Тәрбие сағаты Әліппемен қоштасу

Бұл тәрбие сағаты 1 сынып оқушыларына арналған. Өйткені 1 сынып оқушылары 2 тоқсан аяғында Әліппені бітіреді. Олар сауаттанып шығады. Тәрбие сағатында ата-аналар мен мұғалімдер олардың қалай сауаттанғанына көңіл аударады. Оқушылар бұл тәрбие сағатында  өлең, тақпақ, жұмбақ, мақал- мәтелдер мен музыкалық нөмірмен қоса, би өнерінен де өнер көрсетеді. Әр оқушы өзінің қаншалықты өнерлі, білімді екенін көрсетіп, ортаға салады. Тәрбие сағатында әр баланың не игергенін көруге болады. Төрт айдың ішінде ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.
Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
1-оқушы:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ән: «Әліппе»
Қане беріп қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
1-оқушы:
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
4-оқушы :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті -басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.
ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Қыздардың орындауында би.
1-оқушы:
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
«Ұстазым» әні.
Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
«Буратино» биі.
Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика - ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!







Қош бол, сүйікті әліппе!
Мақсаты
Мұғалім : Бүгінгі қуанышты күн - «әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын
Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашғысы «әліппемен қоштасу» Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар .
1 жүргізуші Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достастық
Әліппемен қоштастық
Өсті міне ойымыз
Құтты болсын тойымыз
2 жүргізуші Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға
- Біз оқи да жаза да алатын болдық . бұл білімді бізге не үйретті?
- Әліппе досымыз
- Ендеше әліппені ортаға шақырайық
Исмаил Әліппе: Армысыздар жас достар
Армысыздар ата-ана Болашаққа жол ашар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғылымның
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден Не үйрендік не білдік Қане ортаға салайық

Ортада қазақ биі
Даулет 1 Оқушы енді біз оқи аламыз
Әріпті қосып әріпке
Риза болып саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе
Самрат 2 Оқушы
Үйретті бізді әліппе
42 әріппке
Сөз сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық әріпке
Ортаға өзгепланеталықтар келеді билейді
Өзгепланеталықтар : КУ-КУ-КУ
Мұғалім Балалар бұлар өзгепланеталықтар олар қайда келіп тұрғандарын білмей тұр ендеше біздер оларға көмектесейік
мектеп туралы
нұрзат
3 Оқушы

Дінмұхамед
4 Оқушы Мектебім -мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды
Ақтаймыз талай әлі біз
Отан туралы
Өзгепланеталықтар : КУ-КУ-КУ
1 жүргізуші -
Бұл біздің Отанымыз Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз
2 жүргізуші
Еліміз кең байтақ Біз бақытты өмір сүрудеміз
Алибек
5 Оқушы Отан жерім отан суым
Отан қуат нәр береді
Отан ұран Отан туым
Отан мәңгі гүлденеді

Ислам 6 Оқушы Отанымыз анамыз
Отан сүйген баламыз
Оқып білім аламыз
Оты болып жанамыз

Амиржановтар Атамекен әнімен
Өзгепланеталықтар : КУ-КУ-КУ

Мақсат 7 Оқушы Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жақын досымдай
Қымбатты маған анамдай
Тамирлан 8 Оқушы
Ол не деген сұраққа
Бұл не деген сұраққа
Жауап табу үшін мен
Үйрендім сеннен әліппем
Ғалымбек 9 Оқушы
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылғансомдай алтыннан
Әліппе білім бесігі
Ән «Әліппе»
Ұлдар биі
Өзгепланеталықтар : КУ-КУ-КУ

Даулет 10 Оқушы
Оқытты ұстаз анамыз
Өсті білім санамыз
Білімді болып өсетін
Біз бақытты баламыз
Мақсат 11 Оқушы
Бойымызда бұла күш
Еркін өскен ұланбыз
Оқу білім үйреткен
Ұстаздарға мың алғыс
Ақшақарлар биі
Әліппе: Ал достар менің жолымды жалғастыратын Ана тілін ортаға шақырайық

