«ОЙЫН ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.                                                                                       Ойынның да өзіне тән мотивтері болады.  Мысалы   мазмұндық, рөлдік...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ОЙЫН ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

Р.М.Ғалымова - Психология пәнінің оқытушылары

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің, қандай маңызы болса, ойынның маңызы дәл сондай. Бала ойында қандай болса, өскең соң жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады» - деп педагог А.С.Макаренко ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалаған.

Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі.

Сондықтан, ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын түрлері:

- ойын сабақ;

- ойын жаттығу;

- дидактикалық ойындар;

-қимылды ойындар;

-құрылыс ойындары;

- сөздік ойындар;

- логикалық ойындар;

- ойын - есептер;

-драмалық ойындар;

-шығармашылық ойындар;

-мазмұнды-рольді ойындар;

-ережелі ойындар;

- ұлттық ойындар.

Ойындарды қолданудың тиімділігі:

- жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;

- сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;

- шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;

- оқушының өз - өзіңе деген сенімділігі пайда болады;

- логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Әсіресе, бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс - әрекет және ойын түрінде бастаған дұрыс.

Себебі: Ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор.Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауымен шығармашылық ойлауы тәрбиеленип, қалыптасып дамиды.

Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей, мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін - өзі кінәлауы керек.Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіру керек деген екен.

Енді, әр түрлі ойын түрлерімен танысайық.Бұл ойындарды әр ұстаз өз мақсатына сай шығармашылықпен түрлендіріп, өзгертіп қолдануына болады.

Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті - оқытудың ойын формасы деп аталады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.

Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой өрісінің дамуын,қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын арқылы оқушыны оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ:

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өзбетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

Ойын ойнату кезінде мына кеңестерді естеріңізде ұстаңыздар:

1.Ойын балаға да, үлкендерге де қуаныш әкелуі қажет.
2. Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны ойнауға мұқтаждамаңыз, ойын тапсырмаларымен ашуға дейін қысым көрсетпеңіз. Ойын кезінде баланы ренжітіп алмаңыз.
3. Баланың қызығулары «толқынмен» өтеді. Сондықтан, балада ойынға қызығушылығы басылғанда, ол ойын туралы екі айға, тіпті көпке дейін «ұмытыңыз», сосын оны бала «кездейсоқ» есіне түсірсін.
4. Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау керек. Баланың белсенді қимылдарын тоқтатпаңыз.
Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Тиімді қолдана білген ойын арқылы:

  • Білім беру сапасы артады

  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады

  • Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.

  • Оқушы белсенділігі артады

  • Материалды меңгеруге түрткі болады

Ойын түрлерін қолдану арқылы барлық мәсел ешешіле қалды деп айту дұрыс емес. Дегенмен, қиындықтар азайады.Себебі, ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар, кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады, танымдары қалыптасады.

Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!

«Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»-деп жазады.Ж. Аймауытов.

Ата-ананың баласымен ойнайтын ойын түрлері туралы және олардың бала өміріндегі маңызы.

Сіз үйде балаңыз қандай ойын ойнайды білесіз бе? Қадағалайсыз ба?

Көбіне балалар компьютерлік ойындардың ішінде агрессивтілік, шеттен тыс ашуланшақтық, жауыздық сезімдерін тудыратын ойындар ойнайды.

Арнайы балаларға арналған ойындар: логикалық ойлауды дамытатын, талдауға қабілеттелік, сөздік қор, көру арқылы есте сақтау, әуенді есте сақтау, қимыл-қозғалыс шапшаңдығы, математика, сурет салу, және т.б.

Компьютерлік ойындардың балаға зияны: көзге және омыртқаға әсері, психикаға келтіретін қысым, бағынышты болу. Сіз байқадыңыз ба агрессивті ойындарды ойнаған бала, жай ойын барысында да жазалау, достарына дөрекі сөйлеу, сөздерді т.б. қолданады. Пайдасы: бала жылдам оқуға, жазуға үйренеді, компьютерге деген дағды қалыптасады. Баланың бастапқы қалпында компьютерге деген жай қызығушылық болады. Содан соң баланың тамаққа тәбеті болмай, ұйқысы келмей, компьютерге бағынушылық пайда болады. Сондықтан біз үйде балаларымыздың немен шұғылданатынын, компьютерлік ойындардың қай түрін ойнап жатырғанын қадағалап, бос уақытын ұйымдастырумыз қажет. Ол үшін ата-ана тарапынан компьютерлік ойындардың әр түрлілігіне мән бермеуіміз керек, оның интелектіні дамытуға, зейін, есте сақтау және басқа сапаларды дамытатындай ойындар болғаны жөн. Яғни бұл ойындарға: логикалық ойындар, ребустар, сөзжұмбақ. Бұл ойындар балаларға зиян болмайды.
Компьютерлік ойындар көмегімен сіз балаларыңызды білімге тарта отырып, шет тілдерін меңгерте аласыз, балаңыздағы сапа мен қабілеттерді дамытасыз, бірақ компьютер негізігі дамыту құралы болмау қажет, яғни кітапты ұмытуға болмайды. Үстелді үсті ойындары, конструктор, пазлалар, баламан бірге спорттық ойындар, шахмат, шашка, яғни үстел үсті немесе қимыл қозғалысты ойнату, бала үшін басты әрине ата-ана назары мен жалықтырмайтын жылулығы болып табылады. Ата-ана міндеті компьютермен жұмыс істеуге шектеу қою емес, егер де сіз баланы компьютерден алшақтатам деп оған ашуланып, балада агррессия, ренішті тудырсаңыз, ол көшедегі интернет клубтарға қашады, онда оған ешкім дамытатын ойындар ашып бермеді. Сондықтанда балаңызды түсініп, бірге 20 минуттыңызды қиып, дамытатын ойындарға ұйымдастырыңыз.

Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек». Балалармен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты - баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады. Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді.

Кеңестік педагог А.С.Макаренко "Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі - ойыннан тұрады", -деген пікірімен сөзімді аяқтағым келеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Белавина И.Г. Восприятие ребёнком компьютера и компьютерных игр // Вопрос психологии. 1993. № 3.

  2. Белавина И.Г. Психологические последствия компьютеризации детской игры // Информатика и образование. 1991. № 3.

  3. Воспитание школьников. Теоретический и научно-методический журнал. № 2. 2007.

  4. Запорожец A.B. Проблемы дошкольной игры и руководство ею дошкольном возрасте.

  5. Кукушин B.C. Современные педагогические технологии. // Начальная школа. Пособие для учителя. Ростов, 2004. - 384 с.

  6. Михайленко Н.Я. Как играть с ребёнком. М.: Педагогика, 1990.

  7. Мунирова А. Развивающие игры для младших школьников. Теоретический и научно-методический журнал. № 2. 2007. С. 37-40.


© 2010-2022