Қазақ тілі пәні бойынша Коучинг-сессия жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫ

ОҚО Мақтарал ауданы «Ә.Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлханова Айткүл

Коучингтің жалпы тақырыбы:

«Оқытуды бағалаудың жаңа жүйесі - оқушының білім сапасын арттырудың кепілі»

Мақсаты:

Мұғалімдердіңбіліктілігін жетілдіру, тереңірек дамыту, жоғары деңгейге көтеру мен шешім қабылдауға қажетті дағдылар мен іс-тәжірибелерді меңгерту, болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыру, оқытуды бағалаудың әдіс-тәсілдері жайлы түрлі ақпараттармен таныстырып, оларды сабақ үдерісіне тиімді пайдалануларына ықпал ету.

Міндеті:

Мұғалімдермен қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, рефлексивтік диалогке тарту, кәсіби білімін дамытатын іс-шаралар ұйымдастыру, бірлесіп жоспарлау, зерттеушілік жұмыстар жүргізу, кері байланыс орнату, түйінді мәселелерді анықтау, бірлесіп шешім қабылдау.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер оқытушылық тәжірибесіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізеді, сындарлы оқытудың астарын түсінеді, орта және қысқа мерзімді жоспарлар құрастыра алады, оқытуды бағалау мен оқуды бағалау бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде орынды қолдана алады, сол арқылы оқушының білім сапасын арттыруына ықпал етеді.

Коуч-мұғалім:

Әбдиева Н - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Коуч мұғалімдер:



  1. Ж.мамбетова - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  2. Д.Көрпелиева - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі









Коучинг сабақтардың тақырыбы



Мақсаты:



Өту мерзімі




Күтілетін нәтиже

1

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың теориялық негіздері мен критериалды бағалаудың практикадағы қолданысы

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың теориялық негіздерімен таныстыра отырып, критериалды бағалауды сабақ үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру.

14.10.2013

Коучерлер оқытуды бағалаудың реттеушілік қызметі мен оқуды бағалаудың нәтижені анықтаушылық қызметін айыра алады, критериалды бағалаудың аспектілерін анықтап, оларды іс жүзінде пайдалануды жүзеге асырады.

2

Сабақ үдерісінде табыс критерийлерін бірлесіп анықтаудың әдіс-тәсілдері

Оқушы жұмысының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында табыс критерийлерін бірілесіп анықтаудың маңыздылығын ұғындыру және оны жүзеге асыру жолдарын меңгерту.

21.10.2013

Мұғалім мен оқушы арасында жағымды қарым-қатынас туады, сол арқылы білім алуға жағымды орта қалыптасады және ақпараттар алу мүмкіндігінің шеңбері кеңейеді, өз жұмыстарының салыстырмалы көрсеткішін біліп отырады.

3

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындаудың

тиімділігі

Тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу шеберлігін жетілдіру.

25.10.2013.

Кез келген тақырыпқа байланысты қылыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын оқушы мен сынып деңгейіне лайықтап және олардың нәтижесін анықтауға салыстырмалы көрсеткіш бола алатындай етіп құрастыра алады.

4

Өзара бағалау мен өзін-өзі бағалаудың білім сапасын дамытуға ықпалын арттыру жолдары

Оқушының өзінің және құрдасының жұмысына сыни тұрғыда талдау жасауына, өз қателіктерін анықтап, соны реттеу іс-шараларын ұйымдастыруына мүмкіндік туғызуға жетелеу.

30.10.2013

Мұғалім сыныпта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауына мүмкіндіктер тудырады, оны жүзеге асырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін меңгертеді.



№1 КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫ

Коучинг сабақтың тақырыбы

Мақсаты:

Өту мерзімі

Күтілетін нәтиже

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың теориялық негіздері мен критериалды бағалаудың практикадағы қолданысы

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың теориялық негіздерімен таныстыра отырып, критериалды бағалауды сабақ үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру.

