Статья на тему: Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту кезеңінде ең басты көңіл қоятын жайттар: олардың танымдық дамуы мен жас ерекшеліктері. Танымдық даму дегеніміз баланың оқуы және проблемаларды өз бетінше шеше алуы болып табылады. Оқу және ойын әрекетіне коррекция өзіндік баға мен мақсат қою, оны бақылауға дағдыландыру, іс-әрекеттің жағдайы мен құралын меңгерту және жеке тұлғалық , әлеуметтік және оқу мотивациясын қалыптастыруға бағытталған.

Баланың қарым-қатынасын коррекция баланың субьективті қабылдауын,

әлеуметтік жағдайдың дамуын өлшеу, әлеуметтік интелект, әлеуметтік бедел, ішкі және сыртқы қақтығысты жеңуге бағытталған.Г.В.Бурменской, О.А.Карабанова және А.Г.Лидерса зерттеулерінде анық байқалады. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Оқушылардың жас ерекшелігі де осымен айқындалады.

Бихевиоризнің негізін салған Джон. Б. Уотсон психология бағдарланған ішкі тәжірбені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп есептеген. (Нұсқаулық 77-бет) Қайта ол зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Нәтижесінде орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретінде «түрткі реакция» модельін әзірледі. Оқушылардың мінез құлықтарының нәтижесінде олардың реакциясы не күшейеді немесе әлсіреп кетеді деп сендірді. Бихевиористерортаны зерттеген болса, Гештальт ақыл ой үдерістерін зерттеді. Бұл теория оқу үдерісіне балалардың белсенді қатысуын атап өтеді, тіпті бастауыш мектеп жасындағы балалар оқу және даму үшін қажетті қызмет түрлерін басым бөлігіне бастамашылық етеді деп сендірді.

Хаген мен Хейл суреттерді есте сақтауды сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсетті. Мұнда ол бес алты жасар балаға қарағанда, он төрт он бес жастағы балалардың көбірек есте сақтағаны жайында баяндалады. Бірақ кіші жастағы балалардың есте сақта демеген суреттерді көбірек есте сақтағаны баса айтылды. Балалардың назарын аудару танудың маңызды элементін және олар білетін ақпаратпен байланысты жаңа ақпарат алу мүмкіндігін қамтитындай болғаны маңызды деп сендірген. Ал Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі орын алатынын анықтады. Баддели мен Хитч 1974 ж «жұмыс жадысы» деп атады. Біз жұмыс жадысы арқылы санамызға ақпарат енгіземіз, сондықтан біз онымен жұмыс істей аламыз. Оқушылардың жадысының даму жолдарын анықтайтын көптеген танымдық міндеттерді орындау қабілеті үшін негізгі мәні бар. Тульвинг 1985ж ұсынған ұзақ мерзімді жадының үш компоненттеріне тоқталатын болсақ: рәсімдік, эпизодтық, семантикалық.

Рәсімдік жадының қызметі тамақ ішу, секіру, карандашпен жазу, доп лақтыру сияқты іс қимылдар арқылы дамитын біздің білімдерімізді сақтайтын қойма. Эпизодтық жадыда біздің тәжірбиеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын жүйе. Көзбен көрумен қатар сезім мүшелерінен келетін ақпараттарда кіреді. Семантикалық жадыда біздің дамуымызда және сөйлеуімізде аса жиі көрінетін символдар жасау қабілетімізге байланысты. Неше түрлі өміріміздегі естеліктер мен тұжырымдамаларды есте сақтайтын қойма.

Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастауыш сынып сатысында бала педагогикалық экологияны сақтаған, жағымды микроахуалда, табысқа жетуін қамтамасыз ететін жағдайда тәрбиеленгені жөн.

Психологияны оқу-тәрбие үрдісіндегі ролінен бөлек алып қарастыруға болмайды. Оқудың бала дамуындағы ролі Л.С Выготский, А.Н.Леонтьевтің еңбектерінде баланың оқуы мен тәрбиесінің жалпы жолдарының жүйесі анықталған. Бүгінгі таңда оқу бағдарламаларында өзіндік психологиялық үрдістер мен механизмдерді қалыптастыру арнайы мәселе ретінде қарастырылмайды.

