«Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!»

«Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!» Бастаушы: Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен мектебіміздің 7сынып бишілер тобы. Қошемет көрсетіңіздер! 1 жүргізуші: Армысыздар Бармысыздар Қош келдіңіздер Құрметті де аяулы Бәрі: Ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын! II жүргізуші: Бүгін ұстаздар мейрамы. Жер бетіне білім нәрін сепкен, кеуделерінде сантүрлі арман ұялаған бүлдіршіндерді өмір жолына жетелеген құдіретті куат иелері -ұстаздар мейрамы! Саулықтарыңыз мықты болсын, біздеіі шәкірттеріңіз көп болсын, шаңырақтарыңыз толы шаттық болсын! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Қазір ортаға сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін «Жаса, жайна, Қазақстан» атты қалалық байқаудың 3 орын жүлдегері, «Біз Астана гүліміз» атты қалалык байқаудың дипломанты Сапабек Еркінді қошеметпен ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! Ән. Сапабек Еркін.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұстазым, ұлағатым үлгі -өнегем!»

Бастаушы:

Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен мектебіміздің 7сынып бишілер тобы. Қошемет көрсетіңіздер! 1 жүргізуші:

Армысыздар

Бармысыздар

Қош келдіңіздер

Құрметті де аяулы

Бәрі: Ұстаздар!

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын!

II жүргізуші: Бүгін ұстаздар мейрамы. Жер бетіне білім нәрін сепкен, кеуделерінде сантүрлі арман ұялаған бүлдіршіндерді өмір жолына жетелеген құдіретті куат иелері -ұстаздар мейрамы!

Саулықтарыңыз мықты болсын, біздеіі шәкірттеріңіз көп болсын, шаңырақтарыңыз толы шаттық болсын! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

Қазір ортаға сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін «Жаса, жайна, Қазақстан» атты қалалық байқаудың 3 орын жүлдегері, «Біз Астана гүліміз» атты қалалык байқаудың дипломанты Сапабек Еркінді қошеметпен ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Ән. Сапабек Еркін.

Құрмангаев Ерсіннің әні

I жүргізуші:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған Мұғалімді ардақтайды барша жан Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы, Жемісі оның жердің жүзін шарлаған Бала десе ойламайды өз қамын Керсем дейді күнге де кол созғаны Шәкірттерін өзінен де озғанын.

.

II жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Не қылған енер шіркін шексіз еді Ойымнан талай сырды өткізеді Еңбегін ұстазының гүл ғып сепкен Айгерім өнерімен жеткізеді -демекші қазір тамаша әнімен, тәтті қылығымен тамсантып жүрген алдарыңызда өнер көрсететін қыздарыңыз Маликова Әйгерім. Қарсы алыңыздар! 3. Ән. «Ай -ай»

II жүргізуші:

Мың бұрала билейтін биші қыздарды қарсы алайық! 4. Өзбек биі «Нозли гүлім»

I жүргізуші:

Мектебіміздің білгірі Өздерің ғой ұстаздар Талай жанға үлгілі Парасатты ұстаздар Ұрысып алып, артынан Еркелеткен ұстаздар ұйымына осы қалпыңнан

Жібек мінез, ұстаздар!

II жүргізуші: Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі өте зор. Сондықтан да ол эрдайым қасиетті тұлға ретінде ерскшеленеді. Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Құрметті ұсіаздар барлығымыз жақсы білеміз мектебімізде Халықаралық, Республикалық, қалалық байкаулардың жүлдегерлері, таланты, дарынды оқушыларымыз өте кеп екенін. Ал бүгінгі концертте жаңадан, тыңнан өз өнерлерін үстаздаға арнаймыз деген оқушыларымыз келіп өнер көрсетпек, олай болса казір ортаға 10 сынып оқушысы Бозтаев Мирасты «Ұстазым» әнімен ортаға шақырайық.Қарсы алыңыздар! 5.Ән. «Ұстазым» Бозтаев Мирас. (Ұлдар ұстаздарды биге шақыру)

/ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар Қазақстанға еңбегі сіңген әнші Қайрат Байбосынов ағамыздың жолын қуушы мектебіміздің әншісі 3 сынып оқушысы Ғали Мадиді сіздердің қызу қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!

б.Ән. Ғали Мади.

1жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз, мұғалім

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланның бүгін тойында

Арнайды саған бүл әнін.- демекші қазір ортаға қалалық «Шаттық» байқауының алтын медаль жүлдегері, «Отаным деп шырқаймын» атты қалалық байқаудың 3 орын иегері Сәбет Нұрболат және бір топ мектебіміздің ұландары. Бірге тамашалайық! 7. Ән. «Ұландар жыры» (¥ландар ту кіреді.) / жүргізуші:

Жақында мектебімізде өткен сайыс жеңімпаздарын ортаға шақырайық! Олар 10 сынып оқушылары Жанзақова Әдемі және бишілер тобы. 9.Ән. «» Жанзақова Әдемі.

/ жүргізуші

Жүрекке адалдыктың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнін Ардақты ұстаздарға шын көңілден Жолдаймыз алғыспенен сәлем бүгін.

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік үстаған

Ардакты ұстаз асыл анаң секілд

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан-дегендей қазіргі

орындалар ән осында отырған аналарға арналады. Алдарыңызда Өсербай Өмірсерік. 10.Ән. «Мама» Өмірсерік.

/ жүргізуші

Ұлағатты ұстаз еңбегі әркашан бірінші сатыда тұратынын біз бәріміз мойындаймыз. Сіздер сияқты аяулы да асыл ұстаздар қаншама мамандык иелерін оқытып, тәрбиелеп, нағыз қазақ азаматтарын, нағыз қазақ қыздарын, нағыз казақ жігіттерін тәрбиелеп жатыр десеңізші. Соның айғағы ретінде казір ортаға мен Қуатжанов Азаматты «Қазақ жігіттері» әнімен отаға шақырамын. Қарсы алыңыздар! 11.Ән. «Қазақ жігіттері» Қуатжанов Азамат.

/ жүргізуші

Жаралған жаксы үміт пен мүраттардан.

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған

2 жүргізуші

Ұстаз болу - жүректің батырлығы, Ұстаз болу - сезімнің ақындығы

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы Азбайтұгын адамның алтындығы

II жургізуші: Қадіріңді кезінде

Білмепті ғой ұланың.

Қазір әрбір сөзіңе,

Елеңдейді құлағым.

Бірдей етіп ұстадың.

Демей бізге бөтенсің.

Кейде акылын ұстаздың,

Сағынады екенсің.

Сол ұстазға жаны нұр,

Демек үлкен адаммын.

Есейсек де бәрі бір,

Баяғы шәкірт, балаңмын- деп қанша есейіп кетсек біз
сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі
болса, ол - мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін
қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат
атандырганнан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?! Ұлағатты
ұстаздарымызды бүгіыгі мерекелеріңізбен тағыда құттықтаймыз.
Окушыларыңыздың сіздер үшін арналған шағын концертіміз
аяқталды.


© 2010-2022