Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлау

Раздел Классному руководителю
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Турганбаева Саулекул Орынбасаровна Тренер: Абуханова Рысканым

2- деңгей мұғалімінің портфолиосы Нигматуллиновна В1.1есебі 4-топ 21.11.2014ж. «Өрлеу» БАҰО ББЖ ҚБАРИ Алматы қаласы

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп

Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлау

1-бөлім:Тақырыпты негіздеу

Мен бірінші бетпе-беттен келгенде әріптестер арасында сабақ үдерісіндегі қажеттіліктер туралы рефлексия жасадым. Осы рефлексияны негізге ала отырып, мектеп мұғалімдері оқушыларды «ХХI ғасырда нені оқыту керек ? және ХХI ғасырға қалай дайындайды?» деген қажеттіліктен туындаған маңызды мәселе тұрды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. ХХI ғасырда талап ететін дағдылардың мәні осындай екені түсінікті (МАН 4-бет).

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлауКоучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлау

Әріптестермен кәсіби әңгіме Әріптес рефлексиясы

Сондықтан мектеп мұғалімдерінің заман талабына сай сапалы қажеттіліктерді өтеу мақсатында сабақтың үдерісін өзгеру керек деген ұстанымға бағыттау үшін, ең бірінші оқу жоспарын жаңа талапқа жүйелеу керектігін түсіндім. Сондықтан менің коучинг сабағыма мектептегі деңгейлік курсқа бармаған, сабақ үдерісін өзгертуге қызығушылық танытқан мұғалімдерді тартуды жөн көрдім. Жаңа оқуды жоспарлау тақырыбы бойынша коучинг сабағын осы әріптестермен өтеу мақсатында жоспар

жасадым. Осы коучинг сессиясына мектептегі курсқа бармаған 16 мұға -лімнің ұсынысын қанағаттандыру, менің негізгі мақсатым болды. Өйткені

ол мұғалімдер де менің зерттеуімнің арқасында біраз жаңаша сабақ үлгілерін көруді, модульдерді сабаққа тиімді қолдану арқылы сабақ үдерісіндегі оқушылардың қажеттіліктерін өтеуді жүзеге асырады деп сенім арттым.

Мектеп мұғалімдерінің сабақ үдерісін өзгертудегі рефлексиясынан туындаған қажеттілікті өтеу, ең маңызды мақсатыма айналды.

Мұғалімдердің сабақ үдерісіндегі қажеттіліктері:

  • жаңа оқуды жоспарлау үлгісін құрастыру;

  • жеті модульді ықпалдастыра негіздеу;

  • заман талабына сай жаңа әдіс -тәсілдерді сабақ үдерісіне негіздеу;

Мақсаты:

  • орта мерзімді жоспарлаудың үлгі нұсқаулығын сындарлы оқу теориясына негіздеп, кесте құруға сілтеме жасау

Міндеті:

  • жаңа оқудың жоспарын талапқа сай жүйелеу;

  • орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясына негіздеу;

  • жоспарды жеті модуль негізіне ықпалдастыру;

Күтілетін нәтиже:

  • сабақ жоспары жүйеленеді;

  • сабақтың үдерісі өзгереді;

  • орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау тәсілін үйренді;

  • жоспарды жеті модуль негізінде ықпалдастыруды үйренді;

  • оқушы қажеттілігі есепке алынады;

  • сабақтағы өзгерістер оқушының реттелуіне түрткі болады;

Ой шақыру кезеңінде мұғалімдерге төмендегідей сұрақтар қою арқылы пікірлерін тыңдадым.

1.Оқушылар үлгерімінің арасында қаншалықты айырмашылық бар, неге деп ойлайсыз?

2.Сіздің оқушыларыңыз оқыту мен оқудағы қандай әдіс -тәсілдермен таныс?

3.Оқушыларыңыз оқытудың қандай стилін ұнатады?

4.Оқытуда қандай кедергілер бар, оларды қалай жеңесіз? деген сауалнамаларға жауап алуды көздедім. Мұғалімдер шынайы жауап берді деп

есептедім. Мұғалімдерді топқа бөліп алдым. «Ұзақ», «Орта», «Қысқа» мерзімдер. Мұғалімдер осы сөздерге байланысты тіркестерді атап шықты. Ұзақ жол, ұзақ күн, орта бойлы, орта мерзім, қысқа жол, қысқа шаш, қысқа көйлек деп айтты. Мұндағы мақсатым осы сөздердің сессияның тақырыбын аша алады деп ойладым. Осыдан мұғалімдер мен бірлесе отырып, топтың ережесін шығарып алдық. Ережеге бірлесе жұмыс жасау арқылы нәтижеге жету, ойымызды еркін, қысылмай айтуын, уақытты тиімді пайдалану туралы айтылды. Интербелсенді тақтаның көмегімен мұғалімдерге жоспарлаудың тиімді жақтары туралы слайдтар көрсетілді.

Жаңа оқуды жоспарлау сабақтың мақсаты:

-жұмыстың жан-жақты қамтылған блогын ұйымдастыру;

-әр сабақ үшін оқыту мақсаттарын айқындау;

-нәтижелердің қалай өлшенетінін айқындау;

-осы мақсатқа жету үшін жоспарланған мұғалімнің қызметі және оқыту іс-шаралары көрсетіледі;

-блоктың басынан соңына дейін үлгерімді қамтамасыз етеді;

-оқушыларды түрткі арқылы сабақ үдерісіне тарту;

Жаңа оқуды жоспарлауды жүзеге асыру мақсатында теориялық білім беру мақсатында орта мерзімді жоспар бойынша таныстырылым жасадым. Осы таныстырылым арқылы мұғалімдер жоспарлаудың жаңа бағыты бойынша теориялық білімдерін толықтырды - деп, айта аламын. Осы теориялық білімді негізге ала отырып, жаңаша оқу жоспарын өз бетімен құрып жасады.