Ана тілі Сәлеметсіздерме балалар туған елдің тілімін
Ақылыммен таналам
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
2 жүргізуші ендеше әліппеге ризашылығымызды білдірейік
Оқушы қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Ғалымбек 12 Оқушы әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет
Әліппе : сау болыңдар балалар
Дәуренбек 1 Көздері қорықта
Кіші мен ұлық та
Таныған әріпті
Бірінші сыныпта
2Алдияр Бәрінен жоғары
Тұратын рухта
Кеудеге қонады
Бірінші сыныпта
3 алмаз Ардақты арайлы
Салт-дәстүр ,ғұрыпта
Бойыңа тарайды
Бірінші сыныпта
4 Дияр Асқанда асқардан
Ұяңды ұмытпа
Ұлы арман басталған
Бірінші сыныпта
Өзгепланеталықтар : КУ-КУ-КУ біздің қайтатын уақытта келді сау болындар балалар
Ән бала тілегі Диана Дәуренбек Луиза
Бүгінгі ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп -көп рахмет !





Әліппемен қоштасу

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
1. Безендірілуі: «Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:
Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру. Сахна бұрышында сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді. Сиқыршы қыз: Ой, бүгін күн қандай тамаша! Табиғат - ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай! Қараңдаршы қандай әдемі, қандай көрікті. Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен? Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып, сиқыршы оқушылар ортасына келеді)
Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)
Мұғалім: Армысыз, кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы: Сәлеметсіз бе?! Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?
Мұғалім: Кішкентай сиқыршы, сіз біздің мектебімізде тұрсыз. Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр. Мектептің 1 «к» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр. Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!
Сиқыршы: Рахмет, маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?
Мұғалім: Әрине болады. Әзірге балалармен бірге отыра тұр.

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 - сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Тойымыздың той бастары ретінде (Дильнара мен Асылдың орындауында Ертегілер әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе.
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Бөбектер әні орындаушылар Сабина, Нұрасыл, Амина
Балалар біздің бүгінгі шарамыз ойын түрінде өтпек және бірнеше айналымдардан тұрады.

Ойынымыздың І - айналымы «Ұшқыр ой» (5 ұпай)
Әр балаға әліппе пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы 1 сұраққа жауап береді. «Сұңқар» тобына:
1. Сөйлемде сөздің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?
2. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
3. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
5. адамның аты қалай жазылады? (үлкен әріппен)
6. Жуан дауысты дыбыстарды айт? (а, о, ұ, ы)
7. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
8. Жіңішке дауысты дыбыстарды айт
Барлық сұрақтарға жауап бердіңдер ал енді әліппе туралы жаттаған тақпақтарың бар ма?

Дильнара
Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Нұрасыл
Ұйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Асыл
Жақсы кітап әліппе,
үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.
Амина
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.

Серік
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.

Малика
әліппе әліппе
алғашқы әріппен
ана деп қазір біз
жазуға әзірміз
Сабина
Әліппе әліппе
екінші әріппен
бала деп қазір біз
жазуға әзірміз









