Сыныптан тыс жұмыс Кемеңгер көшбасшы

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Кемеңгер көшбасшы

Мақсаты: 1. Білімділігі: Отанымыз Қазақстанның көп ұлтты мемлекеттік екенің және онда тұратын халықтың төл мәдениеті мен тілін дамытуға құқылы екені туралы балаларға түсінік беру.

2. Дамытушылығы: есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін сараптау, салыстыру, дәлелдеу машықтарын қалыптастыру, шығармашылық және коммуникативтік құзырлықтарын дамыту.

3. Тәрбиелік: білім алушылардың елжандылығын, өз отанына, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

- оқушылардың жобалаушылық дағдыларын дамытуға педагогикалық жағдай жасау;

- балалардың өзін-өзі бақылауын дамыту;

Көрнекілігі: плакат, суреттер, кітаптар, үнтаспа.

Барысы:

1.Ұйымдастыру. Жүргізуші:

Қазақстан - егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған бел.
Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
Шартарапта шаттығыңдай азат күн,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы, Елтаңбасы , бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

Әнұран орындалады

Жүргізуші:

Өсер елдің қай сәтте де биік болмақ қалауы
Желбіресін Нұрағаның тік ұстаған жалауы
Өзіңіздей өр намысты ағасы бар ұлы елдің
Әрқашанда орындалар қиялы мен қалауы.
Елбасымыздың балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады.

Ән:

Елбасы өмірі мен еңбек жолы
1 оқушы:Н.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
2 оқушы:1960-69 ж. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
3 оқушы:1969-73 ж. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-77 ж. Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
4 оқушы:1977-79 ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы
5 оқушы:1979-84 ж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
6 оқушы:1984-89 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
7оқушы:1989-91 ж. Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.
8 оқушы:1990 ж. Ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
9оқушы:1990 ж. Сәуірінен Қазақ КСР президенті.
1991 ж. Желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Н.Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
10 оқушы:1995 ж. Сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің өкілеттілігі 2000 ж. Дейін ұзартылды. 1999 ж. Қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
11 оқушы:2005 ж. Желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Жүргізуші:

Толысып Қазақстан жылдан-жылға
Ел болдық күн ілгері алып тұлға
Тұрады өлкемізде көп ұлт бірге
Бөленіп күн көзі мен достық нұрға.

Ән:
Жүргізуші:

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Біздің Елбасымыз - білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.
Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.
(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі).
1 оқушы:Кофи Аннан - БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда - бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады.
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».
2 оқушы: Ким Дэ Чжун - Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді».
3оқушы Эмомали Рахмонов - Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі - мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер.
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық.
Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы - өз халқының даусыз басшысы».
4 оқушы Джордж Буш - Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».

Жүргізуші:

Болса да алда қанша қиын айналым
Жас ұланым күш-қуаттың Отан үшін сал бәрін
Елағаның тігіп берген жолыменен нық басып
Еңкеймесін , тұрсын мәңгі биіктерде байрағым.
Енді Елбасымыздың дәрежесін атайық.
Біздің Елбасы (Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады )
1 оқушы: Қазақстанның тұңғыш президенті
2 оқушы:Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы
3 оқушы: Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы
4 оқушы: Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы
5 оқушы: «Ғасыр адамы»
6 оқушы: Экономика ғылымының докторы, академик
7оқушы: Әнұранның авторы, жазушы
8 оқушы: Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы
9 оқушы: Алымды да, алғыр басшы
10 оқушы: Көреген саясаткер

Жүргізуші:

Жастары қазағымның жол бастады
Нұрсұлтандай ағамыз ел басқарды
Елдігі мен ерлігінен сабақ алған
Жастары мектептің ән бастады.
Ән»
Ендігі кезекті әр сыныптан Елбасымызға арналған жыр шумақтарын тыңдалық.
-Серпілтіп бостандықтың ақ түманын
Жетті әлемге ұраны мен жыр-әнім
Өзің болдың көшбасшысы Отанның
Өзің болдың биік ұшқан қыраным Би:
«Менің Президентім»
Менің Президентім - тәуелсіз қазақ елін тарих сахнасына шығарып, дүниежүзіне таныстырған, табыстырған тұлға.
Менің Президентім - тәуелсіз Қазақ елінің абырой-беделін асқақтатып, әлемге әйгілеген саңлақ саясаткер.
Менің Президентім - тәуелсіз Қазақ елінің тілі басқа, тілегі бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған, бірлік пен татулықтың тірегі.
Менің Президентім - тәуелсіз Қазақ елінің экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жетекші елдермен терезесін тең ұстаған көреген көшбасшы.
Менің Президентім - тәуелсіз қазақ елінің ғылымы мен техникасын, білімі мен мәдениетін, өнері мен спортын шырқау биікке көтерген ұлт қайраткері.
Менің Президентім - ұлттық тіліміз бен дәстүрлі дініміздің берік қорғаны.
Менің Президентім - тәуелсіз Қазақ елінің жарқын болашағы жастарымыздың білім алып, еңбек етуіне бағыт-бағдар беріп отырған қамқоршысы.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік. Тәуелсіздік - жыр - әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.
Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!
Ел болып көтерілген шаңыраққа
Тілейміз бақыттылық, баяндылық!
Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің» атты әні
Жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болсын! Еліміздің болашағы, жас ұрпақ, біздің қолымызда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болайық дегім келеді. Бүгінгі кешімізді Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа».
Ән: «Көк тудың желбірегені»

© 2010-2022