Байқау Сырласайық жеңеше

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байқау Сырласайық жеңеше№9 Абай атындағы орта мектебі











Байқауы

Жүргізушілер: Телеушов Е.

Кенжебекова Ж.

Өтетін орны: Қошқарата мәдениет үйі



2016 жыл Қошқарата ауылы



Жамбыл облысы

Жуалы ауданы

Қошқарата ауылы №9 Абай атындағы орта мектебі

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кенжебекова Жибек Нургазиевна

Байқау Сырласайық жеңеше

Тақырыбы: «Сырласайық жеңеше» сайысы

Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық, имандылық, әдептілік, арлылыққа тәрбиелеуде қыз бен жеңгелерінің алатын орны ерекше екеніне тоқталу; ұлттық-салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу

...............Қыздар-қызыл киігі жанұяның

Қайықтары махаббат дарияның

Ескектерін ерліктің жоғалтпаған

Сіңілілері-ай Мәншүк пен Алияның

Қыздар, қыздар-көңілдің көк гүлдері

Көк көлдердің көзге ыстық кептерлері

Азаймаңдар, арулар, жауқазындар

Азаймаңдар өмірдің көктемдері

................ Армысыздар, Қошқарата ауылының тұрғындары, қонақтары және құрметті әділқазылар

............ Бүгінгі шуақты күнде көктемнің жауқазындай құлпырған әсем қыздарымыз бен олардың асыл жеңгелері өз бақтарын сынауға «Сырласайық жеңеше» атты сайысымызға келіп отыр

Бірінші қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

Екінші қыз елгезек

Алады тез тіліңді

Қыздарымыз үлбіреп

Жанарлары мөлдіреп

Бұрымдары желбіреп

Барлығы да өнерлі

......... Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары! Бұл байқауымыздың мақсаты- «Ұяда не көрсең , ұшқанде соны ілерсің» демекші шаңырақта дұрыс тәрби беруді мадақтау; ауылымыздың жастары арасындағы қыз балаларымыз бен бойжеткендеріміз арасындағы, қызға тән инаббатылық, қарапайымдылық, әдептілікті тәрбиелеу. Ата салтымызды дәріптеу.

.................... Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді,

Оларға берейік бүгін төрді

Ауылымыздың намысы үшін келіп тұрған

Сымбатты аруларға кезек келді

................... Ағайынға аймақ болған жеңешем

Абысынға қаймақ болған жеңешем

Жасық болмай жайнап жүрші, жаным деп

Қайн сіңіліге қайрат берген жеңешем

.............. ортаға қатысушы аруларымызды асыл жеңешелерімен бірге шақырайық

.................................................................................................................................

...............................................................................................................................

.............................................................................................................................

.............................................................................................................................

.........................................................................................................................

.............................................................................................................................

Әділдікпен баға бере сайысқа

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділқазы алқаларын сайлайық

Рет-ретімен таныстырабастайық, сайысымыздың қатысушыларын бағалайтын әділқазылар

..............................................................................................................................

..............................................................................................................................

..............................................................................................................................

................ Көп сөйлеп, жөн жобадан аспайық

Қандай сайыс болса дағы қашпайық

Ал, ендеше рұқсат болса

«Сырласайық, жеңеше!» сайысын бастайық

........ сайыс шартымен таныс болыңыздар. Сайысымыз алты бөлімнен тұрады

1. «Кәне, таныс болайық» таныстыру (Жеңгесі сіңілісін, сіңілісі жеңгесін таныстырады)

2. «Халқын сүйген-салтын сүйер» (Қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүріне байланысты көрініс құрады)

3. «Сырымыз бір жеңгелер» (Ситуациялық сұрақ-жауаптар)

4. «Өнерпаз болсаң арқалан» (қыздың өнері)

5. «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам...» үй тапсырмасы (жеңгесі қол өнерін көрсетеді және ас пісіреді)

6. «Ата мұраң-асыл қазынаң» (дәстүрге байланысты сұрақтар)

....................... Беташарын сайысымыздың бастайық

Көрерменді бір сейілтіп тастайық

Ата-анаң мен жеті атасын атайтын

Тектілерді ду қол соғып қостайық

1. «Кәне, таныс болайық» таныстыру бөлімі басталады. Жеңгесі сіңілісін, сіңілісі жеңгесін таныстырады.

2. Таланты талмай ұшар қанаттының

Әртістер бар өмірде даңқы асқан

Көрейік біз өнерін арулардың-деп «Халқын сүйген-салтын сүйер» атты бөлімінің шарты бойынша қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүріне байланысты көрініс құрады

................. Көңілін халқымның таптың бүгін

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық

Байқайық жеңгесі мен қайын сіңілі тапқырлығын - деп кезек 3. бөлім «Сырымыз бір жеңгелер» мұнда ситуациялық сұрақтарға қатысушыларымыз жауап береді.

1. Қайын сіңіліңізді есімімен атайсыз ба? Еркелетіп қойған есіміңіз қандай? Неліктен олай атайсыз?

2. Қайын сіңіліңіздің мінезі қандай? Ол ашу үстінде өзінен кіші інісімен ренжісіп қалды, сіздің әрекетіңіз?

3.Қайын сіңіліңіз туған күніне достарын шақарғысы келді, бірақ ата-анасы -, яғни сіздің ата-енеңіз қарсы. Жағдайды қалай шешесіз?

4.Сіздің қайын сіңіліңіз озат оқушы, есіл дерті білім, бірақ үй шаруасына мүлдем араласпайды, қызығушылық та танытпайды. Сіз қайын сіңіліңізді үй шаруасына үйретуге қандай амал табасыз?

5. Қайын сіңіліңіз сән үлгісіне еліктей ме? Шектен-тыс еліктегіштігін, ашық-шашық киінгенін байқасаңыз, ол жат қылықтан бас тартуы үшін қандай амал табасыз?

6. Қайын сіңіліңіз ұялы телефоннан немесе интернеттен басын көтермейді, сабағы да жайына қалады, ата-енеңіз «қатарынан қалмасын дұрыс 21 ғасыр ғой » дейді. Сіздің жанашыры ретіндегі әрекетіңіз қандай болмақ? Жалпы ВКонтакте, ватсап деген уақыт кетіргішке деген сіздің көзқарасыңыз қандай?

Сымбатына өнері жарасатын

Аспандағы айменен таласатын

Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па

Қыздарға қызыға қарайтұғын -деп елесі кезекте 4 бөлім «Өнерпаз болсаң арқалан». Қыздарымыздың өнерлерін тамашалаймыз

........ Шеберлердің өнер тамып қолынан

Жаңылмаған ата-баба жолынан

Шебер қолы жеңешемнің көрсетеді

Халқым көрсін талантты қолөнерін-деп 5 бөлім «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам...» үй тапсырмасы берілген, жеңгелеріміздің қол өнерін мен ас мәзірін тамашалайық

........ Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың

Жарасымды, ұнасымды ғажап шың

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық

Насихаттап, жаңартудан қашпайық

6. «Ата мұраң-асыл қазынаң» слайд бойынша

Сөз кезегі әділ қазыларымызға берідеді

Марапатталады

..... Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар

Барымен шат-шадыман болыңыздар

Қоштасайық, келесі кездескенше

Әрдайым сау саламат болыңыздар


© 2010-2022