14.10.2013

(90 минут)

Коучерлер оқытуды бағалаудың реттеушілік қызметі мен оқуды бағалаудың нәтижені анықтаушылық қызметін айыра алады, критериалды бағалаудың аспектілерін анықтап, оларды іс жүзінде пайдалануды жүзеге асырады.

Коучтің іс-әрекеті

Коучерлердің іс-әрекеті


Ресурстар

Уақыт шеңбері

1

«Жаңа тұрпатты мұғалім» слайдын көрсету.

Көрген слайдқа байланысты ой-пікірлерін ортаға салады.

14 минут

Слайд, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Табысты жұмыс істеп жатқан мұғалімге өзгеріске байланысты өз іс-тәжірибесін жаңарту қажет деп ойлайсыздар ба?

2. Тәжірибелі мұғалім өз практикасындағы тәжірибесін түбегейлі түрде жаңа бағытқа лайықтап өзгертуі керек пе?

3. Өзідеріңіз өзгеру үшін қандай іс-әрекеттерді жоспарлап отырсыздар?

2

«Тәлімгерлік пен коучинг» слайдын көрсету.

Көргендері бойынша өзара сұхбат жүргізеді.

14 минут

Слайд, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Тәлімгерлік үдерісінің мақсатын қалай түсіндіңіздер?

2. Тәлімгердің коуч жұмысына ықпал ету нәтижелігіне көздеріңіз жете ме?

3. Сіздерше тәлімгер мен коучтің қандай айырмашылықтары бар?

3

Сергіту сәті

«Гандам стайл» биінің қойылымына билейді.

3 минут



4

«Коучинг презентациясы» слайдын көрсету.

Коуч пен коучер арасындағы қарым-қатынас жайлы пікірлеседі.

15 минут

Слайд, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Коучинг үдерісі сіздерге не береді деп ойлайсыздар?

2. Коучтің сіздерге білімді дайын күйінде ұсынбай, оны алуға бағыт беру арқылы өз саналарыңыздан өткізіп барып алуға мүмкіндік жасау әрекеті тиімді болады деп есептейсіздер ме?

2. Осы үдерістерді оқушыларға білім беруде пайдалануға болатындығына көздеріңіз жете ме?

5

«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» слайдын көрсету.

Слайдқа байланысты ойларын ортаға салады.

14 минут

Слайд, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін қандай жолмен анықтайсыздар?

2. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдауды, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеруді қалай жүзеге асырасыздар?

3. Бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай алуы керек дегенді қалай түсінесіздер?

6

Кофе-брейк

Жағымды орта тудыру мақсатында ұйымдасырылған кофе-брейкте еркін сұхбаттасады.


7

«Бағалау оқытуды қолдауы керек» бейнежазбасын көрсету.

Редбирдж, Валентинис орта мектебінің оқушылар мен мұғалімінің бағалау жөніндегі көзқарастарымен танысып, өз пікірлерін білдіреді.

15 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Оқушы үшін бағалау қалай оқудың жаңа жолдарын табу тәсілі екендігін қалай түсіндіңіздер?

2. ОҮБ оқушыларға қандай мүмкіндік бере алады?

3. ОҮБ-ның мәні неде деп ойлайсыздар?

4. ОҮБ-ны қолану мұғалімдерге қандай міндеттерді жүктейді?

5. Мақсатттары айқын қалыптаспаған сабақ дегенді қалай түсінесіздер?

8

«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды практикада қолдану барысы» тақырыбында постер құрғызу.

Дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалауда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың көрінісін постерге түсіреді.

15 минут

Плакат, маркерлер, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың арақатынасы жайлы не ойлайсыздар?

2. Оқыту үшін бағалауды күнделікті қолдану тиімді бола ала ма?

3. ОҮБ-ны қолдану әр түрлі деңгейдегі оқушылар үшін қалай көрініс табуы мүмкін?