Қош бол, сүйікті Әліппе!» әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Бастауыш класс мұғалімі: Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы
Шалқар қаласы №5 орта мектеп
«Қош бол, сүйікті Әліппе!» әліппемен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлері 1 В сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
(Сахнаға 1 В сынып оқушылары шығады)
Мұғалім: Сөз кезегін оқушыларымыздың өздеріне береміз.
Жансая:
Кең болсыншы еліміздің керегесі,
Тату болсын, болмағай ерегесі.
Таныстырсам өзімді, оу ағайын,
Жансаямын ата-әжемнің немересі
Мақсат:
Сабақтан еш қалмаған,
Ерінбей оқып талмаған.
Боламын дейді үлгілі
Мақсат атты бір балаң.
Ақбота:
А әріптің абыройы асқар ма?
Ай сәулесі жарқырайды аспанда.
Адам, ата, ана, менің де атым Ақбота
А әрпінен басталар.
Аружан:
Ата-анамның ардақтаған
Аружан атты қызымын.
Әжем мені еркелетіп
Дейді «Алтын жүзігім»
Али:
Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр баланың.
Жақсы оқитын сабақты
Али атты баламын.
Алуа:
Жеңу үшін қиынды
Еңбегіңді аяма.
Алдарыңда тұрған қыз-
Теміржанқызы Алуа.
Жанат:
Жақсы оқитын мен үлгілі баламын,
Азамат боп мен де өсіп толамын.
Бассам деймін даналардың тек ізін,
Мен Жанат Нұржанқызымын.
Найман:
Найман деген баламын
Таудай биік талабым.
Жақсы оқып сабақты,
Білімді адам боламын.


