Конкурс «Классный руководитель года» для молодых учителей

Есть особая категория педагогов, которые о своих учениках и воспитанниках говорят «мои дети». Эти люди  - классные руководители и воспитатели. Они любят своих подопечных, становясь для них старшим другом, опорой, настоящим наставником. Если Вы из их числа – наш конкурс для Вас! Поделитесь своими успехами, расскажите о самых больших своих победах, достижениях своих учеников, которых они добились  хоть в некоторой степени благодаря Вам,  Вашему труду и заботе. Приглашаем  Вас, настоящих энтузиасто...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жас сынып жетекшілер-2014» байқауының бағдарламасы


-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар қауымы мен байқауға қатысушы жетекшілер!

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Жеміс күткен гүл ашпаған бақшадан.

Жігерің мен талантыңды жұмсамай,

Оңай боп па, тәрбиелеу жақсы адам.

Осы жолдың қиясы мен өрі бар,

Сүріндірер қиын өткен жолы бар,-деп «Жас сынып жетекшілер-2014» байқауына қош келдіңіздер. Бүгін өз ісіне шебер, үйренері мен үйретері көп, білімді де, білгір, жаңа ойшыл жас сынып жетекшілер өз орталарынан суырылып шығып, сынға түскелі отыр.Үйде аяулы ана, асыл жар, сүйікті қыз, мектепте шәкіртке сыйлы ұстаз бола білген бүгінгі байқауға қатысушы сынып жетекшілерге сәттілік тілей отырып, осы байқауды ашу үшін сөз кезегін мектеп директоры Халменова Нұржамал Хабиболлақызына береміз.

Мұғаліммін, мұғалім боп ойланам,

Ешқашан да ізденуін қоймаған.

Бір шәкірті бестік алса, мәз болып,

Қуаныштан нұрлы жүзі жайнаған,-деп байқауға қатысушы ұстаздарға баға берер әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін:

1 Халменова Нұржамал- мектеп директоры, әділғазы мүшелері төрағасы.

2.Камидуллина Майра Тайрқызы - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3.Молдағалиева Эльза Зинеденқызы- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

4.Шаяхметова Тайжан Тельжанқызы - әлеуметтік педагогы.

5.Садыкова Шатттық Хайырболатқызы - мектеп психологы.

6. Абдрахманова Айгүл Кадыргалиқызы - мектеп психологы.

Мол өнегең, ұрпаққа мол дәрісің,

Қанаттандыр, қатайтып, қолдан ұшыр.

Саған деген алғыстың шегі де жоқ,

Әрбірінің азамат болғаны үшін,- деп сынып жетекшілердің өз ретін анықтауы үшін жеребе суыруға шақырамыз. Енді бәріңізді байқау шарттарымен тағы бір мәрте таныстырып өтейін:

1. Өзін-өзі презентациялау (таныстыру).

2.Жағдая

3. Панорамалық (2-3)сынып сағаттар (қорғау уақыты - 10 мин)

4. Сұрақ - жауап - 15 мин.

1.Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,

Осы салтты ұстанады халқымыз.

Сайыскерлер өнерді сал ендеше,

Амандасып көріңіздер өзгеше,-деп алғашқы таныстыру бөлімін бастаймыз.

2. Өмір жол емес тақтайдай,

Боласың кейде батқандай.

Қиналған кейбір сәттерде,

Шығарсың оңай жол тауып

Ақылың болсын ақ таңдай,- деп келесі бөлімімізде мұғалімнің басында кездесер жағдаяттардан шығып көрейік.

№1

Сыныбыңызда мінезі ауыр бір оқушы бала бар. Өзіне айтылған сын, ескертпелерді өте ауыр қабылдайды. Сондықтан да онымен тіл табысу сіз үшін қиынға түседі. Сол оқушы сіздің өз сабағыңызға 3 рет еш құралсыз келіп отыр. Сіздің әрекетіңіз?

№2

Сіз санат алу үшін ашық сабақ өткізгелі жатырсыз. Сабағыңыздың дені компьютер, яғни экран арқылы өтпекші. Сіз сабағыңызды бастағалы жатырғанда мектептің жарығы өшіп қалды. Сіздің іс-әрекетіңіз?

№3

Сіз бүгін сыныбыңызбен үлкен шара өткізбексіз. Оған көп дайындалдыңыз. Әр мекемеден қонақтар да шақырдыңыз. Шараңыздың басталуына санаулы минуттар қалғанда жолдасыңыздың ауруханаға түскені туралы жайсыз хабар естисіз. Сіздің іс-әрекетіңіз?

№4

Сіздің бүгінгі сабаққа әзірлігіңіз жоқ. Яғни, сабақ жоспарын жазбай келдіңіз. Оқу ісі меңгерушісі осы әрекетіңіз үшін сабақ өткізуге рұқсат бермеді. Сіз не істейсіз?

№5

Сіздің бүгін ІІІ қабатта кезекшілігіңіз. Бірақ сіз біле тұра уақытынан кеш келдіңіз. Келсеңіз, сол қабаттағы бір сыныптың есігін оқушылар сындырып, дау туындап жатыр. Сіздің іс-әрекетіңіз?

№6

Сіз 11-сыныпқа сабақ бересіз. Сіздің сабақ беретін пәніңіз ҰБТ-ға кіретін негізгі пәндердің бірі. Бүгін кесте бойынша қосымша сабақ беруіңіз керек. Бір себеппен сіз келмей қалдыңыз. Бұл жайында ешкімге ескерткен жоқсыз. Кешкісін сол сыныптың бір ата-анасы сізге қоңырау шалып, дау тудырды. Сіз бұл жағдайдан қалай шығасыз?

№7

Сіздің сыныбыңызда жатақханада жататын оқушы бар. Бір күні ол сабаққа келмей қалды. Сіз іздеген жоқсыз. Кешкісін мектеп директоры сіздің бүгін келмей қалған сол оқушыңыздың жатақханада жоқ екендігін хабарлайды. Сіз не істейсіз?



© 2010-2022