Психолгия ғылымының докторы Н.И Непомнящая зерттеулерінде оқытудың "жақсы"деген көрсеткіші өздігінен болмайтынын білімнің қажеттілігін қарастырды. Керісінше, оқытудың табысты деңгейі баланың даму ерекшелігінің механизмдері мен танымдық қабілеттілігін ескергенде ғана жақсы көрсеткішке жетуге болады. Оқу үрдісінде механизмнің ролін және қалыптасуын бағдарламаға ендіру -педагогикалық психологияның басты міндеті. Танымдық қабілеттілікті дамыту мүмкіндігін Дружининнің пайымдауынша ортаның әсері және тұқымқуалаушылық екі бағдарлама қарама-қарсы қарастырылды. Тұқымқуалаушылық 50%үлес алса, 30 % ортаның әсерімен, ал 20% генетика мен ортаның әсеріне тиесілі екен (В.Н Дружинин. Қолданбалы психология 1998. 30 бет).

Дамыту бағдарламаларын қолдана отырып, ақыл-ой қызметінің ауқымын кеңейтуге, қарым-қатынаста интеллектіні дамытуға генетика мен ортаның үлесі жеткілікті.

Оқушының қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісінде игеріледі.

Қабілеттіліктің дамуы жеке тұлға болып дамуға қолайлы әсер етеді. Оқытудың гуманистік тәсілінде адамның өсуіне ерекше назар аударған. Негізін қалаған Маслоу мен Роджерс болатын. Олардың зерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан, барлық тәжірбиесімен, біліммен қоса алғанда жеке тұлғаны толық қамтиды. "Осындай тәсілмен оқығанда, біз бүтінбіз, біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз" деді. (1983 Роджерс).

Г.Виммер мен Дж.Пернер үш төрт жасқа жеткенге дейін "Зерде теориясы" дамымайтынын көрсетті. "Зерде теориясы"дегеніміз іс әрекетке әкелетін ақыл ой күйінің кең спектрін ( сенім, тілек, ниет, елестету,эмоциялар) түсінеміз. Дәлірек айтқанда, зерде теориясы өз санаңның және басқа адамдар санаңның мазмұнына ой жүгірте білуі.

Ой жүгіртудің өзіндік үш түрі бар: ұқсастық бойынша, моральдік пайымдау ,зерде. Жасерекшеліктеріне сәйкес оқыту үшін маңызды болып табылатын танымдық үдеріс ұқсастық бойынша ойлау қабілеті. Бұл адамның санасы менбілім алуы үшін аса маңызды. Демек оқушыларға бірнеше жұмыстарды тапсырасыз да, соның ішінен жоқ нарсені сұрайсыз. Ал қолдарындағы бар материалдарды байланыстыра отырып, яғни ұқсастық бойынша ой жүгірту арқылы балалар тапсырманы орындап шыға алады. Ал моральдік пайымдау өнегелі даму кезеңдік үдерісін сипаттайды. Осы дамудың кезеңдік бөлімдерін Кохлберг "Ганс дилеммасы" деп аталған мысалында дәлелдейді. Ол осы мысалында әйелі сырқат ер азаматтың жасаған қылығы қаншалықты дұрыс бұрысына көз жеткізу мақсатында қолданады. Олардың жауаптары өте қатты қызықтырды. Себебі сол жауаптары арқылы оқушылардың жасерекшеліктерін байқау тиімді деп есептеді. Онда дәріханаға барған ер азаматтың дәріге ақшасы жетпегені және ауру әлін рак ауруынан құтқару үшін, ұрлап кеткені жайында баяндалады. Мәселен, өнегелі дамудың ең ерте кезеңі, бастауыш мектеп жасындағы балалар кең тараған. Бұл кезеңде балалар ережелерді мызғымас қатып қалған қағида деп санайды. Сол себептен де бастауыш сынып оқушыларының жауаптарын "Тілалғыштық және жазалау" деп дәлелдеді. Бұл кезеңге қарағанда "Тұлғааралық қатынастар" кезеңіндегі оқушылардың жауаптары жермен көктей болды. Бұл сатыда даму әлеуметтік тұрғыдан күтілетін нәтиже мен рольдерге қол жеткізуге шоғырланады.

Демек, бұдан қандай қорытынды шығарамыз? Әр бала өз даму кезеңдерімен ерекшеленеді. Сол себептен де ғалымдарымыз әрбір баланың өз ақыл ой өрісіне арнап, жасерекшеліктеріне қарап, танымдық үдерістерін жасаған дегім келеді. Еліміздің ертеңі алдымыздағы бүлдіршіндер, сол өскелең ұрпақ тәрбиелеуде қажымай еңбек етейік ұстаздар!

© 2010-2022