Тәрбие сағаты: Айналайын-анашым! (4-сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Айналайын, анашым!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд, нақыл сөздер.

1.Анасын сүйгеннің баласын сүй.

2.Ана-сүтін ақтамағанды,

Ешкімде мақтамайды.

3.Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.

4. «Игі еңбек түбі осы-ау» дер,

Көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай мәңгі жасай бер,

Мәңгілік күндей анашым!


Барысы:

І Кіріспе
Жүргізуші:

- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Аяулы анашым» атты мерекелік тәрбие сағатымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады. Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол-Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да-Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де -Ана.

Ана -бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дана, Ана -дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық адам, анадан қымбат жан жоқ.

Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

Бойымызға ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақта аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

Қаламы жүйірік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

ІІ Негізгі бөлім

  1. Жыр шашу

Дархан: «Ананың сүюі» Ы.Алтынсарин

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең,

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше,

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас ед өле-өлгенше.

Айсана:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады,

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады?!

Нұрасыл:

Қамқоршы боп жүреді,

Маңдайымнан сүйеді.

Суға түсіп отқа да,

Бір мен үшін күйеді.

Асылан:

Мерекемен өздеріңді,

Құттықтайды балалар.

Арнап айтқан әнімізді,

Қабыл алшы аналар

Ән: «Ана туралы жыр»

Орындайтын: «Әнші балапан-2014» конкурсының бас жүлдегері С.Әбдіқадырова

Жүргізуші:

Аналарға ән сыйлау аздық ететінін түсінетін біздің оқушылар өздерінің қолдан жасалған ашық хаттарын жасап сыйлауды ұсынған болатын, ендеше сол сыйлықтарын қабыл алыңыздар (аналарға оқушылардың қолдан жасаған ашық хаттарын тарату).

Жүргізуші:

Аналарды сүйеміз,сөзін ойға түйеміз,

Әжені де ардақтап,әдеппен бас иеміз.

Бейбарыс:

Асыл әжеміз, мақтанышымыз біздің де,

Қонақ болып отыр міне төрімізде.

Өздеріңе арнап балдай үніммен,

Ән салатын кезім келді менің де.

Зарина:

Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,

Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.

Тіршіліктің қызығына бөленіп,

Аман-есен ортамызда жүріңіз!

Мерекең ұзағынан бола берсін,

Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!

Мөлдір:

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.

Жүргізуші:

-Әжелердің құрметіне мың бұралған биші қыздарымыздың «Түрік» биін ұсынамыз.

Бишілер: Айдана, Рузана, Нұргүл

(Би соңында әжелерге сыйлықтар беріледі)

Айсана:

Білімнен бұрын тәрбие,

Керек екен әр үйге.

Білім, тәлім теңессе

Кіреді екен сән үйге

Дәндеріңіз өсіп көктесін,

Бақыт құс бастан кетпесін.

Абыройға cіздер өрлеген

Ешбір адам жетпесін.

Жүргізуші:

Бала үшін біз де ардақты анамыз,

Отан үшін біз де бір қыз баламыз.

Ортасында от жүректі лаулатып,

Жалындаған жырға айналып барамыз,-

дей келе ерекше төзімді, еңбекқор ұстаздар қауымын да мерекемен құттықтап, құрмет білдіріп, қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, иіліп тәжім етеміз.

Ойын: «Гүл сыйлау»

2 жұп шығып әуенге билейді, тоқтатқанда кім бірінші гүлге жетсе сол ұнатқан ұстазына гүл шоғын сыйлайды.

Ұстаздар құрметіне «Жастар» биін ұсынамыз

Бишілер: қыздар тобы, Махаббат, Әйгерім, Нұргүл, Сабина, Әлия, Айдана, Рузана, Жансая, Айсана, Зарина, Нұрай

Айдана:

Құттықтаймыз тағы да аналарды,

Мерекеден шуақты бір із қалсын.

Болсын әр кез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер.

Жансая:

Тыным таппай күнімен,

Ұйқы көрмей түнімен.

Бар тірлігін тындырып,

Бірге ойнайды менімен.

Е.Ақжол:

Сеніміңді ақтайды,

Еркелеткен балашың.

Аман жүріп әрқашан,

Мұңаймашы, анашым.

Асылжан:

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз,

Балаңызды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүреді олар арман боп,

Тұрады олар маржан боп.

Балалары бақытты,

Аналарда арман жоқ.

Нұрсұлтан:

Өнегесін үйреніп

Көмекші боп жүрейік

Алдарыңда бас иіп,

Би де билеп берейік.

Абдунұр:

Ақ анашым аппағым,

өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Жүргізуші:

-Шет жүрсем сағынарым,

жабықсам шағынарым,

Анашым бір өзіңсің табынарым,-деп, аналардың құрметіне көрініс: «Бір ананың жеті қызы»

Ән: «Ақ мамам»

Орындайтын: Әлия, Нұргүл

Көрініс: «Шықбермес Шығайбай мен Алдар»

Бай:

-Көктем, көктем тіршіліктің көзі деген рас екен-ау, ал тіршілік-табыстың өзі екен.

Ана:

-Аман-есен келдің бе, әйтеуір. Ақша табамын деп, бала-шағаңды ұмытып кетпесең болғаны.

Ұл:

-Әке, ассалаумағалейкүм! Маған бәтеңке әкелдіңіз бе, өткенде айтып едім ғой, қараңызшы жыртылып қалды.