4. «Оқыту мен оқу үдерісі мұғалімнің сабақ беруі емес, оқушыны оқыту» дегенді қалай түсіндіре аласыз?































№2 КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫ

Коучинг сабақтың тақырыбы

Мақсаты:

Өту мерзімі

Күтілетін нәтиже

Сабақ үдерісінде табыс критерийлерін бірлесіп анықтаудың әдіс-тәсілдері

Оқушы жұмысының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында табыс критерийлерін бірлесіп анықтаудың маңыздылығын ұғындыру және оны жүзеге асыру жолдарын меңгерту.

21.10.2013

(60 минут)

Мұғалім мен оқушы арасында жағымды қарым-қатынас туады, сол арқылы білім алуға жағымды орта қалыптасады және ақпараттар алу мүмкіндігінің шеңбері кеңейеді, өз жұмыстарының салыстырмалы көрсеткішін біліп отырады.

Коучтің іс-әрекеті

Коучерлердің іс-әрекеті

Уақыт шеңбері

Ресурстар

Түйінді сұрақтар

1

«Көбелек сабағы» бейнежазбасымен таныстыру.

Бейнежазбаны көргеннен кейін пікірлеседі.

14 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Оқушы деңгейін анықтап алудың қандай маңыздылығы бар?

2. Оқушының кедергіден өз бетімен жол табуына мүмкіндік беру сіздерді қандай жетістіктерге әкеледі деп ойлайсыздар?

3. «Көбелек сабағына» байланысты жайттарға өмірден мысал келтіре аласыздар ма?

2

«Командалық коучинг» бейнежазбасымен таныстыру.

Бейнежазбаны көргеннен кейін ойларын ортаға салады.

14 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Бірлескен жұмыстың нәтижесі бойынша жекелеген оқушы жұмысын бағалауға бола ма?

2. Әр түрлі деңгейдегі оқушылар тобы нәтижелі жұмыс жүргізетіндігіне сенімдісіздер ме?

3. Осы қойылымның сіздердің жұмыстарыңыздың табысты жүруіне қандай әсері болды?

3

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» қойылымына жаттығу жасайды.

3 минут



4

«Табыс критерийлері - жұмысты атқару деңгейінің көрсеткіші» тақырыбында сұхбат жүргізу.

Тақырып бойынша сұхбаттасады.

9 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Табыс критерийлерін бірлесіп жасау сіздердің жұмыстарыңызға қандай мүмкіндік береді?

2. Табыс критерийлерін бірлесіп жасаудан оқушы не ұтуы мүмкін?

3. Өз сабақтарыңызда табыс критерийлерін қандай тәсілдермен анықтайсыздар және оларды қандай негізге сүйеніп жасайсыздар?

5

«Мұғалім шеберлігі - уақыт талабы» тақырыбында эссе жаздыру.

Мұғалімдер өздері жазған эссеге байланысты табыс критерийлерін бірлесіп анықтайды.

20 минут

Плакат, маркерлер, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Эссе жазудың қандай талаптарын білесіздер?

2. Өз жұмыстарыңызды бағалағанда бірініші неге көңіл аударасыздар?

3. Бағалау барысында нелерді орындау маңызды деп ойлайсыздыр немесе қандай басымдықтарды ерекшелейсіздер?

4. Табыс критерийлерін анықтағанда оларды қандай бағаммен (баға немесе балл) өлшеген дұрыс деп есептейсіздер?





№3 КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫ

Коучинг сабақтың тақырыбы

Мақсаты:

Өту мерзімі

Күтілетін нәтиже

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындаудың

тиімділігі

Тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу шеберлігін жетілдіру.


25.10.2013.

(60 минут)

Кез келген тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын оқушы мен сынып деңгейіне лайықтап және олардың нәтижесін анықтауға салыстырмалы көрсеткіш бола алатындай етіп құрастыра алады.

