүргізуші
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.


ІІ жүргізуші

Қайырлы кеш, құрметті ата - аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келіпсіздер!
«Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты әдеби - қойылымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Гимнің менің - жан ұраным

Айтар әнім - сөйлер сөзім

Туған жерім - сағынарым

Мәңгі бақи шақырады.

Республикам Қазақстаным!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГИМНІ

І Жүргізуші:

Құтықттау сөз мектеп директоры Қайрат Төлепбергенұлы Сарқытовқа беріледі.

ІІ жүргізуші

Келесі құттықтау сөз Облыстық «Жетісу » газетінің тілшісі Қажет Андас ағайға беріледі.

Музыкалық сәлем : Хор «Желтоқсан жаңғырығы»

1.Сабина:
Тәуелсіздігін қолын алған сол бір күндерден бері еліміз өмірінде көптеген оқиғалар болып жатыр. Бұл күн - тарихта кеткен есеміз еселеніп қайтқан күн, алдынан азаттықтың ақ таңы қайта атып, иісі қазақтың бір-біріне құтты болсын айтқан күн.

2.Дәурен:
Енді міне осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1991 жылғы желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің салтанатты түрде әлемге жариялады. Бұл қазақ халқы үшін, үлкен оқиға. Бұл оқиға - Қазақстанды Отаным, елім, жұртым деген әрбір азаматтың жүрегінен кең орын алғаны айдан анық. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан!

3.Гүлдана:
Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздігіміздің бес жылы» деп аталатын еңбегінде быдай делінген: «Біздің туымыз - тәуелсіздік, тілегеніміз - бейбітшілік, тыныштық. Күш қолданумен жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік-жігерімізді аямаймыз. Осы мақсат жолында Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз».

4. А.Фархат:
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. «Білікті бірді жығады, білімді мынды жығады», «Ашу - дұшпан, ақыл - дос». Ашу емес бәрін ақыл шешу керек. Елдің тыныштығын бұзу -ұлтымыздың болашағына балта шапқанмен бірдей. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген адам, өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

5. Диана:
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Әлем халықтарының арасында, дүниенің бір қиырынан бір қиырына өтіп барып, ел болғандары да, сан түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде жаңа этнос ретінде қалыптасқандары да баршылық.

6. М. Ілияс :
Тәуелсіздік, Азаттық - қасиетті сөз, қастерлі де киелі ұғым. Тәуелсіздіктің туын жықпау өз қолымызда. Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз, сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде оларға біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, кең жазира байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екендігін осы ұрпаққа мирас етіп қалдыру - бізге парыз.

Аида:

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қзақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам - шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.


Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»

Бір топ:

Естідіңдер ме?

Бұл не масқара!

Неге халықпен санаспайды?

Қашанғы шыдаймыз?

Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?

Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды.

/сахна алдына ержүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды/

С. Жанболат: Демократияны бұғаудан босатыңдар,

Әр халыққа өзінің көсемі керек...

Жанерке:

Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен, қайдан келген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Аида: Бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,

Тілің құрып барады білесің бе?

Қ. Фархат

Ескерусіз дін жатыр жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға , көзді байлап

Санаспайды, әй,, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес білем.

Ағымтай:

Өгей қозы біз болдық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге.

Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

/ Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады/

Милиция: (Олжас, Бекболат) Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!

\ сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады\


Жүргізуші.

- Бар болғаны осы еді қылмысымыз,

Савицкий көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Темір құрсау біздерді бүргені шын.

Мұң шағады қапаста кімге құсың.

Ақ-қараңды тексерер түрме деген,

Концлагерь болды ғой біздер үшін.

\Осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға сүйреп әкеліп, тепкілеу,айқай- шу, алаң қызыл қанға боялады





Аяжан:

1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 24 жыл өтті.Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық

(1 минут үнсіздік).

Жансерік:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылмас барлық шарасы.

Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз - жігіттер «контреволюциөнерлер емес» -еді.Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова,Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді.

Диляра:

Түн кәдімгі милиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді.Себебі,бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған қыз-жігіттердің қатігездік жасағанын көргендердің ішінде Қайрат Рысқұловта бар еді.

Тұтқынға түстім жаутаңдай

Жолама ешкім қасыма

Бара салсаң сәлем айт

Елдегі құрбы досыма.-деп мұңая жырлаған албырт жас, ел жаңа-жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде тұтқынға алынды.

І жүргізуші

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

( Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат,нағашысы,жеңгесі отырды.)

Нағашысы:Қайрат-ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің.

Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

Ән: «Желтоқсан желі»

Нағашы:Астан алыңқыра.Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат:Иә, нағашы,бар ғой бар.

(Осы кезде есік қағылып,үш-төрт милициа үйге кіріп келеді.)

Милиция:Біз органнан келдік.Қайрат Рұсқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз.Прокурордың санкциясы бар,Міне,

Екі жігіт Қайратқа:Тез жинал,бізбен бірге кетесің.

Жеңгесі;Ойбай-ау,бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Қайрат:Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер-ай,айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым ?

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді ,міне, абақтыға жабылдым.

Темірлан: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бар күнде,

Қайғыға халық батқан күн

Әділдік пен шындықты

Өтірік жала еткен күн

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шеккен күн

Санжар : Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қағалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.

Көрініс: «Қайраттың жауабы»

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып

шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)

Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!

Кезекші: аключенный Рысқұлбеков на допрос!Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші: Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат: Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші: Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бесте жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар.

