Баяндама на казахском языке на тему Нұрым Шыршығұлұлы 10 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

20.02.2016

Сабақтың тақырыбы:

Нұрым Шыршығұлұлы

(1831-1908)АҚ ЖАҢБЫРДАЙ АҚТАРЫЛҒАНШамырқанса, көңіл көгі нажағайдай шатырлап, тебіренсе, телегей теңіздей бұрқап, ақ жаңбырдай ақтарылған, "Атыраудың ақиығы" атанған ақын, жыраулардың бірі - Нұрым. Ол - Махамбет пен Абыл, Қалнияз бен Шернияз сияқты халық мұратын жырлап өткен көрнекті сөз зергері.Нұрымды көре қалғандардан аз да болса бағалы мәлімет қалдырған Мұрын жырау. "Нұрым денелі, шоқша сақалды, жазық маңдай, қыр мұрын, қияқ мұртты кісі еді, - дейді ол, - жиын-тойда домбырасын алып, суырып салып қоя беретін, салмақпен төкпелеп айтатын. "Абыл ақынның қасына 17 жасымнан ердім. Бес жыл бірге жүріп, бата алдым", - деуші еді. Абыл Нұрымға: "Өлең жылқы секілді еді, шын жүйрік саулағанда жанға шалдырмайтын, ...сөздің мәнісін жыршы біледі. Сен бізден кейін елге жыршы боларсың", - депті. Нұрым шәкірті Мұрын жырауға айтқан естеліктсрі мен өз жырларында ұстазы Абылды өнеге тұтып, оны әркез ілтипатпен еске алып отырады."Ақтабан шұбырынды" жылдары казақтардың Еділ мен Жайыққа дейін барғаны аян. XVIII ғасырдың екінші жартысында коныс тарымшылығы мен хан тәртібіне төзе алмаған Кіші жүз руларының бірсыпырасы Сыр бойына, Каспий теңізінің шығыс жағалауларына қоныс аудара бастайды. Каспий шығысына - Маңғыстауға өткендердің көбі Кіші жүздің Адай рулары еді. Әйтсе де, Адай руларының біраз бөлімі Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Жайық өзендерінің бойын және Тайсойған кұмын мекендеп қалады. Кейінірек Жайық пен Еділ арасына өтеді. Нұрым жырау сол Тайсойған құмын жайлаған Адайдың Жаманадай, оның Мырза деген бұтағынан шыққан. Туған жері де Тайсойған (қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы).Нұрымға ақындықтың қонуы туралы 1965 жылы бізге атыраулық жыршы Ғұбайдолла Зұлқашев айтқан ел аузында мынадай аңыз бар: "Нұрым бала кезінде арып-ашып ел аралап жүріп, далада шаршап келе жатып, бір жерге келіп ұйықтап кетеді. Түсінде ақ киімді, ақ таяқты қарт адам: "Балам, шөлдедің ғой", - деп сүттей ақ, балдай тәтті сұйық сусын береді. Ішіп жіберсе, өзі сап-салқын екен. Шошып оянады. Тұрса, іші кеуіп барады. Айқайлап өлең айта бастайды. Сөйтсе, халі жақсара түседі. Нұрым бұдан былай суырып салма ақын болады".Нұрым туралы бірден-бір дұрыс мәліметтер - Мұрын жыраудан жазылған деректер. Себебі біздің дәуірімізге жеткендердің ішінде Нұрымды Мұрыннан жете білетіні жок.Мұрын Нұрымга Сағыздың Топырақшашы деген жерінде кездестім дейді. "Балам, өлең қуалап жүрсің бе?" - дегенде, Мұрын өз жайын жырмен баян етеді.Жас жыршының өнерге аңсары ауып, көңілі құлап, сол жолға бекем бел буғанын көрген Нұрым оған риза болады. Мұрын Нұрым қасында жүріп, "Қырық батыр" жырының "Қарадөн ұрпақтары" атгы циклін, сондай-ақ өзге батырлар жырын үйренеді. Мұрын: "Мен Нұрымды отыз екі жасымда көрдім, ол алпыс бір жаста еді", - дейді.Мұрынның 1859 жылы туғандығын ескерсек, ол Нұрыммен 1891 жылы кездескен. Бұған қарағанда, сол жылдары 61 шамасындағы Нұрым 1830 жылдар дүниеге келген болады. Демек, Мұрын деректері бойынша Нұрым 1830-1831 жылдары туып, 77 жасында 1907 - І908 жылдары өлген. 1964 жылы Ескі Өзенде біз кездескен Нұрымның туысы Ізімбергенов Абдолла қария: "Шыршығұлдан Нұрым, Жолым деген екі ұл және кіші әйелінен екі бала болған. Нұрымды біз көре қалдық. Ірі кара кісі болатын, өлең сөздің шын дүлдүлі еді", - дейді.Әкесі Шыршығұл өз еңбегімен күнелткен момын шаруа болыпты. 1879 жылғы "Ақ қоян" (қоян жылы) аталатын алапат жұтта Тайсойғаннан Маңғыстаудағы тумаластарына келіп, Қауынды мекеніне орын тебеді. Бұл кезде қырыктың қырқасына шығып, дербес түтін түтеткен баласы Нұрым бағзы мекені Тайсойғанда отыра береді. Біраз жылдан соң ғана Маңғыстауға келіп, хал үстінде жатқан әкесімен дидарласып қалады. Әкесін жер-анаға табыс етіп, Жайық бойындағы еліне аттанарда:...Мен келсем, атам бар екен,"Шырағым, аман ба екен?" деп,Бір көруге зар екен...Ауырды атам жеті күн...Сегіз күнде селті жоқ,Біле алмадым нешігін...Іздеген атам ШыршығүлДүйсенбі күні дүниеденСапар шекті жылқы жыл... -дейтін "Қоштасу" жырын толғаған.Ақын, жыршылар Нұрымның оқи, жаза білерлік сауаты да болған деседі. Бірақ ол өзінен бұрынғы жырауларша жырды қолма-қол шығарып айтқан.Нұрым Тайсойған жерінде туып-өссе де, жыршы, жыраулардың ежелгі дәстүрімен Хиуа, Маңғыстау, Жайық бойы, Ақтөбе қырын жайлаған елдерді аралап, өнерпаздармен кездеседі, көне жырларды жаңғырта жырлап, терме, толғаулар шығарады, Жаскілең, Берішқызы, Балмырза, Қашаған ақындармен айтысқа түсіп, "Тоғыз ауыл" сияқты ерлік дастандар толғайды.