«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс шара

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»

1 - жүргізуші: Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде кермесін

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!

2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар мен студенттер! Бүгінгі тәуелсіздіктің 23 жылдық мерейтойына арналған «Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!» атты іс шараны ашық деп жариялаймыз!

1 - жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы, келе берер!

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік - тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

1 - жүргізуші: Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.

2 - жүргізуші: Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз.

1 - жүргізуші: Біз, қазақстандықтармыз, және мұны зор мақтанышпен айтамыз.

Музыкалық номер

М.Маңғытаев «Қазақстаным менің» әні

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік - киелі де, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандар мен қайсар рухының жемісі. Бүгін Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

1 - жүргізуші: Қарыштай бер, Қазақстан шың басына

Айналып Орта Азия барысына

Таныпты ел атанып, табысты ел,

Асты даңқың мұхиттың ар жағына!

2 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің 23 жылы тарихта өз ерекшелігімен қалды. Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын.

1 - жүргізуші: Біз өткен 23 жыл ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді.

2 - жүргізуші:

Мемлекет рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің келбетімен таңқалдырған жаңа астанамыз бой көтерді.

1 - жүргізуші:

Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екендігін мойындаттық.

2 - жүргізуші: Төріне туған жердің туын тігіп

Ерекше ел еңсесі бүгін биік

Астана - ақ ордасы қазағымның

Алтын тәж ақ маңдайдағы қонған сүйіп

Астана - Отанымның тірегісің

Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.

Музыкалық номер

Амантаев Жанат «Астана» әні

Біз әрқашан бірлікті, тұрақтылықты қорғаймыз. Біздің Отанымыз ортақ. Жүрегіміз де біртұтас. Ұмтылыстарымыз да бірдей.

1 - жүргізуші: Қазір елім достықтың гүлстаны,

Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.

Мейрамдарын барша халық бірге тойлап,

Мұнда бәрі қосылып ту ұстады

«Достық» биі

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік - ұлттық идеялар, тың серпін, сарабдал саясаттың сара жолы. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Халықаралық ЭКСПО - 2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.

1 - жүргізуші:

21 ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры - Мәңгілік ел, - елдің біріктіруші күші, таусылмас қуат көзі.

1 - жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан - Отаным

Болашағы алға тартқан көш елі

2 - жүргізуші:Елбасының «Нұрлы жол -болашаққа бастар жол» жолдауы жасампаздықтың басты бағыты, қазақ елінің асыл мұраты.

1 - жүргізуші: 2015 жыл - ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақ халық Ассамблеясы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

2 - жүргізуші: Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айырықша ролге ие.

Слайд «Мен елімнің патриотымын»

1 - жүргізуші: «Жастар - біздің алтын қорымыз» деп Елбасы айтқандай біздің колледжде мақсат - мұраттары айқын, оқуда да, өнерде де алда, шығармашыл, талантты студенттер көп. Біз олармен мақтанамыз!

Марапаттау

2 - жүргізуші: Тәуелсіз ел қараймын да тамсанам

Жылдарды ата бабам аңсаған

Көрген ұрпақ бірімін мен, сондықтан

«Бақыттымын» деп айғайлап жар салам.

1 - жүргізуші: Желбірген байрағың желді күні,

Биіктерің, мәртебең елдігіңде.

Таныта бер Қазақстан, бар әлемге,

Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де.

Музыкалық номер

«Асқарлы қарлы шың-Қазақстаным» хор

2 - жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

1 - жүргізуші: Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті,

Болашағымыз жарқын болсын!

2 - жүргізуші: Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»





  1. «Қазақстаным менің» хор



  1. Амантаев Жанат «Астана» әні



  1. «Достық» биі



  1. «Асқарлы қарлы шың-Қазақстаным» хор













«Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным!»

мерекелік бағдарлама

Мақсаты:

  • Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру;

  • елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін,тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;

  • тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу,

  • өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін дамыту.









«ӘЛИХАН МУСИН АТЫНДАҒЫ

БАЛҚАШ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МҚККК



Жайнай бер, жасай бер,

менің Қазақстаным!

(Мерекелік іс-шара)


Дайындағандар: ШК-12-9А тобы

Жахметова Б.К.



© 2010-2022