Сыныптан тыс жұмыс Менің жетістігім

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Менің жетістігім-Отанымның жетістігі»

Мақсаты: 1) Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу,жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.

2) Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу

3) Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух ақыл мен парасат адамгершілік пен адалдық сияқты қасиеттерді сіңіру, дүниетанымдарын кеңейту, іскерлік дағдыларын дамыту, шығармашылыққа баулу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта,плакаттар,шарлар

Жүргізілу барысы

Кеш жарық құрметті оқушылар,қадірменді ұстаздар! Бүгінгі, «Менің жетістігім-Отанымның жетістігі» атты тақырыбындағы іс-шарамызға хош келдіңіздер.

Бүгінгі күні «дарынды бала» туралы ой қозғалмақ.Ендеше, дарынды бала ол кім?

Тақтаға назар аударайық. /Бейне сюжет/

-Рахмет! Мінекей, бейнесюжетті тамашаладыңыздар. Алдарыңызда мектебіміздің осындай қабілетті, талантты, дарынды, оқушылары қонақта отыр.

Олар: 9 сынып оқушысы Қыдырәлі Нұртас - "Шахтерлер күніне" арналған бокстан ашық турниріндегі 36 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иегері; "Батыр" сыйлығына үміткер Халықаралық бокс турнирінде 3 орын Тюмень қаласы; Қарсақбай кентінде өткен жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілікте ІІ орын иеленген. КМС атағын иеленген.

9 сынып оқушысы Өтеген Арайлым - 2007 жылғы Ұлытау ауданында өткен V "Тау самалы" фестивалі аясындағы "Әнші балапан" сайысының "Ең жас өнерпаз" номинациясы, 2010 жылғы Ресурстық Орталық Абай әндерін орындаудан 1 орын, 2011 жылы "Қазақстан үміт артарлары" кітабына енген, 2015 жылы ІІ аудандық "Жас жігер" байқауында вокал бойынша ІІ орын, 2015 жылғы "Мына әлем қандай тамаша" тақырыбында Республикалық мәнерлеп оқу сайысында 3 дәрежелі диплом (Астана қаласы)

9 сынып оқушысы Побединский Аркадий - KATEV "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының аудандық және облыстық кезеңдерінен ІІ орын

11 сынып оқушысы Жанадилова Гүлназ - KATEV қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінің І орын, облыстық кезеңінің ІІ орын иегері. Республикалық президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінің І орын, облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері. Халықаралық сырттай математика пәні олимпиадасының ІІІ орын иегері. Аудандық ғылыми жобалар байқауының ІІІ орын иегері.

8 сынып оқушысы Сабыр Шерхан - 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай өткізілген "Балғын бояу шеберлері" атты суретшілер байқауында ІІІ орынды иеленген. 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне" орай өткізілген "Өткен жылдардың жалынды істері" тақырыбында өткен сурет салу байқауында ең үздік жұмыс ұсынған. "Жұлдыздар отбасы" журналына жұмысы енген.

4 сынып оқушысы Қожаберген Нұрбол - 2014-2015 оқу жылы 1 желтоқсан - тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған сурет конкурсында І орын; 2014 жылы "Туелсіздікке тарту": Кітап оқитын адам - табысты адам" мектепшілік байқауда "Сүйікті кітабымды иллюстрациялаймын" тақырыбында сурет салудан үздік жұмыс көрсетіп, аудандық кезеңге жолдама алған. ҚР халқының тілдер мерекесіне орай өткізілген сурет байқауында жүлделі орын иеленген.

Менің елім - Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер. Сіздер - еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар.

Ой қозғау. Елбасымыздың Қазақстан - 2050 стратегиясын білесіңдер.

- Балалар, Қазақстан Республикамызды 20-30 жылдан кейін көз алдарыңа қалай елестетер едіңдержәне сіздердің үлестеріңіз қандай? Соны мына парақ қағазға түсіріңіздер .

-Қазіргі таңда ел басшымыз жылма -жыл елдің өркендеп дамуы үшін жолдау жолдап келеді. Сол жолдаулардың бірі «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіз бен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек!

Бәсекеге қабілетті дегенді қалай түсінесіздер? (оқушылар жауабы)

-Ал енді кезекті осы оқушыларымыздың қабілетін ұштап, талантын жандандырған ұстаздарына сөз берсек.

-Сіз өз оқушыңыздың қабілетін қашан және қалай байқадыңыз?

-Болашақта осы оқушыңыздан үміт күте аласыз ба? Сенім арта аласыз ба?

Балаларға:ХХI ғасырдың табалдырығын аттаған мемлекетіміздің жас ұрпағы қандай болу керек?

-«Менің жетістігім - Отанымның жетістігі» бүгінгі тақырыбымыз ия, ал енді сіздің Отанымыздың дамуына қосқан үлесіңіз қандай болмақ?

-Өз қатарластарыңызға айтар ақыл-кеңестеріңіз, үндеуіңіз бар ма?

Тапсырма:

Өз дарындылықтарын жарнамалау өзге оқушыларға


Оқушылар мен мұғалімдер үшін «Еңбек», «қуаныш», «бейнет», «болашақ», «егемен», «ертең», т.б тақырып аясында айтылатын сөздер беріледі. Осы сөздерге жақсы тілек айтып қорытындылау. Балалар сендер елімізге қандай тілек тілейсіңдер
Елімізде тыныштық болсын!
Еліміз бай болсын!
Бейбітшілік болсын!
Аспан ашық болсын!

Мұғалім: Қазіргі заман - білімдінің заманы. Елімізде жастарға білім алу үшін өте көп жағдай жасалып отыр. Сондықтан оқы, білім ал, еліңе адал қызмет ет. Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады дегендей бүгінгі іс-шарамыз осымен аяқталды.



© 2010-2022