Жүргізуші:

Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт.

Жел кірді көңіліме жиырма бірде

Айдады ерікке қоймай несібе

Желпілдеп, желдім неге несіне

Түседі ау адасқаным енді есіме-, деп қатты тарыққан, қайсар рухты қазақ жігіті еді. Өкінішке орай 1988жылы 13 мамырда Семей түрмесінде ҚР 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнімен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапында жер жастанды.

Жүргізуші:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаңшыдыау жанды батпан мұң.

І жүргізуші:

"1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті."
ІІ жүргізуші

Желтоқсан оқиғасы салдарынан , 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды.

99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып,

2 адам өлім жазасына кесілді;

758 студент оқудан шығарылды;

ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды

Жүргізуші:

Ләззаттың анасы: Айым

Бота көзің боталап,
Қиянаттан қаталап,
Дәл он алты жасыңда
Қыршыныңнан қиылдың,
Қара жерге бұйырдың.
Қысқа күндей қызарып,
Баттың - ау сен, Ләззатым!
Елің үшін азапты,
Тарттың - ау сен, Ләззатым!


Аяжан: Ләззат Асанованың рухының назды үні....

Есіңе ал, есіңе ал, жас достар,
Бұл жерде батыр жоқ қол бастар.
Бұл жерде жүректе мұз жатыр,
Бұл жерде өрімдей қыз жатыр.
Бұл жерде мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған.
Бұл жерде Ләззаттың қаны бар,
Танкінің астында тапталған.
Міне, мен де жатырмын,
Ақжазықтың түбінде.
Мені өлтірген танкист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсең өткен күнді
Еске алғанның несі бар?
Желтоқсанда құрбан болған
Ләззат қызды есіңе ал.
Жас өмірдің қыршын гүлін
Қиып түскен қанішер!
16 - да қиылдым мен
Табанында танкінің.
Ләззат атты құрбанымын
Қазақ деген халқымның.
Шағаладай қалықтаған,
Көк теңізді жағала.
Ләззат дейтін мен болам,

Аспандағы шағала.
Туған халқым - қазағым,
Сенің үшін жанамын.
Енді қайтіп көрмейік,
Желтоқсанның азабын.

Жүргізуші:

Президенттің жарлығымен 1996жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен "Алтын жұлдыз" тапсырылды. Сабира , Ләззат, Ерболға ағаларымыз бен апайларымызға

"Ақтау жөніндегі анықтама" қағаздары берілді.

ІІ жүргізуші

Енді экрандағы бейнетаспаға назар аударайық ... ... ...

ІІ жүргізуші

"Бұл күнгі қанды қақтығысты ешкім де суреттеп айта алмас...

Деседе, өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып жатса да , жүрегіндегі ұмытылмас сезімді, сол кездегі оқиғаларды өз басынан кешірген, өз көздерімен көрген куәгерлеріміз , бүгінгі кешіміздің қонақтарын ортаға шақырамыз.

Олар: 1.Тоқтабекова Советхан Нұрсұлтанқызы

2.Иманболов Ғалым Нұрахметұлы

3.Сәуле Манатбековна

І жүргізуші:

Желтоқсан оқиғалары туралы өз ойларыңызды ортаға салып, бізбен пікірлескендеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Сіздердің құрметтеріңізге Жаңылхан Ақылбайдың орындауында «Қазақ жастары» әнін қабыл алыңыздар»

Жанерке
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім мен

Дияна
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
--------------------------------------------------------------------------------------------------

Бекболат
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан

С.Ілияс
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
--------------------------------------------------------------------------------------------------

Сабина
Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

Музыкалық сәлем: Келесі тамашалайтындарыңыз « Қар жорға» биі

Музыкалық сәлем: Мұсабеков Ильястың орындауында «Алға Қазақстан » әнін қабыл алыңыздар.

Музыкалық сәлем: Би

Музыкалық сәлем: Қожахметова Жұлдыздың орындауында «Елімай» әні.


І жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.


ІІ жүргізуші:

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


1-жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Музыкалық сәлем : Келесі кезекте «Жас ұлан» әнін қабыл алыңыздар


Жүргізушілер: Айым, Ақылбай

Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында


дей келе, «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты әдеби - қойылымдық кешімізді жабық деп жариялаймыз!







Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектеп





«Тұғыры биік Тәуелсіздік»

( әдеби - қойылымдық кеш)




6 «Б» сыныбы

Сынып жетекшісі:

А.А.Мухаметчина



Талдықорған 2015 жыл

Сыныбы: 6 Сынып жетекшісі Мухаметчина Айша Абдрахмановна

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тұғыры биік Тәуелсіздік»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беріп, оның неден бастау алып, не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, Отаншылдыққа, елжандылыққа, халқына қызмет етуге баули отырып, яғни ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, ұлттық намыс пен ұлттық рух қасиеттерімізді қалыптастыру.

Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде яғни шәкірттеріміздің санасында мәңгі ұмытылмастай бір нәрсе қалғанын.Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет көрсету.

Тәуелсіздік, Азаттық - қасиетті сөз, қастерлі де киелі ұғым. Тәуелсіздіктің туын жықпау өз қолымызда. Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз, сілкініс жасап, өрлеу жолына түскенде оларға біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғандығын, кең жазира байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екендігін осы ұрпаққа мирас етіп қалдыру - бізге парыз.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Тәуелсіздік алғаннан бері қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Елбасымыздың көреген саясаткерлік ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтуіміз қажет.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.






© 2010-2022