Нұрымның "Әтембетке айтқаны" толғауы Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірдің өзінде "Мұрат ақынның Ғұмар Қазыоғлына айтқаны" (Қазан, 1908, 18-19 б.) жинағында жарияланды. "Байбоз - Жанбоз" дастаны "Аламан" (Ташкент, 1926, 27-41-б.) антологиясында басылды. Терме, толғаулары мен айтыстары "Ертедегі әдебиет нұсқалары" (Алматы, 1967), "Ақберен"', "Өсиет-нама" (А., 1986), "Бес ғасыр жырлайды" (А., 1984), "XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы"(А., І985),"Мен -қашанғы жүйрігің" (Ақтау, 1994), "Жыр-дария" (Ақтау, 1995) жинақтары мен "Коммунистік еңбек" (8/1 - 1972), "Коммунизм жолы" (2/ХІІ -1972), "Жұмысшы" (20/1 - 1973), т.б. газеттерде жарық көрді.Нұрым шығармалары термелер мен арнау өлеңдер, айтыстар мен дастандар.Нұрымның ақындық арынын әсіресе терме, толғауларынан танимыз. "Мен қашанғы жүйрігің...", "Ұсынсам, қолым жетер ме", "Әлеумет, келдің қаумалап", т.б. терме, толғауларында Нұрым заман сырына үңіліп, көне жыраулар дәстүрімен адам өмірі, жастық, кәрілік, жақсылық, жамандық туралы толғанады. Дүние өтпелі, бұл өмірден шешен де, батыр да, сұлу да, ақын да өткен, ертең кәрілік келеді, жас шақта жалындап өт дейді жырау. Ол жалындау дегенде, өмірдегі жақсы мен жаманды салыстыра келіп, мағыналы - адамдық абзал жолды нұсқайды:Айтсам, сөзім өтер меАқылсыз туған жаманға?!Қайыра қамшы сермемеСүйекке біткен шабанға.Екі жақсы дос болса,Бірін бірі қия алмас.Екі жаман дос болса,Бір мекенге сыя алмас.Ақын "Өмірдегі әр нәрсенің жарастығы, көркемдігі неде?" деген сауал төңірегінде тебіренеді. Термелеріндегі сөз мағынасына үңілсек, "Әр нәрсенің жарастығы - уакытында" деген пайымдауын аңғару қиын емес. Сайып келгенде, оның дүниенің қимыл-қозғалыста, даму үстінде екендігін сезінуі айқын аңғарылады. Нұрымның ұсынар жолы - дүние қызығына түскен күйкі пендешілік емес, достық, татулық - адамгершілік абзал мұрат. Ол бұл ойларын әсіресе "Қоштасу" толғауында ұштай, дамыта түседі ("Бұл дәурен бір күн-ақты қайта келмес", "Қуалап дүние түбін, малды ойласаң, Бір күні өтер дәурен қапылда, қыз", "Сыйлаумен жасы үлкеннен алғыс алсаң, Жеткенше қор болмассың басың жерге").Нұрымның бір топ өлеңдері тұрмыс-салт тақырыбында: "Әкесімен қоштасуы", "Той бастар", "Қалышқа көңіл айтуы", "Шенен ер", "Жарлау", т.б. Нұрым "Той бастарындағы" мұндай шебер қиюласқан ауыстырулар мен салыстырулар ақынның мәнді ойын да аңғартпай қоймайды. Нұрым сол заманның әдет-салтымен еріксіз телінген мұңды қызға жаны ашығандай.Аты әйел кейбір шабаз еркек тайлас,Жігіттен пәнері артық, қыз да болса, -деп әйелді кемсінудің жөнсіздігін ашық айтады. Ақын, бірақ, дәуір қауызынан шыға алмайды. Жұбайлық - өмір заңы, сол тұрмысқа үйрен, осы өмірде пенде болма, адам бол дейді ол.Нұрымның "Қалышқа...", "Шенен ер" толғауларының қай-қайсысы да халықтык мұң-шер өлеңдері дәстүрінде.Нәрестең кетті қасыңнан,Терезе әйнек секілдіСынған күні шатынап,Қайғырғанмен пайда жоқ,Қан түкіріп аһлап.("Қалышқа көңіл айтуы") Кешегі кеткен Шенен ерҚатепті қара нар едіТөс табаны түрілген.Жүйрік еді саңлақтыБайрақты жерде жүгірген."Шенен ер".Бұларда да дүниеден өткен жанының қадір-қасиетін еске алып, пәнидің жалғандығын, өтпелілігін айтып жұбату сипаттары бар. Сонымен қатар Нұрым:Адамзаттың баласы,Бұл дүниеден кеткен соң,Келмегі жоқ-ты қатынап, -деп қайғылы қаза кезінде де өмірдің ащы шындығын тура айтады. Бұл пікірлеріне қарағанда, оған айдан анық нәрсе - өмірдің өтпелілігі. Нұрым сөзімен айтсақ:Қоркыт ата қобалжып,Дүниені кезіпті,Өлмейтін жер қайда деп.Бірақ Қорқыт ата да, өзге де оның амалын таба алмапты. Әйтсе де, халық ертелі-кеш қөңілді алаңдатар, жүректі жұбатар әңгіме, хикаялар тудырыпты. Нұрым да, "Басыңнан дәурен бір өтсе, қайтадан дәурен құралмас" деп нақты да нанымды пікірмен шынайы сыр шерте отырып, сары уайым мен түңіліске емес, әмір әрекетіне, үмітке үндегендей ("Қайғырғанмен пайда жоқ қан түкіріп, аһлап"). Нұрым бұл тұста да өлмес өмірді аңсаған халықтық әуенді өзінше жырлап, дамыта түскен.Тұрмыс-салт тақырыбындағы өлендерінің бірі - "Жарлау". Хат-хабары, баспасөзі жоқ көшпелі ел тұрмысында жоқ іздеуші үлкен жиында, тойда, аста жоғалтқан малының түрі-түсін, бейне-белгісін айтып жар салатын. Тек жоқ іздегенде ғана емес, дала өміріне қатысты әрқилы хабарды той, садақа сияқты адам мол жиналған жерлерде көпке мәлім етіп жарлап отырған. Жарлау көбінесе қара сөз түрінде келетін. Нұрым туындысы жарлаудың өлең түріндегі үлгісі. Бұған қарағанда, қазақта жаршы рөлін сөзі уытты ақын, жыраулар да атқарған.Халық ауыз әдебиетінен төрт түлік мал туралы талай өлеңдерді білеміз. Мұндай өлеңдер әдебиет тарихында да аз емес. Абай мен Ілияс жазған аттың сындары әдебиетіміздегі ақындық шеберлік белгісіндей. Нұрым "Жарлауындағы:Арасы екі өркештің сөгіліңкі,Шудасы тізесіне төгіліңкі, -деген жолдар түйе малының бейнесін дәл елестетеді. Нұрымның арнау өлеңдерінен бізге жеткені: "Тайсойған, Бүйрек - екі құм", "Балишанға", "Әтембекке айтқаны". Алғашқы екі өлеңде де сөз болатын ізгілік, ибалық жайы."