Гүлмарал:
Лаулатып сәби сезім ой алауын,
Шаттық тілеп таңменен оянамын.
Еркелеткен есті қызы атамның,
Мына мен Құлекенова Гүлмаралмын.
Аида:
Ай нұрынан жаралған,
Ай мен күні анамның,
Ақылдысы баланың,
Кілең бестік сабағы
Аида деген сұлуың
Мен боламын,ағайын
Расул:
Әріпте бар Р-деген діріл дыбыс,
Мұның сырын әрине білген дұрыс
Есімі Р әрпінен басталатын,
Расулға алла жар боп қонар ырыс.
Асылжан:
Түсінсем де бар әріпті
Ынта қойып қарамақпын.
Сыныптағы ең кішісі-
Қалдыбекқызы Асылжанмын.
Ерасыл:
Ерекше елге айтсам Е әрпін
Ерлікпен ел шығарар елдің атын
Асылы болсын ердің деп
Ерасыл атамның қойған аты
Дильназ Ә:
Ынталы да инабатты,
Өнегелі бір қызбын.
Ата-анамның ақылдысы-
Әбдіжәмил Дильназбын.
Динара:
Әліппені жатқа біліп бүгінде,
Өз бетіммен оқи алам ертегі.
Танысыңыз: әдепті қыз Динара
Мен боламын еліміздің ертеңі.
Мадияр:
Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті шағамын
Білімді де өнерлі
Мадияр атты баламын.
Айгерім:
Қыздар деген бола алады қыр гүлі,
Қазақ қызы болу керек үлгілі.
Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан,
Айгеріммін Ерболаттың бір гүлі.
Толғанай:
Толғанай деп қойыпты есімімді,
Бұл әрине ата-ана шешімі де.
Ақылды боп көп істер атқарамын,
Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.
Диас:
Жақсы әдепті, жақсы істі
Бойыма әркез термекпін.
Қиын-ау деп қайыспайтын,
Ер мінезді Диаспын.
Нұрзат:
Баршаңызға иіліп, сәлем берем,
Мен қызымын Нұрымның Нұрзат деген.
Оқуды да, жазуды тез меңгердім,
42 әріпті жатқа білем.
Гүлсезім:
Мен де есті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Жұмсағанға барамын,
Жақсы менің сабағым.
Гүлсезім деген ару қыз
Мен боламын ағайын
Тамирлан:
Шәкіртінсіз ұстаз ісі
Жарқырай ма,жана ма?
Жеті өнер де жеткіліксіз
Тамирландай балаңа.
Шапағат:
Ш әрпі иесі шарапаттың,
Шашу шашып, той өткізген бар қазақтың.
Ш әрпін иемденген Шапағатпын,
Иесі осынау ғажап аттың.
С.Дильназ:
Отбасының еркелеткен,
Жарқыраған жұлдызымын.
Сабақты жақсы оқитын
Дильназ деген бір қызыңмын.
Мейірхан:
Мейірханмын атамның баласымын,
Әжемнің тәттісімін, дарасымын.
Қашанда қатарластың алды болып,
Сенімін ақтаймын анашымның.
Ғалиябану:
Ғарыш, ғалым, ғұлама
Ғ әрпінен басталар.
Менің атым ерекше
Ғалиябану деп атаған.
1-сынып жүргізушілері
Расул: Армысыздар, көрермендер, әз жандар!
Дильназ С: Бармысыздар, инемен құдық қазғандар!
Тамирлан: Әліппеге рахмет деп шырқайық!
Толғанай: Ал, қанеки енді тойды бастайық!
Найман: Не үйреніп, не білдік, жырдан шашу шашайық!
Бәрі бірге орындайтын ән: Әліппе
Әліппе
1.Үйретеді Әліппе
42 әріпке
Ең алғашқы кітабың
Әліппені дәріпте
Қайырмасы:
А дегенім ана
Ә дегенім әке
Б дегенім бала
Естіп жүрме шала
А дегенім ата
Ә дегенім әже
Б дегенім бата
Мұны есте сақта
2. Әліппені алайық
Парақтап біз қарайық
Әріптерді үйреніп
Әсем әнге салайық
Мұғалім: Балалар, сендер Әліппені әнге қосып, 4 ай бойы дос болдыңдар. Әліппе сендерге көп нәрсе үйретті. Ал қазір біз осы Әліппенің арқасында ер жетіп қалдық. Әліппемен қоштасатын кез де келген сияқты.
1-сынып жүргізушілері
Алуа: Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.
Диас: Ой! Не болды! Неге олай дейсің?
Асылжан: Ал мен жылағым кеп тұр.
Мадияр: О, несі, неге жылағың кеп тұр?
Жанат: Мен Асылжанның неге жылағысы кеп тұрғанын білемін, бірақ айтпаймын.
Мұғалім: Дауласпайық, балалар! Мен сендерден де бұрын біліп тұрмын. Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы Әліппемен қоштасқалы тұрсыздар. Қимай тұрсыңдар, солай ма?
Алуа: Дұрыс айтасыз.
Жанат: Әліппеге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.
Мадияр: Балалар Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
(Музыка ырғағымен ортаға Әліппе келеді)
Ғалиябану:
Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым.
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным.
Гүлсезім:
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтын
Ұрпағымын,сәнімін.
Толғанай:
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Тамирлан:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны «Әліппе».
Найман:
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып,әріпке.
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Әліппе: Ішім толы әріпке,
Менмін әйбат әліппе!
Барлық ілім -білімнің,
Бастауы мен -Әліппе!
Бұл жерге менің әріптерім меннен бұрын келіп қалыпты ғой.
Мұғалім: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз?
Әліппе: Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсең.
Мұғалім: Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия
Мұғалім: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.
Ән: Ертегілер. Орындайтындар Шапағат пен Динара
Мұғалім: Ерте, ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.
Бәрі бірге орындайтын би: Әліппе
(Билеп болғаннан кейін әріптер араласып тұра қалады.)
Жансая
В-дегенің вал болар
Толқын күшін шомылар.
Мақсат
Б дегенім бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой
Ақбота
Г-әрпімен гүлденер
Қызғалдақты қырат, тау.
Дильназ С
Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылгөй
Мейірхан
Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жараңдар.
Ғалиябану
И дегенің иманың
Адалдықтың асқары
Аружан
Ж дегенің- жөргегің
Туған-өскен жерлерің.
Али
З әрпімен зерледім
Зергерлердің зергерін.
Алуа
М-дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.
Шапағат
Ы дегенің-ырысың
Орман-тоғай өзенің.
Тамирлан
Ұ әрпі ұлысың
Ағайының өз елің.
Гүлсезім
О дегенің- отбасы
Отан деген ұғым бар.
Жанат
Ғ әрпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау.
Найман
К дегенің- күй дарын
Домбыраның дастаны.
Гүлмарал
Х дегенің-сәлем хат
Қуанышың қаншама
Нұрзат
Я деген-Яссы
Қала болған бұрындар.
Диас
А деген ол ана ғой,
Ана деген дана ғой
Толғанай
Ө әрпімен өрістер
Өмір атты дүниең
Аида
Ш дегенің -шапағат
Тие берсін баршаға.
Расул
Р дегенің- рақым
Мейірің мен пейілің.
Асылжан
С әрпі сұлулықтың сымбаты
Сыпайылық сан- алуан сын тақты
Айгерім
І-ні көріп кітаптан
Шырағданға ұқсатам
Мадияр
Ал мында у тұр ғой,
Өзі айнымаған циркуль ғой
Динара
Әжем ойған оюды
Әкем қойды көрмеге
Ерасыл
Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды
Дильназ Ә
Наурыз айы келгенде,
Наурыз тойы тойлансын!
Әліппе: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар!
1-сынып жүргізушілері
Жансая:Айттың әділ бағаны
Ғалиябану:Әріпсіз сөз болмайды
Мақсат: Буын онсыз толмайды
Гүлсезім:Адам барлық әріпті
Ақбота:Ардақтайды, қолдайды.
Мұғалім: Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық.
Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді.
1. Біздің елбасымыз кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
2. Президент күні қай күн?
(1 желтоқсан)
3. Біз қандай мемлекетпіз?
(Тәуелсіз, егеменді)
4. Еліміз қалай аталады?
(Қазақстан)
5. Ел ордамыз қалай аталады?
(Астана)
6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
(Ту, елтаңба, әнұран)
7. Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды?
(1 қыркүйек)
8. Ең алғаш қолыңа алған кітабың?
(Әліппе)
9. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
(42)
10. У дыбысы қандай дыбыс?
(Дауысты да, дауыссыз да)
11. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата
(ю,я,ё)
12. Дыбыс бермейтін әріптер
(ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі)
13. Сөз неден құралады?
(Буындардан, дыбыстардан, әріптерден)
14. Сөйлем туралы не білесің?
(Сөйлем сөзден тұрады. Сөйлемнің басы бас әріптен басталып жазылады. Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі деген тыныс белгілері қойылады)
15. Бір аптада неше күн бар? Ата
(7 күн Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)
16. Жүзім, қарбыз, пияз деген сөздердегі ортақ әріпті табыңдар.
(з әрпі)
17. Қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Мұғалім: Міне құрметті қонақтар балалардың қандай білімді болып өсіп келе жатқандығының куәсі болған шығарсыздар.
Динара: Ерасыл, 2 алмаға 2 алма қосқанда неше болады?
Ерасыл: Қиын сұрақ қойдың ғой, ойланбай айта салайын. 4 Дұрыс па?
Дильназ Ә: Бәрекелді, сондай ауыр сұрақ емес еді ғой. Бірақ математик екеніңді мойындаймыз.
Али: Ал, достар! Өзім алуды болмаса қосуға берілген есептерді Ерасыл сиықты тез шығара бермеймін.
Айгерім: Достар! Одан да ұстазымыз «Математика» пәнінен білімімізді тексеріп көрсін.
Мұғалім: Математикадан не үйреніп жатқандықтарыңды жария етуге дайын болсаңдар, мен сынақ жүргізуге дайынмын.
-Ендеше тақтаға қарайық. Не берілген?
(5+3, 9-7)
-Өрнектер
-Қандай өрнектер?
-Қосынды және айырма
-Өрнектердің мәнін кім табады?
(5+3=8 9-7=2)
-Ал енді қарайықшы. Біз өрнектің мәнін тапқанда өрнек неге айналды?
-Теңдік
-Теңдікті әр түрлі тәсілмен кім оқып береді?
-1)5 қосу 3 тең 8.
2)5 пен 3-тің қосындысы 8-ге тең.
3) Бірінші қосылғыш 5, екінші қосылғыш 3, қосындының мәні 8-ге тең.
1)9 алу 7 тең 2.
2)9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең.
3) Азайғыш 9, азайтқыш 7, айырманың мәні 2-ге тең.
Жұмбақ есептер
5-тен 4-ті алайық
Қанша қалды санайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық (1)
Бесбайда бар 5 іні
Естайда бар 2 іні
Қоссақ 5 пен 2 ні
Қанша болар шешуі? (7)