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлауКоучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлау

Топтағы іс-әрекет Постер қорғау

Мұғалімдер оқу жоспарының нәтижесі оқушының қажеттілігіне бағытталу керектігін түсінді. Сонымен қатар белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістіктің болуымен оқушының үлгерімі тарапынан жоспарлану керектігін түсінді.

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлауКоучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлау

Постер қорғау «ОМЖ» электронды нұсқа

Осы білімді негізге ала отырып, орта мерзімді жоспарды электронды нұсқасын жасады. Осы жоспар туралы терең түсінік қалыптастыруға қызығушылық танытты. Алдағы уақытта терең зерттеп, өз тәжірибелеріне енгізуге ниет танытты. Орта мерзімді жоспарлаудың бұл нұсқасы сабақ үдерісіне оң өзгеріс танытатындығын түсінді.

Орта мерзімді жоспарлаудың үлгі нұсқаулығы:

1.Оқып үйренудің негізгі мақсаттары;

Оқыту үшін қандай тақырыптар мен іс- әрекеттер реті қажет және оқушылардың оқып үйренуіне септігін тигізу үшін қалай ұйымдастырдыңыз?

2.Оқытудағы әдіс- тәсілдер;

Әр сабағыңыз үшін белсенді оқуды ынталандыратын оқыту әдістерін дайындадыңыз ба?

3.Пәнді оқудағы кедергілер;

Өзіңіздің сабағыңызда ағылшын тілі, ана тілі болып саналмайтын оқушылардың оқып-үйренуі үшін қандай қолдау жұмыстарын жоспарладыңыз?

4.Оқып үйренудің нәтижесі;

Оқушылардың тізбектелген сабақтар топтамасының соңында нені біліп шығады? Сіздің оқудан күтетін нәтижелеріңіз оқушылардың жасы мен деңгейіне сәйкес келе ме?

5.Бағалау, оқу үшін бағалау;

Оқушы қазіргі кезде оқып жатқан тақырыпты әрі қалай оқытуды жоспарлап отырсыз? Оқушыларға қалай оқып -үйренуді білу үшін қандай бағалау тәсілін қолданасыз?

6.Барлық оқушыларды сабақта жұмысқа тарту;

Барлық оқушылардың сабаққа қатысқанын қалай білесіз?

7.Негізгі деректер;

Сізге сабақ барысында қандай дереккөздер мен құралдар қажет болуы мүмкін?(тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар)(Апталық жұмыс дәптері)

Мұғалімдер осы жұмысты жоспарлаудың үлгі нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, тізбектелген сабақтан орта мерзімді жоспарлауды үйренді. Сол туралы топта талдап, постер қорғады.

Осы басымдықтарды мұғалімдер өз бойларынан өткізіп, кері байланыс жасауға үйренді. Сыни ойлау арқылы жаңаша ой қорытып,тұжырымды рефлексия жасай алады.

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлауКоучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлау

Мақсатты анықта! Мақсатты анықтау

Бұдан әрі коучингте тренинг арқылы «Мақсатты анықта!» ойынын жүргіздім. Мұнда сабақ мақсатын анықтайтын сөздерді жасыл шарға, оқу мақсаттары болып табылмайтын сөздерді сары шарға, оқушының нені оқитындығын анықтауға келмейтін сөздерді қызыл шарға жазып, өз жұмыстарын жақсы ұйымдастыра білді. Мұғалімдердің көңіл күйін көтеру мақсатында АКТ- ны пайдаланып, сергіту жасаттым.

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлауКоучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп Зерттеу тақырыбы: Жаңа оқуды жоспарлау

Мұғалімдердің рефлексиясы Теориялық білім

Мұғалімнің рефлексиясы

Күні: 02-қазан. 2014 жыл

Аты -жөні: Сыздықова Майра

Тақырып: Жаңа оқуды жоспарлау

Не үйрендім?

-Орта мерзімді, қысқа мерзімді, жоспарлауды үйрендім.

Қандай қиындықтар болды?

Тренинг кезінде парақты бір қолмен мыжып, келесі бір қолмен бастапқы қалпына әкелу қиынға соқты. Әрине, өз іс-әрекетіңде қателік жасасаң, бастапқы қалпына әкелу қиынның қиыны екендігін түсіндім. Сондықтан, білім саласында бір жерден мүлт кетсең оның орнын толтыру, қайта қалпына келтіру күрделі үдеріс екенін түсіндім.

Кімнің идеясы ұнады?

Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрін ұсынды. «Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек. Мүмкін болса бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне ойластырып құрған дұрыс» деген пікірге келісемін

Не білгім келді?

Бағалаудың түрлерімен кеңірек танысқым келеді .

Өзіңіздің іс-әрекетіңіз:

Постер жасап қорғадық, жаңаша жоспарлауды үйрендім .

Коучинг соңында мұғалімдерден рефлексия алдым. Коучинг біткен соң әріптестермен бірігіп сұхбат жасадық. Сұхбатта менің тәлімалушым кері байланыс жүргізе білді. Әр сабақты түрлендіру үшін қолданылатын стратегиялар туралы сөйледі. Тәлім алушымның сұранысын қанағаттандыру мақсатында келесі коучинг сессиясының жоспарын мұғалімдердің қажеттілігіне қарай құруды жөн көрдім.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

(Екінші негізгі деңгей) Үшінші басылым

2.Мектептегі тәжірибеге арналған тапсырмалар

Бірінші апта, екінші апта, үшінші апта үлестірмесі.











































© 2010-2022