Әтембекке айтқаны" толғауында да Нұрым - төгіліп тұрған ақпа ақын....Еділден ұшқан аққудайКеліп қондым еңменіпӘтекеңнің төріне.Қанатым талмас, тау қайтпас,Еркіндеп келіп қонған соңДарияның сіздей көліне,Сіз бір туған ақсұңқар,Ұшар деп келдім жөніне.Араңа шайтан кіре алмай,Өсіп еді өркенің.Айырған алтын секілді,Нұр сәулелі жүздерің.Қарасам, бүгін өзгеріп,Солғын тартқан өңдерің.Араздықпен өштесіп,Айрылар болған жөндерің..................................................Теңдесім сіздер болмасаң,Аразы мен татуыНе керек маған өңгенің?!Адасып, көнбей ерлерім,Айрылар болды елдерім...................................................Өзіңнің тума, халқыңныңТілегін бермей келесің,Тұрса да күнде сарсылып....................................................Зар боларсың, бір күніЕсікті кетсе сарт ұрып...Бұл толғауда Нұрым аталы сөз айтар ел ағасы, халық қамқоры ретінде танылады. Ол Жайық бойындағы жұрт аузына қараған Әтембек батырдың бір ісіне наразы. Әтембек ел татулығын, ру арасын бітістіру орнына, кек тұтатып, ауыл арасында алакөздік туғызады. Ақын мәрт батырдың сұстылығына қарамай, жөнсіздігін бетіне басады. Ел аузындағы деректерге қарағанда, Әтембек Нұрым сөзінен кейін бұрынғы бетінен қайтып, елді татулыққа, достыққа үндеген. Әрине, бұл жайлар жүректі жібітер, көңілді елжіретер ақын сөзінің мәнді, құдіретті әсерін, өнердің ересен күшін танытады.Нұрым - өз дәуірінің арғы, бергі тарихын мол білген, "тұтқиылдан сөз тапқан, қысылшаңда жол тапқан" суырып-салма ақын. Бүл әсіресе оның айтыстарынан да айқын аңғарылады.Көркемдігі мен тапқырлығы тұрғысынан ерекше танылатын шығармаларының бірі - төрт ақынмен сөз жарыстыруы.Кіші жүзде Тана, оның ішінде Жиенбет жырау ұрпағында ақындар көп өткен. Сүгір, Тәбия, Қубала - бәрі де осы елден. Нұрым жол жүріп келе жатып Жиенбет руының бір үйіне кезігеді. Ол үйде сол елдің төрт ақыны отыр екен. Көптен кездесуге құштар ақындар Нұрым түсіп жатыр дегенді есітіп, қуанып кетеді. Қонақ кіре бергенде, олар өлеңді төгілте жөнеледі:1-сі: Сұрасаң руымды, біз Танамыз,2-сі: Жиенбет Тана ішінде атанамыз.3-сі Сайқыдай ел ішінде көп жүрмейміз,4-сі: Ақыннан үйге келген бата аламыз.Сонда Нұрым оларға қолма-қол жауап беріптІ:Руға қайдан қалдым Таналаған.Көп қарға бір сұңқарды қамалаған.Ортаңа мен бір келген көкжал бөрі,Төрт төбет айналамда абалаған.Нұрым сөзінің қатқылдығынан шошып, тапқырлығына риза болған Жиембет ақындары оны қонақ етіп, ақыл-кеңес алыпты. Нұрымның сұрау-жауап, білім сынасу ретіндегі екі айтысы бар. Бірі - Абылдың Нұрымды, екіншісі - Нұрымның Қашағанды сынауы. Екі айтысқа да тиек болатын діни тұжырымдар. Бұл айтыстарда жеңу-жеңілісу мақсаты жоқ, жас ақынның білім шамасын, ақындық өрісін байқау ниеті ғана бар.Нұрымның біршама толық жеткен айтыстары: Жаскілеңмен, Берішқызымен сөз жарыстырулары.Нұрымның Жаскілеңмен айтысы Маңғыстаудың Сам деген жерінде Адайдың бір жиынында болады.Жаскілең - Нұрыммен замандас, Әлім ішінде Кете руынан шыққан ақын, атақты Бекберген жыраудың баласы. Ол Нұрымнан басқа да талай ақындармен сөз сайысына түсіп, айтыс өнерінде аты шыкқан. Табын Жаңаберген жырауды жеңген, Адай Қалнияз ақынмен де айтысқан."Нұрым мен Жаскілең айтысындағы" өзекті мәселе елдік пен ерлік жайы. Екі ақын да өз руларының ерлік, байлығын мақтайтын тұстарда әсірелеу, бейнелеулерді мол қолданады.Нұрымның назар аударарлық шығармасының бірі - Беріш қызымен айтысы.Нұрым ақындық атағы шығып, жас ортасына келген кезде өлең сөзге дес бермеген Беріш қызын сырттай естіп, іздеп барады. Қыз 18 жаста екен. Ауыл адамдарының ақылымен Нұрым, "жеңілсем, ұят болар" деп, өз атын айтпай, інісі Тастемір болып айтысады (О да атышулы сал-серілердің бірі. - Қ.С.). Нұрым әуелі айтыс дағдысымен өзін таныстыра, сес көрсете жыр толғайды:Тастемір өзім атым, ағам Нұрым. Алқада жан сөйлемес бізден бұрын. Сырттай атын естіп, Нұрымнан ғана сескенетін қыз енді айтысушысы өзге деп ойлап, өктем сөздермен жігітті қағыта бастайды:Әуелі келген жерден бір шошындым,Адайда айтқыш Нұрым осы ма деп.Жолаушы болсаң, байғұс, қалма жолдан,Сан жүйрік жас екен деп әуре болған.Қыз Адайдың көшпелі тұрмысын мінеп, сынайды. Соған орай Нұрым да Беріштердің жарлылығын айтады. Әйтсе де, өз сөзіне қарағанда, талай ділмарлар риза болған, он бес жасында Бала Ораз ақынды жеңген ақын қыз сөзге дес бермейді. Осы кезде Нұрым:Қызыл тіл сөйлей-сөйлей желдей ескен,Беріштің бір өнері ағаш кескен,Мал берсе, Беріш қызын бере берер,Сізді де тоқалдыққа берер дескен, -деп сез қармағын тастайды.Және оның орыс төрелерімен сырласуын ілік етеді.