Шығармақ боп кеше есеп
Жиналғанда 5 есек
3-еуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек? (2)

Қазып жүр құмды 5 мысық
3-і жатыр күн ыстық
2-і жүр шомылып
Барлығы қанша санап шық? (10)

Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң -жарадың! (9)

Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді? (5)

Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып. (5)

Әліппе: Жарайсыңдар,балалар математикадан да сауат алып қалыпсыңдар ғой.Енді айтыңдаршы кім сендерді сауатты оқып, жазуға үйреткен, көп еңбек сіңіріп, санауды үйреткен?
Бәрі бірге: Ол біздің мұғалім апай ғой
Жансая:
Қыркүйекке келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып.
Әліппе: Ендеше барлығымыз мұғалімімізге арнап ән айтайық.
Бәрі бірге орындайтын ән: Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңа
Қызыл-жасыл гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
«Шәкіртім» деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Мұғалім: Рахмет балалар.Әліппені оқуға тек қана мен емес, ата-аналарыңның да көмегі көп тиді сондықтан ата-аналарымызға да рахмет айтайық.
Бәрі бірге: Рахмет сіздерге ата-әже, әке-ана!
Мұғалім: Расул біздің аналарымыздың құрметіне Анашым әнін орындап береді. Қабыл алыңыздар!
Ән: Анашым Орындайтын Расул
Әліппе: Рахмет Расул. Осы ана сүтімен дарыған ана тіліміз біздің қай тіл?
Оқушылар: Қазақ тілі, Ана тілі
1-сынып жүргізушілері
Нұрзат:Біз Әліппені бітірген соң не істейміз?
Гүлмарал:Соны мен де ойлап тұрмын.
Мейірхан: Шынымен де не оқимыз?
Аида:Қиналатын түгі де жоқ
Шапағат:Достарым. Ана тілі деген досымыз бар.
Әліппе: Балалар мен сендермен қоштасамын. Енді сендер қолдарыңа басқа кітап алатын боласыңдар. Ол кітап ана тілі деп аталады. Ендеше жаңа достарыңыз ана тілін қарсы алыңыздар.
Оқушылар: Қош келдің, ана тілі!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме менің жаңа достарым. Енді мені оқитын боласыңдар.
Мен де келдім дайындалып тойыңа,
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек.
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа,
Таза ұста, оқы мені қастерлеп.
Оқушылар: Оқимыз, таза ұстаймыз.
Әліппе: Ал енді балалар мен кетейін. Алда қыс, көктем, жаз бар. Жақсылап демалып сен сияқты балаларды күзде қарсы алып әріптеріммен таныстырамын
Гүлмарал:
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған,мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс
Жанат:
Қош бол,құтты «Әліппе»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Нұрзат:
Қош бол құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестін сен.
Аяулы анам болып сен
Айыбыңды кештің сен.
Хор: Рахмет саған, Әліппе, қош сау бол!
1)Алғаш рет қолыма ұстадым
Әліппені сыйлаған ұстазым.
Білім атты әлемге аштың жол,
Рахмет саған, Әліппе,
Қош сау бол.
Қайырмасы:
Әліппе, әліппе,
Арналады бүгін жыр саған
Әліппе, әліппе,
Алғысымыз шексіз бір саған.
2)Көмегіңнен өзіңнің, әліппем
Қырық екі таныстық әріппен.
Ең алғашқы білімді алдық мол,
Рахмет саған, Әліппе,
Қош сау бол.
Мұғалім: Ал енді балалар әліппемен қоштастық. Енді қолымызға ана тілін алатын боламыз.
Ана тілдің қрметіне Айгерім бізге Үнді биін билеп беремін дейді. Қабыл алыңыздар!
Би: Үнді биі орындайтын Айгерім
Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
-Балаңыздың аты кім?
-Балаңыздың досы кім?
-Балаңыз қандай?
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?
Ой ұшқырлығына құрылған есептер
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар
1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Үй тышқанның неше құлағы бар?
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.)
7.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны -он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)
8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа)
9. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
10. жанар меАнар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)
Мұғалім:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін ортаға директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Қали Раушан Досымқызын шақырамыз.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.
Мұғалім: Ертеңгілігіміздің соңында балаларымыздың мың бұралған биін тамашалаңыздар!
Би: Мектеп вальсі