Коучтің іс-әрекеті

Коучерлердің іс-әрекеті

Уақыт шеңбері

Ресурстар

Түйінді сұрақтар



1

«Ұстаздық ету мақсатыңыз не?» тақырыбында сұхбат жүргізу.

Әркім өз қызметінің мақсатымен таныстырады.

10 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Мамандық таңдауды жүрек қалауымен жасадыңыз ба, жоқ әлде басқа жайттар себеп болды ма?

2. Мектептегі жұмысыңыздың мақсатын қалай түсінесіздер?

3. Сіздер кім үшін және не үшін еңбектеніп жатырмын деп есептейсіздер?

2

«Жарық құмыра» бейнежазбасын көрсету.

Бейнежазбаны көргеннен кейін ойларын ортаға салады.

10 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1.Сабақ үдерісінде сыныптағы оқушылардың өзіндік ерекешеліктерін қалай анықтайсыздар?

2. Әр оқушының ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды түрлендіріп отырасыздар ма?

3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жақсы нәтиже бере алуы мүмкін бе?

4. Үлгерімі төмен оқушылармен қандай іс-шаралар жүргізесіздер?

3

Сергіту сәті

Нурмухаммед Жақып - Саби бақыты әнін тыңдайды

3минут



4

«Қалыптастырушы бағалау - оқушы білімін реттеуші бағдаршам» тақырыбында сұхбат жүргізу.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындау мен

оларды сабақ үдерісінде қолдану іс-тәжірибелерімен бөліседі.

12 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Оқушыларыңыздың жоғары нәтижеге жетіп, білім ала алатынына сенімі артып, өз алдына мақсат қойып, өз жолын таба білуі үшін сіздер қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?

2.Бағалауды сіздер оқушы үшін жүргізесіздер ме, жоқ оқушыға қолдану үшін жүргізесіздер ме?

3. Бағалау тапсырмаларын дайындау мен жоспарлауда басымдықты неге бересіздер?

4. Бағалауды басқаруда басты назарды неге аударасыздар?

5. Балаларды өз оқуларын талдап отыруға үнемі әрі жиі итермелеу және олардың келесі қадамдарды анықтауына бағыттау жұмыстарын қалай ұйымдастырасыздар?

5

Қалыптастырушы бағалауды практикада қолдану.

Осы коучинг-сессиясын-да қолдануға болатын қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды.

25 минут

Плакат, маркерлер, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Бағалаудың оқушы талабына сәйкестігін анықтау үшін қандай іс-шаралар жүргізесіздер?

2. Бағалау барысындағы оқушы белсенділігін дамыту үшін қандай іс-шаралар ұйымдастырасыздар?

3. Бағалауды қолдануда қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыздар?

4. Балалардың оқыту мен оқу үдерісінде берілген мүмкіндіктерді ұғынатынына қалай көз жеткізесіздер?





№4 КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫ

Коучинг сабақтардың тақырыбы

Мақсаты:

Өту мерзімі

Күтілетін нәтиже

Өзара бағалау мен өзін-өзі бағалаудың білім сапасын дамытуға ықпалын арттыру жолдары

Оқушының өзінің және құрдасының жұмысына сыни тұрғыда талдау жасауына, өз қателіктерін анықтап, соны реттеу іс-шараларын ұйымдастыруына мүмкіндік туғызуға жетелеу.

30.10.2013

(90 минут)

Мұғалім сыныпта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауына мүмкіндіктер тудырады, оны жүзеге асырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін меңгертеді.

Коучтің іс-әрекеті

Коучерлердің іс-әрекеті

Уақыт шеңбері

Ресурстар

Түйінді сұрақтар

1

«Жарық құмыра» бейнежазбасын көрсету.

Бейнежазбаны көргеннен кейін ойларын ортаға салады.

15 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1.Сабақ үдерісінде сыныптағы оқушылардың өзіндік ерекешеліктерін қалай анықтайсыздар?

2. Әр оқушының ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды түрлендіріп отырасыздар ма?