Бұл жерде Нұрымның патша өкіметінің отарлаушылык, озбырлық саясатына наразылығы айқын аңғарылады. Ол сол саясатты жүзеге асырушы орыс төрелерін қазақ жұртының жек көретінін де жақсы сезеді.Өленді желдей ескен, бірақ заман салтымен қалың мал қармағына жастай ілінген және "орыс төресімен сөйлесті" деген жаман атқа жолыққан мұңды қыз біраз шекіскеннен кейін, айтыс сонында:Сен жеңдің, біз жеңілдік, ақын жігіт,Сенімен айтысуға тілім мүкі.Қарасам, төрт аяғым бірдей ақсақ,Құдайым бізге бермес енді жақсы ат, -деп зар төгеді. Қыз сөзінен әйел басындағы әлеуметтік теңсіздік жайы аян болады. Екі ақын бір-бірін аяқтан шалып, Адай, Беріш руларының міні етіп айтқан сын сөздері, түптеп келгенде, сол дәуір әділетсіздігін, қатыгез, өткінші өмір мен тағдыр тарымшылығын әшкерелегендей сезіледі. "Нұрым мен Берішқызы" айтысы - өткен заман сырын аңғартатын мәнді шығарма. Бір ескерте кетер жәйт - кейбір зерттеуші әдебиетшілердің Нұрым Әбубәкірмен (Кердері Әбубәкір. - Қ.С.) ноғай атынан айтысыпты дейтін пікірі. Біздіңше, бұл - жаңсақ топшылау. Тек ақын атының ұқсастығы ғана болмаса, қазақ арасына кең тараған "Ноғай Нұрым мен Әбубәкір молланың айтысы аталатын бұл сайыстың Нұрым Шыршығұлұлына ешбір қатысы жоқ. Оған айтыс мазмұнымен танысқан оқырман кәміл көз жеткізе түседі.***Нұрым терме, толғауларымен, айтыстарымен ғана емес, халық арасында желілі жырларымен де кең танылған. Оның ел аузында "Тоғыз ауыл" аталатын дастаны 1926 жылы "Аламан" жинағында "Байбоз - Жанбоз" деген атпен жарияланған. Қазақстан Ғылым академиясының Ғылыми кітапхана қорында да дастанның 1947 жылы Гурьев экспедициясы кезінде жиналған бір нұсқасы бар. Ол жазбаның "Аламан" нұсқасынан түбірлі айырмасы жоқ."Тоғыз ауыл" дастанының тақырыбы - ерлік, ел қорғау, халықтың басқыншыларға қарсы тәуелсіздік күресі. Нұрым халық жырларындағы осы дәстүрлі тақырыпты дамыта түседі.Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Маңғыстау қазақтарына (Күйкен тауында отырған Адайдың Байбоз, Жанбоз руының тоғыз ауылына. - Қ.С.) Хиуа жендеттері қаныпезерлік қарақшылық әрекеттер істейді. Шапқыншылар мыңғырған малды айдап, көптеген адамды тұтқын етеді. Екі жүз елу шапқыншыға Адайдың 40 жігіті Боркұдық деген жерде жетіп, мал, жанын жау қолынан айырып алады. Бұл шайқаста екі жақтан да көп адам шығын болады. Амантұрлы, Еснияз, Қабыл, Ықылас, Төленді сияқты айтулы батырлар осы соғыста қаза тапқан.Бұл оқиғадан кейін, 1860 жылдар шамасыңда, бір жиында ел қорғаған ерлерге лайық сөз шығарғандарға бәйге жариялайды. Жол Нұрымга тиеді. Себебі Абылдың ол кезде жасы сексеннен асып, қартайған шағы еді. "Тоғыз ауыл" дастанын Нұрым осы жиында жырлаған.Ақын алдыңғы екі бөлімде Атырау елінің өткен тарихын, ноғайлы ерлері жайын толғайды да, үшінші бөлімнен бастап нақты окиғаға көшеді. Нұрым елді ойран етіп жау шапқан алмағайып, аласапыран кезді суреттегенде, өз мекенінен ажырап бара жатқан адамдай бағзы бейбіт кезді сағына, тебірене әрі қапалы көңілмен ашына жырлайды:Ойыл да Қиыл, Жем, Қайнар,Көлденең өтіп ел жайлар.Жаз ортасы болғанда,Күн зауалға толғанда,Қонушы еді қарыштап,Маңғыстаудың ойынаСыя алмай шыққан көп байлар.Күні бір бүгін болғанда,Адыра қалып барасың,Қайран Шоқыбоз бенен Бекайдар.Оқиға желісін баяндауда ақын ерлік жырларының дәстүрін шебер пайдаланған:...Дүние өтті талайдан.Көп етіп, дәурен азайған,Тоғыз ауыл шабылдыТолықсып жүрген Адайдан.Қатын-бала, қара орманЕріксіз кетіп барадыЖау қолында қарайған.Жырда шапқыншылармен кездескен жігіттер ерлігі тартымды суреттелген. Ақын ерлер қазасы тұсында тебірене толғанып, қиын сәттердегі шынайы достық пен шын ерлікті қастерлей жырлайды.Ол ұрыспай неғылсын.Ардақтап өскен ұл үшін,Арулап сүйген қыз үшін, -деген жолдар дастанның идеясын аша түседі.Ел тәуелсіздігі үшін күрескен ерлер туралы жыр жалғыз "Тоғыз ауыл" ғана емес, Атырау ақындары толғаған осы тектес бірнеше дастандар бар. Ол жырлардың тууына халық өміріндегі әлеуметтік жағдайлар себеп болған.Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі, әсіресе Маңғыстау қазақтары көршілес елдермен жер, су, қоныс, барымта жайында үнемі дау-жанжалда келді. Мұндай дау-шарлардың отын үрлеуші, көрші елдерді қырылыстырушы, ұлт араздығын тудырушылар әр елдің де атқа мінерлері еді.XIX ғасырдың бас кезінен-ақ Хиуа хандығы Маңғыстау қазақтарына ерекше озбырлық көрсетті. Алым-салықтар салды, ауылдарды тонады. Қазақтар жау қолына түскен малы мен жаны үшін күреске шықты. Сан рет қырғын соғыстар болды. Бұл оқиғалар халық әдебиетіне өз сәулесін түсірмей кеткен жок. Осы оқиғаларды суреттейтін Нұрымның "Тоғыз ауыл", Қожа Ғафурұлының "Шапқын", Қалнияздың "Ер Қармыс", "Балуанияз", Ақтанның "Ерлік жыры" сияқты ерлік дастандары туды. Бұл дастандар ежелгі халық жырларындағы ел қорғау идеясы дәстүрін ақындар жырында орнықтыра түсті. Аталмыш шығармалар оқиғасының тартымдылығымен, тілінің шұрайлылығымен, ел қамы үшін күрескен ерлердің кескін-келбетін, батырлық қимыл-әрекетін дәл елестететін бейнелеулерімен, халық өмірінің мәнді оқиғасын суреттеуімен ел арасына кең тарады.





























