Внеклассный мероприятие Жүзден жүйрік

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жүзден жүйрік»

(өнер-білім сайысы)

Мақсаты: оқушыларды еркін сөйлеуге, өз білімін көрсете білуге, шығармашылық жұмыс

істеуге, өнерлі, білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: білім, өнер туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал-мәтелдер.

Жоспары:

І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»

ІІ кезең: «Мәнерлеп оқу»

ІІІ кезең: «Тыйым сөздер»

IV кезең: «Мақал-мәтелдер»

V кезең: «Бір әріптен басталатын сөздер»

VІ кезең: «Жорға»

VІІ кезең: «Сегіз қырлы, бір сырлы»

VІІІ кезең: Қорытынды.

Сабақтың барысы:


Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгінгі сайысымызды балаларымыздың осы кезге дейінгі алған білімдерін, өнерін тамашалау мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып, жиып ал,

Тепкілесең кетпейді.

Өртіңе ол күймейді,

Ұрылар да тимейді.

Жатып ішер жанбастап,

Жалқауды ол сүймейді -

деп Ө. Тұрманжанов ағамыз айтқан екен. Білім неліктен байлық болып есептеледі? Білімді болу үшін не істеу керек? (оқушылардың ой-пікірі тыңдалады)

Ендеше, оқып - білген білім байлықтарың таразылау үшін, сайысқа қатысушыларымызды ортаға шақырып, қошеметпен қарсы алайық.

І кезең. Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.

1-топ: «Білімділер»

Топ ұраны: Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік?

Қәне, ортаға салайық!

  1. «Атадай батыр болсын» - деп,

Атымды қойған Бахытжан.

Сол сенімді ақтаймын,

Батылдықты жақтаймын.

  1. Жалқаулықты сүймеймін

Ән айтамын билеймін.

Елена атты баламын,

Жарысуға жарадым.

  1. Менің атым - Индира,

Ата-анама қолқанат.

Оқу да, еңбекте

Болып жүрмін тек озат.

  1. Менің атым - Данияр,

Шындықты мен сақтаймын.

Шаршы топтың алдында,

Ел сенімін ақтаймын.

2-топ: «Өмір гүлдері»

Топ ұраны: Біз тапқырмыз, тапқырмыз

Гүлдер секілді жайнаймыз.

Ақылды біз қыздармыз,

Әрқашан жеңіске ұмтылармыз.

  1. Менің атым - Маргарита,

Емеспін мен тым ерке.

Мектебімізде сүйікті,

Оқып жүрмін тек беске.

  1. Өнер жолы бойымда,

Білім толы ойымда.

Райхан атты мен қызға,

Кім тең келер сайыста?

  1. Кімсіз мені дейсіздер ме?

Мен - қазақтың ұрпағы.

Азан шақырып қойған атым бар,

Индира деген қыз мен болам!

  1. Армысыздар, халайық!

Иіліп сәлем берейін.

Алдарыңызға келіп тұрған,

Мария Викторовна мен боламын.

ІІ кезең. Мәнерлеп оқу.

«Ана тілі», «Қазақстан» - тақырыптарына өлеңдер мәнерлеп оқу.

ІІІ кезең. «Тыйым сөздер» айтудан өз шеберліктерін көрсетеді.

IV кезең. «Мақал-мәтелдер» сайысы.

(Шарлардың ішіне тақырыптар жасырынады, әр топ өздері таңдап алады.)

V кезең. «Бір әріптен басталатын сөздер»

(Ақ қағазға әуелі жазады, сосын оқиды.)

VІ кезең. «Жорға»


  1. Қазақта неше би болған? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  2. Қой атасы кім? (Шопан ата)

  3. Жырды айтушы адамды кім дейді? (Жыршы)

  4. «Ешбір дұшпан басынбаған елміз» - кімнің сөзі? (Қазыбек бидің сөзі)

  5. Таңды өзі атырғандай,

Мақтанып шақырғандай.

Бұл не? (Қораз)

  1. Тәуелсіздік күні қай күн? (16 желтоқсан)

  2. Көктем айларын ата. (Наурыз, сәуір, мамыр)

  3. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсариннің өлеңі)

VІІ кезең. «Сегіз қырлы, бір сырлы»

(Өз шеберліктерін көрсету, яғни әр топ бір-біріне сөзжұмбақ дайындайды)

VІІІ кезең. Қорытынды.


  • Балалар, міне сайысымызда аяқталып қалды. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Жеңімпаз топтарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етіледі.

  • Балалар, алдағы уақытта да биік шыңдардан көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.










© 2010-2022