Қош келдің - Әз Наурыз !

                                    " Қош келдің -Әз Наурыз!"                                1-жүргізуші:   Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар,                                    Босқа қарап тұрмаңыздар,                                    Наурыз тойы басталады.                                    Көргендер де армандар                                    Көрмегендер де арманда.                                    Қызықтан тыс қалмандар!                                    Салт-дәстүрмен жараса                 ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

( «Сарыарқа» күйінің әуені естелік тұрады )

Қош келдің - Әз Наурыз !

1-жүргізуші: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар,

Наурыз тойы басталады.

Көргендер де армандар

Көрмегендер де арманда.

Қызықтан тыс қалмандар!

Салт-дәстүрмен жараса

Қайта құрып жаңаша

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлаймыз тамаша.

2-жүргізуші: Ата-салтын бабамның

Алып келді Ұлыс күн

Бір анадан туғандай

Бір ұядан ұшқандай

Бір аспанның астында.

Бір дастархан басында

Береке , бірлік болсын деп,

Көп көжеден дәм татып

Күшейтейік бірлікті

Еңбек пенен тірлікті.

Қосылып: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Ұлыс тойы басталды

Наурыз туын көтеріп

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер

Естімеген естіңдер.

Дабылын оның қағайық,

Шақырамыз бәріңізді

Ұлыстың ұлы күніне

( музыка )

( Қыдыр ата келіп, батасын береді)

Қош келдің - Әз Наурыз !

1-жүргізуші: Армысыңдар , ағайын,

Ағайын тілін табайын.

2-жүргізуші: Бармысыңдар, бауырлар.

Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.

1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар. Шаршамайтын қыз-жаздар.

2-жүргізуші: Ізетке ие інілер,

Інілер ,еті тірілер.

1-жүргізуші: Көрермендер , аман ба?

Отырған анау ойланып.

Қосылып: Бәріңізге бір сәлем.

1-жүргізуші: Енді тойды бастайық.

2-жүргізуші: Екеуміз енді саспайық.

( Музыка « Пай, пай қазақтың келіңдері-ай »)

1-жүргізуші: Қыз аттанған келін боп, ақ босаға

Ақ босаға-мерейлі бақ босаға

Қасиетті халқымның дәстүріне

Куә болып жатты осы ара

Осы әсем сөздер арқылы бүгін біздер Науырыз мерекемізде

« Пай,Пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай » атты сайыс өткізгелі

отырмыз.« Келін түссе жолы ғой бұрынғының » дегендей ақ

босағасын ақ ниетпен аттаған қазақ келіндерінің жолдары да

әрдайым ақ болмақ.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, мен сенімен толық келісемін. Осы күнге дейін

өз жеңгелерімнің бірдей-бір оғаш қылықтарын көрмеппін.Мінезі

ашық, жандары жайсаң қазақтың келіндері көбие берсін.

1-жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысқа қатысушы жеңгелерімізді

ортаға шақырамыз.

( сайыскерлер ортаға музыкамен шығып, жіреби тартады )

Қош келдің - Әз Наурыз !

2-жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын.

Қазылар алқасы болмаса нық сыналар

Сайыстың әділ бағасын беретін, қазылармен танысайық.

( Қазылар алқасымен таныстыру )

Қош келдің - Әз Наурыз !

1-жүргізуші: Алдарыңзда әсем әнімен Дауылбай Асылзат( № 1)

Қош келдің - Әз Наурыз !

2-жүргізуші: Сайымызды бастамас бұрын сайыстың шарттарымен

таныстырып өтейін. Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. Үй тапсырмасы ( үйден наурыз көже дайындап келу)

  3. Жағдаятты сұрақтар

  4. Қазылар тапсырмалары

  5. Мақал-мәтелдер сайысы

  6. Өз өнерін көрсету

І-бөлім. Таныстыру.

1-жүргізуші: Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін

Дәстүрімен бүгінгі үлкен сайыстың

Келіндері таныстырсын өздерін.

Таныстыру кезеңін бастаймыз. Алдарыңызда келіндерімізді қарсы алайық...

Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !

Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !

Қазылар бағаларын беруге сұраймыз.

Қош келдің - Әз Наурыз !

2-жүргізуші: Сахнада Тоқмансай негізгі мектебінің КВНшіктері,

қарсы аламыз!( № 2 )

Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !

Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !

ІІ-бөлім. Үй тапсырмасы.

2-жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын мен саған бір сұрақ қойсам

деп едім.

1-жүргізуші: Иә, құлағым сенде.

2-жүргізуші: Сен ұлттық тағамды, жалпы тамақты қалай

дайындайсың?

1-жүргізуші: Жақсы дайындайтын болуым керек, себебі жеген

адамдар риза болады.Ал оны не үшін сұрадың?

2-жүргізуші: Себебі, біздің келесі бөлімімізде, келіндер үйден көже

дайындап алып келу керек.Жеңгелеріміздің

көжелерінен дәм тартамыз ба?

1-жүргізуші: Тартсақ, тартайық!

Қош келдің - Әз Наурыз !

( Қатысушылар дайындаған көжелерін қалай дайындағандарын айтып береді , содан кейін

әділ-қазылардан баға сұрау )


Қош келдің - Әз Наурыз !

2-жүргізуші: Алдарыңызда «Гүлдер »би ансамбльі( №3)

5-класс

Қош келдің - Әз Наурыз !

6-класс

Қош келдің - Әз Наурыз !

7-класс

Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !

8-класс

Қош келдің - Әз Наурыз !

ІІІ-бөлім. Жағдаятты сұрақтар.

1-жүргізуші: Тілдің майын тамызып,

Сөздің балын ағызып,

Келіндерің сөз айтар

Тығырықтан жол тауып.

Біздің келесі сайысымыз « жағдаятты сұрақтар »

( келіндер сұрақтар жазылған қағазды алып жауап береді.Әрқайсы 2 сұраққа жауап беру керек .Бағалары қойылады )

Қош келдің - Әз Наурыз !

2-жүргізуші: Исі бұрқырап қазанның

Пісіріліп тұр етіміз,

Табақтарды апаруға

Дайын тұр жеңгелеріміз!

( Күй тартылып , ет әкеленеді )

Қош келдің - Әз Наурыз !

ІV-бөлім. Қазылардың тапсырмалары.

1-жүргізуші: Ал, қанекей, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Қолдарыңызды тексеріп

Ойынға қатысып көріндер.-

дей келе әділқазылар тапсырмасын орындауға шақырамыз.( нан жазу мен картоп аршу,

содан кейін бағалар сұрау )

Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !

2-жүргізуші: Ортаға Сембай Гүлзинатты шақырамыз.

Қош келдің - Әз Наурыз !

V-бөлім.Мақал-мәтелдер сайсы.

1-жүргізуші: «Сөздің көркі-мақал » деген ұғым бар. Келесі сайысымыз -

« Мақал-мәтелдер»сайысы.Ортаға келіндерімізді шақырамыз.

( Әрбір қатысушыға 2 мақалдан , басы жазылады, олар аяқтайды )

2-жүргізуші: Ет табақтарын алуға

Дайын тұр біздің келіндер,

Ақ сақалды қариялар

Бізге ақ баталарын беріңдер!

( Күй тартылып , келіңдер табақтарын алады, бата оқылады )

Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !

VI-бөлім. Өнер көрсету.

1-жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз.

Кімдердің өнері бар қаншалықты.

Би билеп, ал біреуі ән салыпты,

Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға

Келіндеріміз аянбай-ақ жан салыпты.

( Келіндер өз өнерлерін көрсетіп, бағалар қойылады )

Қош келдің - Әз Наурыз !

2-жүргізуші: Енді қорытынды сөз кезегін қазылар алқасына

ұсынамыз!( марапаттау)

Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !


Қош келдің - Әз Наурыз !Қош келдің - Әз Наурыз !

Қош келдің - Әз Наурыз !

1-жүргізуші: Құтты болсын, Наурыз тойы

Барлық жанның орындалсын арман-ойы,

Жылқы жылы құт береке әкеліп

Еліміздің ұлассын тойға тойы!

Осымен мерекеміз аяқталды, аман сау болыңыз!

2-жүргізуші: Келесіге дейін кездескенше! Қош сау болыңыздар!





Қош келдің - әз Наурыз!




Қош келдің - Әз Наурыз !

Дайындаған: Жарбусинова Самал

Тоқмансай негізгі мектебі-2014 жыл.



© 2010-2022