20.02.2016

Ә.Кекілбаевтің «Күй» повесіндегі мәңгүрттік мәселесі

Күй - музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй - қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

Тарихы

Күй ХЫВ ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.

Ә.Кекілбаевтің «Күй» повесіндегі мәңгүрттік мәселесі

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Әбіш Кекілбаев. Ол - қазақ әдебиетінде прозашы болып танылғанмен, поэзия, проза, драма, сын, публицистика (көркем сөз), аударма жанрларының бәріне бірдей үлес қосқан қаламгер. Алғашқы жыр жинағынан елді елең еткізген қаламгер бар күш жігерін қазақ елінің бүгіні мен болашағы үшін жұмсап келеді. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атанған ол - халқының абыройлы перзенттерінің бірі.

"Күй" повесін автор Абыл күйші аруағына ескерткіш дейді. Шығарманың идеялық пафосы - бейбітшілік пен адамгершілік үшін күрес. Автор оны күй өнерінің құдіретімен шеше білген. Бұл туынды жөнінде қаншама оңды пікірлер айтылды.

Сырым дейтін геодезист (не картограф) жігіттің Қақпақты жерін картаға түсіруге барып, ол жерден ешқандай белгі таба алмай, Түрікменнің Қосаба деген жерінен Құрбан есімді көне көз қарияны тауып алып, қағаз бетіне белгі түсіре бастайды. Сырым Қақпақтының картасына "Қанжар жаныған", "Қол қырылған" т.б. жерлерді түсіре бастағанда өлі далаға жан бітіп тіріледі. Құрбан қарттың айтуымен шегініс арқылы өрбіген хикая шымырлылығымен оқырманын баурап әкетеді.

70-80 жылдардағы қазақ прозасында фольклорлық аңыз әңгімелер негізінде лиро-эпикалық стильдің қалыптасқаны қазіргі зерттеулерде әңгіме болып жүр. Бұл әсіресе Ә.Кекілбаевтың тарихи тақырыптағы прозасынан анық көрінеді. Ол өткір оқиғалар негізінде кейіпкер болмысына терең үңіле білді. Ол - адам табиғатының зерттеуші психологы. Мәселен, осы повесте жазушы Жөнейттің басындағы психологиялық тартысты қорытынды түйін ретінде көрсеткен. Қанша баскесер, әділ, қатал қол басы болғанмен ол да пенде. Оның пендешілігін ашуға бір оқиғаның өзі жетіп жатыр. Қазақтың күйшісін жазалау Жөнейттің өз басын да жұтады. Оның өнер қуған баласын жорыққа аттандыруы да жалған намыстың көрінісі. Атақты батыр тұқымының жын-ойнақ қуып кеткені оны қатты мазалайды. Алайда ел-ел болып жорыққа аттанып, кек қайыратын шапқыншылық заманның өтіп бара жатқанын ол сезбейді. Күйшіні жазалау да оның дұшпандарына жасаған сес көрсетуі еді. Бұл оны кек қайтару деп түсінеді.

Сөйтіп күйшіні жазалау Жөнейттің өз басына сор болып жабысады. Жан дүниесіндегі арпалыс оны күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырады. Көзін жұмса, көретіні - бір түс. Ол - күйшіні тірідей көмгенінің өкініші. Жазушы повестің басынан соңына дейін осы түсті қайталайды. Себебі, ол - негізгі шешуші деталь. Түсінде ол қу бастан қашып келе жатып шошып оянады. Төсектен атып тұрып, қос құлағын қолымен баса есікке қарай қашады. Әлденеге сүрініп, маңдайын есіктің маңдайшасына ұрып алған ол табалдырық үстінде жан тапсырады.