3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жақсы нәтиже бере алуы мүмкін бе?

4. Үлгерімі төмен оқушылармен қандай іс-шаралар жүргізесіздер?

2

«Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау оқушының ойлау дағдыларын дамытады» тақырыбында сұхбат жүргізу.

Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың оқушының ойлау дағдыларын дамытуға берер әсерлерін өз іс-тәжірибелерінен дәлелдер келтіре отырып сұхбаттасады.

19 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауда оқушылар тапсырмалардың қалай орындалғанын ой елегінен өткізе тексереді ме, жоқ дайын жауаппен салыстырмалы түрде бағалайды ма?

2. Олардың өзара бағалауда бір-бірінің жұмысын салыстыру үдерісін қалай ұйымдастырасыздар?

3. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың оқушылардың ойын дамытуына айтарлықтай әсері бар ма?

4. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауда оқушылардың ауызша талдауына уақыт бересіздер ме?

5. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың оқушылардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан қандай айырмашылығы бар?

6. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бағалауда балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесу үшін қандай әрекеттер жасайсыздар?

3

Сергіту сәті

«Макарена» қойылымына жаттығу жасайды.

2 минут



4

Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың қолданыстағы көрінісі жөнінде пікір алмасу.

Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды сабақ үдерісінде қалай пайдаланып жатқандары туралы тәжірибемен алмасады.

20 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың қандай түрлерін сабақта қолданасыздар?

2. Ауызша бағалауға көп көңіл бөлесіздер ме, жоқ символдар (түрлі түсті қағаздар, мимика, қол ишаралары) арқылы бағалау тиімді ме?

3. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудағы оқушылардың пікірін өз жұмысыңызда қалай пайдаланасыздар?

4. Оқушылардың өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауда әділ болуына қалай қол жеткізуге болады?

5. Бағалау барысында оқушылар құнды кері байланыс ұсынды ма, олардың бір-бірінен үйренгенін және бірін-бірі қолдағанын қалай анықтадыңыздар?

6. Бағалау үдерісінде қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізетіндігіне көздеріңіз жете ме?

7. Сыныптастарын бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектесетінін, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал ететінін мойындайсыздар ма?



4

«Бағалаусызбалары не үшінқажет?» тақырыбында топтық постер дайындату.

Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауда қолданылатын сызбалардың қолданудағы тиімділігі жөнінде постер дайындап, оны қорғайды.

20 минут

Плакат, маркерлер, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Сабақ үдерісінде қандай бағалау сызбаларын қолданасыздар?

2. Сызба арқылы бағалау еркін формада бағалауға қарағанда тиімдірек екенін мақұлдайсыздар ма? Себебі не?

3. Сызба арқылы бағалау оқушының сөйлеу тілін дамытпайды дегенге келісесіздер ме?

4. Сызба арқылы бағалаған жұмыстарына байланысты ауызша талдау жүргізу жолдарын қалай меңгертуге болады?

5

Жақсы бағалаудың кілттері жайында мәліметтер беру.

Жақсы бағалау үшін қажетті мәліметтер алады.

14 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Бағалаудың нәтижелі болуы үшін қандай алғышарттар керек деп ойлайсыздар?

2. Бағалау үдерісін жақсарту үшін өз тәжірибелеріңізге қандай өзгерістер енгіздіңіздер?

3. Жақсы бағалауға қол жеткізу үшін оқушының жұмысын реттеу керек пе, жоқ мұғалім жұмысы реттелу керек пе?

4. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау өз жұмысы және басқалардың жұмысы туралы пікір қалыптастыру дегенді оқушыларға қалай ұғындырар едіңіздер?

5. Өз жұмысынан не күтілетіні, неге қол жеткізгені және нені жақсарту мүмкін екендігін әркімнің түсінуіне көмектесу үшін қандай бағалау тапсырмаларын дайындар едіңіздер?



© 2010-2022