«Тілім менің-байлығым» /Тәрбие сағаты/

Мақсаты: Балаларға тіл туралы түсінік беру, әлемде басқа да ұлттар және олардың өздеріне тән тілдері бар екені туралы әңгімелеу, өз ана тілін құрметтеуге, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. 1.Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері: «Сәлем, жұлдызша!» Балалар қолдарына  жұлдызша  алып,  Сәлем, жұлдызша Қарагөз! деп амандасады. Жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім! Туған тілім-анам тілі-өз тілім! Туған тілім-далам тілі-өз тілім! Туған тілім-адам тілі-өз тілім!     Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл мерекесі қарсаңында өткізілген «Тілім менің-байлығым» атты ашық тәрбие сағатының жоспары.

Тақырыбы: Тілім менің-байлығым.

Мақсаты: Балаларға тіл туралы түсінік беру, әлемде басқа да ұлттар және олардың өздеріне тән тілдері бар екені туралы әңгімелеу, өз ана тілін құрметтеуге, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері: «Сәлем, жұлдызша!»

Балалар қолдарына жұлдызша алып, Сәлем, жұлдызша Қарагөз! деп амандасады.

Жүргізуші:

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі-өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

-деп ана тілі үшін жанын пида етуге дайын болған Дихан атамыз жырға қосқан туған тіліміздің мерекесі құтты болсын! Қазақ тілінің мәртебесі биік болып, мәңгілік жасай берсін!

Тәрбиеші:

-Балалар біз бір-бірімізбен сөйлесеміз,сөйлесу арқылы бір-бірімізді түсінеміз,

бір-бірімізге жақсы тілек айтып жатырмыз, ал осы сйлесу қандай мүшеміз арқылы жүзеге асады?

Балалар:

-Тіл, тіс, ерін арқылы.

-Дұрыс айтасыңдар, ең маңызды рөл атқаратын тіл екен. Тіліміз болмаса біз

сөйлесе аламыз ба?

-Жоқ әрине.

Жер бетінде 6000-нан астам түрлі тіл бар екені анықталған. Әр ұлттың өзінің тілі, мәдениеті, әдебиеті болады. Ал біздің ұлтымыз кім,біз қандай тілде сөйлесеміз?

Балалар:

-Біздің ұлтымыз-қазақ, қазақ тілінде сөйлейміз.

-Өте дұрыс. Яғни біздің ана тіліміз-қазақ тілі. Балалар біз туған тілімізді ана тілі деп неліктен атаймыз? Өйткені бұл тілді біз анамыздан үйрендік. Көзімізді ашып жарық дүниеге келген кезде анамызды көреміз. Анамыздың үнін естіп өсеміз. Сол сәттен бастап бізді бесік жырын айтып, айналып, толғанып, бағып-қағып,сөйлеп үйретіп өсірген анамызға өмір бойы қарыздармыз.

Қазақстан-көп ұлтты мемлекет. Елімізде алуан түрлі ұлт өкілдері тұрады.

/Теледидардан Қазақстанда тұратын бірнеше ұлттардың ұлттық киімдерін көрсете отырып, жалпы түсінік беру./

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Барлық ұлт өкілдері де тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Тіл-мемлекеттің басты байлығы. Тіл-халық тарихы. Тіл-ұлттың қазынасы.

Қазақ тілі туралы орыс түркологі-Мелиоранский былай деп баға берген:

«Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады.»

Ендеше бүгінгі тіл мерекесі құтты болсын! Қазақ тілінің мәртебесі биік болсын!

Тәрбиеші:

-Балалар біз бүгін қазақ тілінен басқа тілдер бар екендігіне көз жеткізу үшін

саяхатқа шығамыз. Сендер өз елдеріңнен басқа қандай елдерді білесіңдер?

Балалар:

-Өзбек, Орыс, Қытай, Грузин т.б.

Саяхатқа қандай көлікпен шығамыз?

-Поезбен!

/Балалар орындарынан тұрып тізбектеліп, әндетіп бір айналып келіп тоқтайды.

Балалар:

-Қатар,қатар тұрайық,

Вагондарды жалғайық

Алыс-алыс жерлерге

Біз поезбен барайық

Пуп-чик,пуп-чик,пуп-чик!

Пш-ш-ш!

1-станцияға тоқтайды.

Грузин музыкасы ойнап, грузин ұлтының ұлттық киімін киген балалар шығып, грузин биін билейді.

Би: Грузин биі.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз қай елге келдік? Бұл қай ұлттың биі?

-Бұл-Грузиндердің елі, Елордасы-Тбилиси қаласы. Грузиндер грузин тілінде сөйлейді. Ұлттық киімдері осындай.

Тәрбиеші:

-Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Балалар тағы да әндетіп, бір айналып келіп 2-станцияға тоқтайды.

«Калинка» музыкасы қосылып,ортада екі қыз орыс биін билейді.

-Енді қай елге келдік деп ойлайсыңдар?

-Иә,дұрыс. Бұл орыс халқының елі Ресей. Отаны-Мәскеу. Олар орыс тілінде сөйлейді. Қазақстанда орыс ұлты бар. Бізге орыс тілі сабағы болады.

Қанеки, сол сабақта үйренгенімізді көрсетейік.

1.Тәрбиеші қазақша сөздер айтады, балалар орыс тіліне аударады.

Сәлеметсіз бе!-Здравствуйте!

Сау болыңыз!-Досвиданья!