Жазушы кейіпкер психологиясына талдау жасау негізінде философиялық ой түйген. Ол - "кек", "намыс" деп жазықсызға тырнағын батырған жендеттің аруақ түгендейміз деп жүріп, өзінің аруаққа айналғаны, көл-көсір жерге тірісінде сыймай, өзара қырқысқан адамның тағдыры туралы ой. Осының бәрі де бір Жөнейттің басынан табылады. Ол - сол типтес жуандардың жиынтық бейнесі.

Жазушының адам болмысын ашудағы шеберлігін: "Жөнейт бір күннің ішінде жақ сүйегі салдырап, сылынып шықты. Бүгін - буынын діріл алып, қолы қалтырайтынды шығарды. Кейде қараптан-қарап отырып, өзімен-өзі күбірлеп сөйлеседі. Ұйқыдан шошып оянғанда да сөйлеп оянатын болып жүр. Қазір ұйықтасам, түсімде күйшінің өлгенін көремін деп түнімен көз ілмей, бақырайып жатады да қояды" (1)- деген сынды жолдардан көруге болады. Бұл - Жөнейтті мазалаған ар-ождан, жан азабы. Ол өзін кек қайтардым деп жұбатқанымен, істеген ісіне оның бүкіл жандүниесі қарсы. Оның тағдыры, өлімі - соның көрінісі. Автор Аннадүрдінің баласы Құрбанның адай күйшінің күйін бір естігеннен қағып алып, сол күйді тартуы арқылы өнердің өміршеңдігін көрсеткен. Күйшіні тірідей көмгенмен, оның өнерін өлтіруге Жөнейттің құдіреті жетпейді. "Күйдің" бас кейіпкері де өнер адамының зұлмат дүниедегі аянышты тағдырын елестете отырып, өнердің мәңгілік екенін, қашанда рухы биік тұратынын паш етеді.

Жазушының қазақ, түрікмен елдерінің әдет-ғұрпын салыстыра суреттеуі де тартымды. Өлікті шығару рәсіміне қатысты екі елдің әдет-ғұрпын бүге-шүгесіне дейін суреттеу - оның өмірді жақсы білетіндігінің көрінісі.

Повесть фольклорлық аңызды жазба әдебиетте шеберлікпен бейнелеудің жақсы үлгісі саналады. Мұнда, екі елдің шапқыншылығы, адам өлімі бәрі де күй құдіретімен астаса суреттелген. Тақырыбы аңыз болғанмен, жазушы кейіпкердің жандүниесіндегі тебіреніс пен толғанысты терең аша білген.

Әдебиетте "мәңгүрт" деген ұғымды бірінші қолдануды да Әбіштің осы повесінен көреміз. 1967 жылы "Дала балладалары" кітабына енген бұл повесть Ш.Айтматовтың 1980 жылы шыққан "Ғасырдан да ұзақ күн" романындағы мәңгүрттен ерте жазылғаны жөнінде әдебиеттанушылар біраз зерттеулер де жасады. Ш.Айтматов осы терминді "Жан пида" (1986) романында да қолданып қазақтың кешегі тарихының келеңсіз жағдайлары арқылы бүгінімізге ой салғанды. Халқының, ұлтының мүддесін ойламайтын, тілін, ділін, дінін, салтын, тарихын білмейтін мәңгүрттерді әшкереледі. Алайда Шыңғыс шығармаларында үлкен образдық дәрежеге көтерілген мәңгүрттікті ұғым есебінде алғашқы пайдалану Әбіште кездесетініне дау болмаса керек.

Әдебиеттер:

1. Кекілбаев Ә. Күй. Алматы, 1999ж. 2 том. 60-118 б.

2. Айтматов Шыңғыс. Боранды бекет: Роман. Алматы, 1986ж. 304-бет.

ЖЕТІ ҚАЙҚЫ

Есен-Түгел Әзи

ҚР бейбітшілік және келісім кеңесінің

аға ғылыми қызметкері, Философия магистрі

«Қайқы» сөзі «сал», «сері» деген ұғымда айтылады. Маңғыстау, Атырау даласында бұл атау ауызға жиі алынады. Бұл туралы Ә. Спан әнші, жыршы І.Шыртановтың мына сөзін жазады: «Еркек сал-серіні - қайқы, ал әйелдің серісін - сәйкі дейді, жеті қайқы деген солай - жеті сал-сері деген мағынаны береді»[1.45].

«Жеті қайқы» - әнші, жыршы, күйші, ақын, компазитор - бойына бірнеше өнер тоғыстырған жеті өнерпаз. Осы жеті мықтының әрқайсысына жеке-жеке түсінік беріп, тоқталып өтсек, олар: Әділ Өтеғұлұлы(1869-1931), Жылкелді Теңізбайұлы(1855-1938), Өскенбай Қалмамбетұлы(1860-1925), Шолтаман Байсарыұлы, Тастемір Шыршығұлұлы, Тұрсын Алдашұлы, Досат Бәймембетұлы секілді дүлдүлдер. Бұлардың бастары тоғысып, «қайқы» атануының себебін көнекөздер төмендегіше түсіндіреді: «Тесіктам»(Маңғыстау облысы) деген жерде үлкен ас өтіп, сол аста дуылдаған өнер сайысы болады. Атақты би Иса Тілембайұлы төрелік етеді. Сайыс қорытындысы бойынша қомақты сыйлықтар таратылады. Бас бәйге Жылкелдіге беріледі. Би шешіміне көңілі бітпеген біреулер: - «Иса дұрыс шешім қабылдамады, бірінші жүлдені ағайыны Жылкелдіге берді, біздің Өскенбай да сегіз қырлы өнерпаз. Би әділ билік етпеді», - деп күңкілдеседі. Сол кезде ас иесі: «Араларыңда реніш болмасын, Өскенбайға да бірінші орын береміз» деп ақ боз атты көлденең тартады. Асқа келген, өнер тамашалаған халық риза көңілмен тарасып, жоғарыдағы жеті өнерпазға «Адайдың жеті қайқысы» атағын беріп, жетеуін құрметпен аттандырыпты (бұл уақиғаның тағы бір-екі нұсқасы бар, біз осыны жөн көрдік). Осы жиыннан оралып келе жатып, жетеуі өздерін:

Жиылып жеті дүлдүл желе жеттік,

Жұп жазбай серілікпен елге жеттік.

