І. Жансүгіров «Әнші» сабақ жоспары

Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау, «Әнші» өлеңімен таныстыру, шығарманы талдату. Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады. Көріктеуіш құралдарды табады. Сұрақ - жауап арқылы оқушылардың осы шығарма туралы білгендерін тексеру , топпен жұмыс жасау арқылы оқушының ойлау қабілетін дамытуға негізделген. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалана отырып, оқу...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жүргізетін мұғалімнің аты - жөні


Шулгаубаева Гулнур

І курс (10 класс)

Атырау көлік және коммуникация колледжі

Сабақтың атауы

Тақырыбы: І. Жансүгіров «Әнші»

Сілтеме

Сабақ жоспары ,слайдтар

Жалпы мақсаты

Ілияс Жансүгіровтің өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы өз беттерінше білім алуларына жағдай жасау, «Әнші» өлеңімен таныстыру, шығарманы талдату

Міндеттер

Оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту

Күтілетін нәтиже

Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады. Көріктеуіш құралдарды табады.

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, талдау - жинақтау, топтастыру, баяндау
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кітап көрмесі, бағалау парағы
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу. Таныстыру. Сәлемдесу. Топ басшыларына бағалау парағын үлестіру.
ІІ. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. «Ой қозғау» стратегиясы. Топтарға алдын - ала берілген тапсырмалар бойынша жұмыс.
1 - топ «Құлагер»
І. Жансүгіров туралы не білесіңдер?
«Сандар сыр шертеді» кестесі бойынша
Ілияс өмірі, қызметі туралы шолу жасайды.
1) 1894 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауылында дүниеге келген
2) 1905 - 1911 жылдары алғашқыда әкесінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.
3) 1916 ж. «Әншіге» өлеңін жазады
4) 1920 ж. Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.
5) 1925 ж. Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
1938 жылы Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.
2 - топ «Күйші»
І. Жансүгіровтің балаларға арналған қандай шығармаларын оқыдыңдар, білесіңдер? («Шәркей», «Бұлт» «Сабын», «Жазғытұрым», «Анам тілі», «Жас бұлбұлдарға» т. б.)
Кітап көрмесі арқылы І. Жансүгіровтің басқа да шығармаларына шолу жасайды.
2. «Топтастыру» стратегиясы
Ілияс кім?
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
«Әнші» өлеңі (жаңа сабақ)
3.«Түсіну» стратегиясы
А) Екі топ мәтінді өз бетімен оқиды.
- Өлең кім туралы? (оқушылардың жауаптары)
Б) Мұғалім оқушылардың айтқанын қорытындылап, Әсет Найманбаев туралы білімдерін толықтырады.
Әсет Найманбайұлы (1867 - 1923) - қазақтың атақты әнші - композиторы, суырып салма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысында қарайтын 8 ауылда (қазіргі Қарағанды облысы Қоңырат ауданы «Қызыларай» ауылы) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің Атамекені болған.
В) Әсет Найманбаев туралы не білдік? Ол кім?
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
1) Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқыту.
2) Сөздік жұмысы
Желқабыз сын. - 1. Әуесқой
2. Жеңілтек мінезді, ұшқалақ
Делебе: делебесін қоздырып етістік - желіктіріп, қызықтырып
4. «Талдау» стратегиясы. Шығарманы композициялық құрылысын сызба бойынша сатылай талдау
Шығарманың тақырыбы
Шығарманың авторы
Жанр түрі
Кейіпкерлері
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның шиеленісуі
Шығарманың шарықтау шегі
Шығарманың аяқталуы
Шығарманың идеясы
Шешімі
5.«Еркін жауап» стратегиясы
1. Өлеңді талдау:
- Өлең кімнің атынан жырланады?
- Ән мен оның мәтіні қандай бірлікте болу керектігі туралы айтылады?
- Әсет салған әннің нақыш өрнектері қалай сипатталады?
- Өлеңде қандай қазақ жерінің атаулары беріледі және еліктен?
- Қандай көрші мемлекеттер туралы айтады?
- Әншіге, ақынның өзіне қояр талабы қандай?
- Өлеңді ой жүйесіне қарай неше бөлікке бөлуге болады?
- Әр бөлікке қандай ат қояр едіңдер?
2. Өлең құрылысына талдау жасау.
• Ар - ғын - мын, а - тым Ә - сет, а - рын - да - ған, - 11 - а
• А - рын - дап ән са - ла ма да - ры - ма - ған, - 11 - а
Өлең 11 бунақты, шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған.
3. Мәтінді талдау:
Мәтін Өз пікірім
Тауықпын, тары тердім Найман шалдан
Найман елі айы туған маңдайшадан
Ойда - орыс, өрде қытай қоныстасым,
Ауылым бар Ауғанға да теуіп барған.
Ән салсаң, өзімдей сал, аңыратып...
Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп...
2) Өлеңде қолданылған бейнелі сөздерді табыңдар
Теңеу - заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.
Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,
Қоңыр қаздай мамырлатып,
Қазандай дауылдатып,
Қамыстай сауылдатып
Теңеу сөздер арқылы әнші өзінің халқының еркесіне айналғанын мақтанышпен сездіреді
Эпитет (айқындау)- заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын белгісін білдіретін сөздер ( ми дала, меңіреу шөл, күміс көлдер, сар дала т. б.)
Метафора (ауыстыру) - суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін, оларды өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау
Бұлбұлмын
Тұлпармын
Жорғамын Майдамын Тауықпын
құм - қыстау, өлке - көктеу, өзен - күзеу, жайлауым - жалпақ дала, сөз - жаңбыр, даусым - дауыл, әнім - ескек
ІҮ. Бекіту
1. Қазақтың қандай халық композиторларын білесіңдер?
Өз халқының еркесіне, мақтанышына айналған Әсет дәуірінде өмір сүрген әнші ақындарды топтастыру.
Ақан сері
Үкілі Ыбырай Біржан сал
Жаяу Мұса Әміре Қашаубаев
Альтернативті тест
• 1. І. Жансүгіров біздің жерлесіміз бе?
А) иә Ә) жоқ
• 2. Ол балаларға арнап шығармалар жазған ба?
А) иә Ә) жоқ
• 3. "Әнші" өлеңі сіздерге ұнады ма?
А) иә Ә) жоқ
жаҮ. Ой қорыту. Insert стратегиясы бойынша жұмыс.
Білемін Не білдім? Білгім келеді
Бағалау парағы арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
ҮІ. Үйге тапсырма
"Әнші" өлеңін оқу, талдау, ұнаған шумағын жаттау. «Ел іші - өнер кеніші» тақырыбында шағын шығарма



© 2010-2022