Рахмет!-Спасибо!

Өтінемін-Пожалуйста.

Кешіріңіз-Извините.

2.Суреттер көрсетіп, орыс тілінде сұрақтар қояды, балалар орысша жауап береді.

Это кто?-Это дедушка.

Это кто?-Это бабушка.

Это кто?-Это девочка.

Это кто?-Это лиса.

Это что?-Это книга.

-Правильно,очень хорошо!

3.Орыс тілінде санамақтар айтады.

Считалка:

Раз, два, три, четыре, пять,

Вышел зайчик погулять

Вдруг охотник выбигает

Прямо в зайчика стреляет

Пив-пав не попал

Серый зайчик убежал!

Тәрбиеші:

-Өте жақсы,саяхатымызды жалғастырамыз.

3-станцияға тоқтайды.

Музыка қосылып,би биленеді.

-Балалар бұл қай ұлттың биі?

-Иә өте дұрыс, бұл-өзбек биі, біз Өзбекстанға келдік. Астанасы-Ташкент.

Олар өзбек тілінде сөйлейді, ұлттық киімдері осындай.

-Тағы да поезымызға жайғасып отырсақ, әрі қарай жүреміз,ендігі баратын жеріміз алыстау./поезд әні орындалады/

-Балалар біз бұрын соңды естімеген елге келдік. Бұл-Англия елі. Ағылшындардың мекені.Астанасы-Лондон қаласы. Ағылшындар ағылшын тілінде сөйлейді. Қане, бәріміз поездан түсіп, ағылшынша сергіту жаттығуын жасап алайық.

1.Оne, two, three

Hop, hop, hop

One, two, three

Stop!

2. Stand up!

Hands up

Hands down

Sit down!

-Right!

Балалар барлығы тіркесіп, ламбада биін билейді.

Би: «Ламбада»

Тәрбиеші: -Балалар осымен біздің сахатымыз аяқталды.Енді поезымызға отырып, өз елімізге қайтайық. Балалар орындарына жайғасып отырған соң есік қағылып, қонақ келеді.

Ғажайып сәт:Ақ кимешек киген ана тілі әжей келеді.

Ана тілі:

-Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен-сендердің ана тілдеріңмін.Осында тіл мерекесі болып жатыр деп естіп, өнерлеріңді тамашалайын деп келдім.

Біздің тіліміз бай тіл. Қане ендеше тіл байлықтарыңды көрсетіңдер. Сендерге арналған базарлығым бар.

Қарақат: Сені сүйем сүйгендей дала гүлін

Көп қой сенен үйреніп алатыным

Ақ сүтіндей анамның киелісің

Сен аман бол әйтеуір ана тілім

Інжу: Ана тілім-ең қымбатты құралым

Алға бастап жетелейтін ұраным

Ана тілім-мақтанышым,мұратым

Ана тілім-күш беретін қуатым

Дастан: Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Ән: «Айгөлек»

Раушан: Мақсатым бар тіл дегенде көздеген

Әділет пе бұл шындықты сезбеген

Мақал-мәтел қара өлеңі қазақтың

Биік тұрар бәрінен де өзгеден

Мақал-мәтелдер:

Асылай: Бала тілімен сүйкімді

Дала гүлімен сүйкімді

Әліп: Сөзден асқан байлық жоқ

Тілден асқан жүйрік жоқ

Шешеннің тілі ортақ

Шебердің қолы ортақ

Элдар: Сөз қадірін айтқан білер

Жол қадірін тартқан білер

Тәрбиеші:

-Балалар, қазақ халқында дау-дамайды шешіп отыратын ақылды,тілге жүйрік би-шешендер болған екен, олар кімдер?

Інжу:

-Тәуке хан өзіне кеңесші етіп, үш жүзден үш би сайлаған екен.

Ұлы жүзден-Төле би, Орта жүзден-Қазыбек би, Кіші жүзден-Әйтеке би.

Міне өздері де келе жатыр.

Тәрбиеші:

-Қош келдіңіздер, төрлеңіздер. Балаларға айтарыңыз көп шығар, сөз кезегі өздеріңізде.

1.Төле би-Әліп: Жаңбыр жаумаса жер жетім

Басшысы болмаса ел жетім

Ұқпасқа айтқан сөз жетім!

2.Қазыбек би-Дастан:

Алтын ұяң- Отан қымбат

Құт берекең-атаң қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Мейірімді апаң қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат

Ұят пенен ар қымбат.

3.Әйтеке би-Мухаммед:

Ашу бар жерде,ақыл тұрмайды,

Ашу деген- ағын су

Алдын ашсаң арқырар

Ақыл деген- дария

Алдын тоссаң тоқырар.

Көрініс: «Не тәтті?»

Ән: «Балдырғандар әні»

Тәрбиеші: Д.Әбілев «Туған тілім»

-Балалар, батасыз құл жарымас, Ана тілі әжейден бата сұрайық.

Ана тілі әже:

Жүйрік тілді ақын бол

Жақсыларға жақын бол

Достарыңмен тату бол

Өз ортаңның гүлі бол

Ата-анаңның көзінің

Сөнбейтұғын нұры бол

Кім болсаң да әйтеуір

Азаматтың бірі бол!

Әумин!

-Тіл мерекесі құтты болсын, қазақ тілінің мәртебесі биік болсын!

Әже балаларға арналған кітапша сыйлығын таратады.

Қорытындылау.


© 2010-2022