Әншінің айдап жүрген еш малы жоқ,

Өнер мен мерекені ермек еттік.

Ерітіп соңымызға көпшілікті,

Өнерді жасымыздан өрнек еттік.

Кең ойып шаршы топтан орын алып,

Қара өлең төрттен салып дөңгелеттік[2-7], - деп таныстырған көрінеді. Осынау әнді Өскенбай шығарып айтқан деседі.

Бұлардың ішіндегі Өскенбай туралы деректер молырақ. Қалған алтауының жайы көп қозғала бермейді. Өскенбай 1860 жылы Маңғыстауда Жетібай деген жерде дүниеге келіп, 1925 жылы ажал құшады. Зираты Маңғыстаудағы Қарақия жотасының Доңаза мекенінде[2-519]. Әкесі Қалманбет мергендігімен танылған шаруа, әншілік, күйшілік дарыны байқалмаған. Қалманбеттен өрген ұлдары Өскінбай, Үлкенбай, қыздары Көркей, Шырай, Ақжандар да шетінен домбырашы болған деседі. Оның жолын баласы Мұрат жалғастырып, мұрасының кейінге жетуіне үлкен үлес қосады. Қайқының таланты Мұраттың ұлы Әзірбайға да дариды. Әзірбай да үлкен күйші, қазір Маңғыстауда тірлік кешуде.

Қайқылардың белді мүшесінің бірі - Жылкелді Теңізбайұлы. Маңғыстау жеріндегі Шайыр ауылы маңындағы Сарыойда туылған. Жастайынан ән салып елге танылып, жұртының құмарын қандырар қуатты әншілік деңгейіне жетеді. Әттеген-айы: 1930-31 жылдардағы зобалаңнан бас сауғалап ірге көтерген елмен бірге түбі бір түрікмен жеріне, Шағадам (Красноводск) аймағына қоныс аударып, 1938 жылы сол жақта көз жұмады. Көшерінде «Қарауылқұмбет» жұртында отырған серіге замандас, туыстары амандаса келіп, отырыс үстінде ән айтуын сұрап, қолқалайды. Сонда: «Сексенге келген селкіл баста не қалды дейсің, көңілдерің қалмасын», - деп қайран қайқы байырғы әдетінше:

Бұл әнді сатып алдым құнан нарға,

Беремін өз бәсіне құмарларға.

Ит дауыс бұрынғыдай аңқымайды,

Қартайып жас жеткен соң амал бар ма?[2-23], - деп басталатын «Құнан нар» әнін орындап береді.

Әділ Өтеғұлұлы - белгілі өнер иесі «Жеті қайқының» бірі. Әділ сөзге салса жорға, әнге салса дүлдүл өнерпаз болыпты. Нағыз бабына келіп, еті қызған сәтінде құйрығымен жорғалап, сырғанап жүреді екен. Әнді төгіп-төгіп, төпеп айтады дейді. Әбден шырқау шегіне жетіп, арқасы қозған мезгілде екі көзіне тер құйылып, алқымы ісініп, ала су болғанда барып, өзінің «Жайма қоңырына» салатын көрінеді. Соңында қалған мұраларынан біздің білетініміз «Жайма қоңыр», «Қара ән», « Бес Өрдек» әндері.

Шежіреші Алшын Меңдалыұлы жас уағында жолаушылап жүріп бір ауылдан Әділді кезіктіреді. Әлгі ауыл адамдары төбесіне көтере құрметтеп, таңсәріге дейін ән салдырып, құмарлана тыңдасады. Әділ ірі тұлғалы, кеудесі көріктей қара кісі көрінеді. Зобалаң жылдары шатылып, Текеге (Орал) айдалады. Сол жердегі ОГПУ қызметкері Төленов Шоқан: «Сендердің іздеп жүргендерің бұл Әділ емес, мынау басқа Әділ», деп сендіріп, құтқарып жібереді. Қайқы содан көп ұзамай көз жұмады. Жем бойындағы Қаратоғай деген жерге қойылады.

Өмірінің соңын қудалауда өткізген оның, «қара әнінің» мәтіні:

Түйемді ойпаң жерге шөгергенмін,

Соңына сылқымдықтың көп ергенмін.

Жарты құрт жаңқалтада жарып жеген,

Құрбыдан сөйтіп жүрген не көргенмін[2-54], - болып келеді.

Мәтіні де, әуені де мұңды. Қайран жүйрік шабысынан қалдырған дәуіріне, әйтпесе, ноқталаған қоғамына өкпелі. Әділдің тұяғы Кемал ағамыз көзі тірі, 1929 жылы туылған, қазір Сағыз бекетінде (Атырау облысы) тұрады.

Өнерімен қатар желген жетеудің бірі - Тұрсын Алдашұлы. «Ел ішінде «Адайдың ілме қағысы» деген домбыра қағысымен бірге, «Тұрсын қағыс» деген де қағыс түрі бар», - деп жазады Абыл Келімбердиев[3-175].

Өнердің өзенінен жүзіп өттім,

Халқының өкпесі жоқ бұл Тұрсынға, - деп шалқыған қайқының қадірі биік кеткен. Қарақамыс, Көкжар жәрмеңкелеріне базаршылап көп табан тіреген. Өнер сайыстарына түсіп даңқы аспандаған. «Көл Қайнар», «Оймауыт, «Тасастау» сынды әндері кең тараған. Асқан дарынының арқасында асқақтаған дүлдүлдің ғұмырының соңы сергелдеңмен өткен. 1930-31 жылдары басталған зобалаңда ұсталып, хабарсыз кеткен.

Қайқылар құрамының бірі -Шолтаман Байсарыұлының да атақ-даңқы алысқа тараған. Оның кең тынысты әнші екендігін дәлелдейтін деректер баршылық.