Дыбыстың ілесіп ап ырғағына

Ажыратып дауысты мен дауыссызды

Бірін қызыл, бірін көк бөліп сыздық

Мирас:

Мектебің мынау,класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тардай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Жанэль:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің ең сүйікті Әліппем.

Сенің арқаң оқи,жаза білгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім

Сапар Мұрат:

Мектебің мынау,класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тардай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Ақжарқын:

Еркесі едім атамның

Еркесі едім апамның

Толып биыл жетіге

Мен оқушы атандым

Алдияр:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан

Қанат:

Дыбыстан буын жасап сөз құрадық

Мағынасына үңіліп

Кане көңіл бұралық

Таныған соң қырық екі әріпті

Жүгіртіп тез оқымай

Қалай ғана тұралық

Қ.Ақбота:

Айтары көп әріптің,

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың,

Жақсы білім-көрімдік

Болсын сізге халайық!

Махаббат:

Ұстазымды тыңдадым,

Үйрендім әріпті.

Алғашқы айларым

Есімде қалыпты

«Қошақаным қайда екен?» әні

Орындайтын: ұлдар

Айбибі:

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын өрісім

Биік ұстау туымды

Қасиетті борышым

Алдияр:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы

Қ,Ақбота:

Қазақстан-Республикам мақтанышым

Мен сені жырламаймын мақтан үшін

Құдайым маған құйттай жүрек берген

Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін

«Отан» әні хор

Әліппе:

Балалар сендер мені оқыдыңдар

Сонда менен, не үйрендіңдер!

Жұмбақ,

санамақ,

жаңылтпаш,

мақал

өтірік өлең,ән үйрендік!

Менен көп нәрсе үйреніпсіңдер. Ризамын, жас достар!

«Әліппеге рахмет» әңгіме оқу

Эльдар мен Сақан Ақбота

Өзбек биі

Орындайтындар; қыздар тобы

Мұғалім: Бәріңізді табыстырған Әліппе!

Әріптермен табыстырған Әліппе!

Бұл өмірде білім алған адамның,

Болашағы әрқашанда жарық де!

Әліппе: Ұстаздар мен балалар,

Аталар мен аналар,

Танысыңдар досыммен,

Достасыңдар осымен.

Аттанғанда бүгін мен, -

Ана тілін таныңдар,

Ақыл, білім алыңдар.

Қош, сау болыңдар, балалар!

Ана тілі:

Сәлем, ойшыл достарым!

Терең білім, ой-саналы,

Әрбір сөзім, ой салады.

Ғылым, тәлім өнерім көп,

Достасқанға берерім көп.

Балала, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына, байлық, оқу-білімде.

Мұғалім: Балалар сендердің енді жаңа достарың «Ана тілі».Сондықтан Әліппені қалай меңгерсеңдер,ана тілі сабағын одан да жақсы меңгеретіндеріңе ант бересіңдер ме?

-Иә

-Кітапты ұқыпты,таза ұстауға!

-Ант береміз!

-Сабақты жақсы оқуға!

-Ант береміз!

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып - оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!

Балалардың білімі құтты болсын!

Денсаулығы әрқашан мықты болсын,

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін, еңбекқор, мықты болсын!

«Бала тілегі» әні хор

Қорытынды: Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл бөліп, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау, сәлемет болыңыздар!









© 2010-2022