Бай:

-Көрдім, көрдім кішкене шыдай тұр, міне көктем де шықты, жазда жалаң аяқ жүруге болады. (Бала ренжіп қалады)

Қызы:

-Әке, маған көктемгі күртке керек, қысқы киімім ыстық.

Бай:

-Мектепке барғанда бір-ақ аласың, әйтпесе ескіріп қалады. (қызы да ренжіп қалды)

Ана: -Қашан сенің «бар» дейтін кезің болады? (Үйден жылап шығып кетеді, алдынан Алдар шығады)

Алдар:

-Ой, жеңеше, сізге не болды? Мереке күні жылауға бола ма?

Ана:

-Не болушы еді, әлгі шықбермес басқаны қойып, өз балаларынан да татыратын емес. байыған сайын пейілі тарылып барады.

Алдар:

-Жүр, жылама мен бәрін реттеймін.

-Ассалаумағалейкүм, байеке!

Бай:

-Уағалейкүмассалам!

Алдар:

-Көңіл-күйіңіз жақсы екен, табысыңыз да жаман болмас?

Бай: (Әрине дегендей басын изеді)

-Менен асқан жұмыстың,

Көзін білер бай бар ма?!

Мыңғырған мал қорада

Дүниесі сай бар ма?

Алдар: -Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Жайсаң мінез жайдары,

Жомарт байлар жоқ па?

Бай: -Теңге қалай жасаудың

Жолын өзім білемін,

Ақша тола қалтамда,

Көңілденіп жүремін

Алдар: -Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Бар болса да жоқ дейтін,

Сараңдығың жоқ па?

Бай: -Жетер енді, түріңе қарамай маған сын айтасың ба? Балаларымның алдында мені неге сараң деп балаларымның алдында беделімді түсіресің, ел естісе сеніп қалмай ма?

Алдар: -Сараң екенің өтірік пе?

Бай: -Өтірік

Алдар: -Онда бәстесейік

Бай: -Қаншаға?

Алдар: -Бір теңгеге.

Бай: -Келістік!

Алдар: -Сенің сараңдығың сонша, бір адамға қарыз бере алмайсың.

Бай: -Кім айтты, берем.

Алдар: -Олай болса, маған келесі жылға дейін қарызға 100 теңге берші.

Бай: -100 теңге ғана ма, мә 200 теңге.

Алдар: -Рахмет, байеке, артық айтсам кешіріңіз. Ал енді кім жомарт, кім сараң оны сауда үстінде байқайық.

Бай: -Кеттік.

Сатушы: -Келіңіздер, келіңіздер,

Жаңа бұйым көріңіздер.

Пакістаннан, Үндістаннан,

Түркиядан, Кореядан

Жаңа заттар толып жатыр.

Бикештерге мырзалар,

Қаптап сыйлық алып жатыр.

Келіңіздер, келіңіздер...

Алдар: -Маған қаламсап, қызыма қуыршақ, әйеліме орамал беріңіз.

Сатуышы: -Мінекей ең жақсысы, орап берейін.

Бай: -Маған да,-деп басын сипай бергенде,

Алдар: -Сенің де балаларың осыны сұрап па еді? Оның үстіне Шығайбайдың әйелі шыт орамал тартып жүр деген ұят емес пе, дұрысын алыңыз.

Бай: -Ұлыма бәтеңке, қызыма көктемгі күртке, әйеліме жібек орамал

Сатушы: -Бар, бар. Былғары бәтеңке, әдемі күртке, жібек орамал, көйлек, оған түстес әйеліңізге әдемі туфли де бар,-деп, бәрін орап береді. (Бай ақшасын санап береді)

Сатушы: -Не деген мырза едіңіз!

Бай: -Естідің бе, Алдар. Енді ұтылғаныңды мойындайтын шығарсың, мені мақтап тұр.

Алдар: -Әрине, міне келіскеніміздей 1 теңге! Ал енді көріскенше күн жақсы.

Бай алған сыйлықтарын, үйіне әкеп берген соң, теріс қарап, қалтасындағы ақшасын санап:

-Ой масқара-ай, қалтада түк қалмапты ғой. Әй, Алдар, ақшамды тез қайтар, әйтпесе пайызымен аламын!-деп артынан жүгіріп кетеді.

Ән: «Достар»

Орындайтын: «Әнші балапан 2014» конкурсының ІІІ орын иегері Хамит Айсана

Жүргізуші:

-Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі,-деп халқымыз айтқандай, біздің сынбымыздың көрікті де ақылды, өнерлі қыздарын да ұлдарымыз құттықтайды.

Би: «Жігіттер» биі

(Ұлдар қыздарға сыйлықтарын таратады)

Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»

1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /

2. Ауылдан асқан байлық,
________ қымбат қазына жоқ. /кітап/

3.________ қылығымен көркем. /қыз/
4.Ағаш тамырымен мықты,

______________________ /Адам досымен мықты/

ІІІ Қорытынды

Жүргізуші:

- Не тәтті ? Ананың сүті

- Не жұмсақ ? Ананың қолы

- Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын,

Бауырмал болса, інің жақын

- Не қымбат ? Алтын ұяң Отаның қымбат,

Құт - береке атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

- Мынадай оқиғаны айтып берейін: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) -ға сахабалары келіп:
- Алланың елшісі, бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда.

Ол: -Анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағы да Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенде: -тағы да Анаға,-деді төртінші кімге дегенде: -Әкеңе,-деді .
Міне, бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашанда аналар беделі биік болсын!-деп, аналардың құрметіне

Би: «Жастар» биі

Ән: «Жаса қазақтың жастары



© 2010-2022