Шолтаманның ауылы Маңғыстаудағы Мастөк маңында отырса керек. Ол кезгі серілердің ел аралай бір шыққанда айлап кететіні белгілі. Ұлының осындай ұзақ сапарынан оралуын күтіп жүрген үйдегі анасы таңсәріде талып жеткен ән сазын естіп: «Шолтаманның даусы болар ма?», - деп ойлап қояды. Ана жүрегі алдасын ба, кешқұрым Шолтаман да жетеді. «Жарығым, таңертеңгі естілген ән сенің айтқан әнің бе, қай жерде келе жатып айтып едің?» - деп сұрайды қайран ана. «Ат үсті, жол соқты болып зерігіп кеткен соң Қаратүйенің құлауында айтқан едім» - деп жауап қатыпты баласы. Ал Қаратүйе мен Мастөк арасы қазіргі өлшеммен елу шақырымдай жер екен.

Шолтаманның жүзге тарта әні бар көрінеді[2-35] Шығармаларынан қолымызға түскені:

«Барады ауылым көшіп «Көлтабанға»,

Салайын «Сарыөзенге» Шолтаманға, - деп басталатын «Сарыөзен» әні мен «Талкеме» әні.

Қайқылардың қатарында Жаманадай Тастемір Шыршығұлұлы да бар. Аты айтып тұрғандай Тастемір әйгілі «бес жүйріктің» бірі - Нұрым Шыршығұлұлының інісі. Кәріқұлақ қарттардан бұл дүлдүлдердің туыстығы туралы екі ұшты пікірлер қалыптасқан. Дегенмен қос саңылақтың жақын туыс екендігі даусыз. Оған қайқының «Маңғыстау» әніндегі:

Тастемір - өзім атым, ағам - Нұрым,

Алқада жан сөйлемес бізден бұрын.

Ортадан шауып шыққан жүйрік едім,

Ежелгі елден қалған ескі жұрын, - деген сөздері дәлел. Бұл әнді, сері, шау тартып, шалдыққа мойын бұрған шағында, ешнәрсеге тәбеті шаппай көңілі құлазыған уағында:

Тастемір - өзім атым, ағам - Нұрым,

Алқада жан сөйлемес бізден бұрын.

Қартайып жас алпысқа келгеннен соң,

Осы күн жүгіреді итім қырын![2-50] - деп салатын көрінеді, жарықтық.

Тастемір Қауынды, Қорғанбай маңындағы әкесі Шыршығұлдың атымен аталатын зиратқа, әкесінің қасына жерленген.

Тыңдаушысын тұшындырар жалқы жетеудің бірі - Мая Досат Бәймембетұлы. Көнекөздердің ақпарынша Досат - өнеріне өресі, келбетіне ақылы сай, парасат болмысы келіскен адам екен. Дауысының кереметтігі сол - Жем, Сағызды жаз жайлап, күзеуге Маңғыстауға құлайтын сән-салтанатты қоңыраулы көштің орынын сайлап, ас-суын әзірлеуге алдын-ала жіберілген адамдар қосын тігіп, ошағын қазып, бірер күн әзірлік қылып жатқанда шығаннан шарықтаған бір әуен жетеді құлаққа.

- Көштің алды келіп қалды, - деп қапыла абыр-сабыр, етек басты, ер састы қарбаласып қалған жұртты Досаттың дауысын танитын кәнігілері:

- Ау, саспаңдар түге, бұл Досаттың даусы. Көш әлі күншілік жерде келеді. Асықпай шаруаларыңды істей беріңдер, - деп сабырға шақыратын дейді[3-178].

Заманында төрт тарапты тоғыстырып, сахара жұртының сағына бас қосар мекеніне айналған Көкжар, Жармола, Қарақамыс жәрмеңкелері жан-жақтан өнер жампоздары жиылып, халықын қызыққа бөлеген өнер ордасына айналғаны белгілі. Және, осынау қайнаған қан базарлар небір тарихи оқиғалардың да туындауына себепші болғаны ақиқат.

Көкжарда көп жатқанда ай жатармыз,

Самаурын саздың суын қайнатармыз.

Осыдан аман-есен елге жетсек,

Көздерін талайлардың жайнатармыз[2-47].

Ел арасында айтылап жүрген осынау «Босмойын», әнінің шығу тарихын ақсақалдар былайша өрнектейді: Досат Ойылдағы Көкжар жәрмеңкесіне сегіз қанат ақ үйін тігіп, өнер көрсетіп табыс тауып жүрген Жауғашты Шеркеш Көпжасар дегенмен кездесіп, Көпжасардың әнші әйелі Ғалиямен бірге біраз өнер көрсетсе керек. Күз түсе базар тарқағанда Досат елге осы Ғалияға арналған «Босмойын» әнін ала қайтыпты[2-43].

Бұлбұлдарымыздың туындылары ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткендіктен халқымыздың өнер тарихында түсініспеушіліктер кездесіп жатады. Мысалы, әр жерде әрқалай айтылып келген:

Жамал-ай, Жамал-ай,

Не жаздым, қалқам, саған-ай, - деп өрілетін «Жамал-ай» әнінің кейінгі кезде Досаттікі екені айшықталып жүр. Бұны белгілі өнер жанашыры Б. Кәртеннің ойы да нақтылай түседі. Бұл мәселеге кейін толығырақ тоқталамыз.

Дерек көздерінен аңғарғанымыздай, қайқылар қатарының нобайы тірлігінің соңын тарығып өткізген.

Жеті қайқы Көкжар, Қарақамыс, Орынбор базарларында жиі болып, жұртты сұлу өнерлерімен талай сусындатқан. Маңғаз өнердің шырағын маздатып өткен жеті бұлбұлды ұрпақ есіне салып, көпке өнеге қылар күн қашан келер.

Әдебиеттер тізімі:

  1. 1. Спан Ә. Қабекеңнің қазынасы. Алматы, «Үшқиян», 2003-350б.

  2. 2. Жұмашұлы А. Адайдың жеті қайқысы. Алматы. 2011-60б.

  3. 3. Келімбердиев А. Ерлер есімі - ел есінде, Ақтөбе-267б.













© 2010-2022