Сыныптан тыс жұмыс 1 сыныпты еске алайық (11 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11-сыныпта өткізілген сабақ жоспары.

Тақырыбы: 1 сыныпты еске алайық!

Мақсаты: Мектеп түлектерінің бастауыш сынып оқушылары ретінде өздерін сезіне отырып,балалық шақтарын еске алу.Оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Барысы:1.Қызығышылықтарын ояту

1.Көздің үстінде не бар?

-қас бар.

-қастың үстінде не бар?

-бас бар.

-бастың үстінде не бар?

-шаш бар.

-Таптың,таптың құлыным.

Қандай жақсы ұғымың.

Әліппе сабағы

-Дән қайда ? - Қауызда

Көмей қайда? - Ауызда

Ауыздан не шығады? -Сыбыс

Көмейден не шығады?-Дыбыс

Біз бүгін сендермен «А»дыбысы және «а» әрпімен танысамыз.

А дыбысын айтайық.Мысалдар келтірейік.

А әрпін алдымен ауада жазайық.

Дәптерге жазамыз.

Айман ,Аружан,Азамат, Арман,Абылай,Айнұр -алтауы Астанаға аттанды.Алтауы Астанадағы Архитектура академиясында асқақтауды армандайды.

Не байқадық?

-Әрине барлық сөздер «а» әрпінен басталған екен.Әр қарай өздерің жалғастырып көріңдер.

2..Еңбекке баулу сабағы

«Мен жаратушымын»

-ең алдымен не жаратамын?Содан кейін ше?...

-Қас қабақсыз болмас,

Ол рас.

Қабақ қассыз болмас.,

Ойлан біраз...

Қасқа қабақ керек.

Қарынға тамақ керек.

Үзіліске шығу.

-Үйде тамақ

Дүкенде тамақ

Ауызда тамақ

Мойында тамақ

Бұл неткен тамақ.

Болсыншы -сабақ.

Математика сабағы

1.тапсырма

Қызыл телпектің себетінде саңырауқұлақ,орамжапырақ,алма қосып пісірілген 14 бәліш болды.Орамжапырақ қосылған бәліштің саңырауқұлақ қосылған бәліштен 3-еуі артық,ал саңырауқұлақ қосылған бәліш алма қосылған бәліштен көп.Қанша бәліш алмамен,ал қаншасы саңырауқұлақпен пісірілгенін табыңдар.

2-тапсырма

Тиін қысқа жаңғақ жинау үшін бірінші күні 2 жаңғақ әкелді.Аптаның әрбір келесі күні алдыңғы күнгіден 1 жаңғақ артық әкеліп жүрді.Бір аптаның ішінде тиін қанша жаңғақ жинады?

3-тапсырма

... 21 34 47 ... ... 86 ... Сан қатарын жалғастыр.

Алсаң егер тілімді

Ұстарта біл тіліңді

Көп оқыған болады

Ақылды да білімді.

Сурет қиындыларын қай топ тез құрастырады?

Бейнелеу сабағы

-Бас не керек? -Ию үшін

-Ерін не керек? -Сүю үшін

-Қас не керек? - Көрік үшін

-Көз не керек? - Көру үшін

-Аяқ не керек? -Кезу үшін

-Мұрын не керек? - Сезу үшін

-Тіс не керек? - Шайнау үшін

-Қол не керек? ........

Алдарыңда жатқан қағаздарды қолмен шаршы секілді қиямыз.Музыка тыңдап отырып,музыканың әсерімен кез келген түске бояймыз.

Музыка тоқтаған соң отырған барлық балалардың қиындыларыннан жапсырма жасаңдар.

Оны тақта алдына шығып қорғаймыз.

-Кең ғой дала,

Ойнашы бала.

Қандай ауа

Жаныңа дауа

Ұста да күрек

Аулаға гүл ек

Қимылдап білек

Туласын жүрек

Болсын деп тірек

Ата-анаң тілеп

Өмірден күтер

Дені сау түлек.-дей отырып,алдарыңдағы шарларды жарыңдар.Ішінде құпия бар,соны тауып алыңдар.

Тыңдағандарыңызға рахмет .

Өткізген:Қожақанова Қ.Т.

Пайдаланылған өлеңдер авторы:Еділбаев Тұрысбек





© 2010-2022