Тәрбие сағаты «Жақсылық жан азығы»

Мақсаты: Оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету,бабалар тағылымы мен нақыл сөздердің тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндіру,оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Міндеті: Сөз қадірін бағалай білетін,ойы ұшқыр, өресі биік, білімді, саналы, адамгершілігі зор тұлғаларды тәрбиелеу. Көрнекіліктері: «Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт» «Тауып айтқан сөзге құн жетпейді, Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.» Жоспары: 1.     Кіріспе. 2.     Негізгі бөлім. Жақсы сөз – жан азығы. Сөйлей білу де - өнер. 3.     Қорытынды. Мұғалім: Сәламатсыңдарма, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жақсылық жан азығы». Ең алдымен сөйлеу мәдениетіне тоқталып өтейік.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітілді»

Тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі: Орынғалиева С.О.

Тақырыбы: «Жақсылық жан азығы»

Сыныбы:3а

Күні:13.01.2014ж

Мақсаты: Оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету,бабалар тағылымы мен нақыл сөздердің тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндіру,оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеті: Сөз қадірін бағалай білетін,ойы ұшқыр, өресі биік, білімді, саналы, адамгершілігі зор тұлғаларды тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:

«Жақсы сөз - көңіл құлпын ашатын кілт»

«Тауып айтқан сөзге құн жетпейді,

Біліп айтқан сөзге мін жетпейді.»

Жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

Жақсы сөз - жан азығы.

Сөйлей білу де - өнер.

  1. Қорытынды.

Мұғалім: Сәламатсыңдарма, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жақсылық жан азығы».

Ең алдымен сөйлеу мәдениетіне тоқталып өтейік.

  1. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - сөзді мағынасына қарай дұрыс жеткізе білу.Сөздің айту ерекшелігіне қарай мәні де мағынасы да арта түседі. Жақсы сөз -адамдарға деген шын тілектестік пен адал ниеттен туындайды.Жақсы сөз- жанды сауықтырады,көңілді тербейді,бойды сергітеді.

  2. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз-сыйласымдылықты танытады.Сөйлеу мәдениеті сөзді мәнеріне келтіріп сөйлеуге де байланысты.Бір сөздің мағынасы бір болғанымен айтылу ерекшелігіне қарай түрліше болады. Мәдениетті сөйлеу-адамгершілікті,әдептілікті,құрметтеуді білдіреді.

  3. Сөйлеу мәдениеті- сөзді мәнеріне келтіріп сөйлеуге де байланысты. Жалпы адамның мәдениеті оның сөзінен байқалады.Білімді адам күндей күлімдеп,жарық дүниедей жарқырап сөйлейді.Сөзі арқылы да,өзі арқылы да тыңдаушының көңіліне нұр шашады,әдемі әсер беріп,жанына шуақ сыйлайды.Өзінен кемшілік кеткен жағдайда кешіріңіз,ғапу етіңіз деген сөздерді айтып,сөйлеу мәдениеті арқылы тыңдаушының көңілін жадыратады.

  4. Сөйлеу мәдениеті-әдепті сөйлеуге дағдылану.Әдепті сөйлеу адамның адамгершілігін,қайырымдылығын,мейірімділігін танытады.Дөрекі сөйлеу мен оғаш қылық арқылы өзіңнің беделіңді жоғалтасың.Өйткені,ол айнала дағы дүниеден алыстатып,қадіріңді қашырады.Сондықтан мәдениетті сөйлеуге дағдылану керек.

Сөз өнері,сөйлеу мәдениеті дегеніміздің өзі бір ғылым болып табылады. Бір ауыз сөзбен адамның көңілін жасытуға, мерейін тасытуға да болады.Сөз құдіреті шексіз.Сөз сөзге жарығын да,көлеңкесін де түсіреді.Халқымыз «Тәтті айтқанда бал тамған, ащы айтқанда қан тамған» деп бекерге айтпаған.

1-оқушы: Жақсы сөз арқылы адамның жанына шуақ сыйлауға болады. Мысалы, өзі сырқаттанып жүрген досыңа бұл аурудың зардабы көп,сенің күннен-күнге халің нашарлап барады. Сырқаттан жазылған күнде де, ағзада аурудың белгісі сақталады .... деп айтсаң оның көңілін жасытасың,уайымға салынып,ауруы асқынуы мүмкін.

Жақсы сөз - жаныңды жадыратады,

Жамансөз - уайымға салындырады.

Бір ауыз сөз жан жарасын жазып,өмірге құштарлығын арттырады.

2-оқушы: Әрқашан өзіңе есеп беріп,ойланып,орынды сөйлей білу керек. Себебі, сөз дегеніміз -ақыл-ой жәдігері.

Бабаларымыз «Сөздің оңы мен терісіне,өңі мен астарына айрықша мән беріп сөйле» деп бекерге айтпаған. Бұл «сөздің сен айтқан мағынасынан басқа белгілі себептермен тыңдаушыға жағымсыз болатын қосымша мағынасы да болады» дегенді білдіреді.

Орынды - сөз абыройыңды асырады,

Құр сөз - құтыңды қашырады.

• Адамзат үшін мұралардың ең қымбаттысы не?

  • Мұралардың ең қымбаттысы -сөз. Өйткені,сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады.Асылы,адам да,дүние де тозады.Тек асыл сөз ғана мәңгі жасайды.

• Ал адамның ең жоғарғы қасиеті не?

  • Адамның ең жоғарғы қасиеті -ақылды ой,алғыр сөз.

• Әлемде неге теңеу жоқ,неге өлшеу жоқ?

  • Менің ойымша, әлемде тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ!

• Өмірде кімнің сөзі өтімді,кімнің сөзі өтімсіз деп білесің?

  • Өмірде ойы мешеу,тілі доғал адамның сөзі адамның көмейінен өтпейді,ойы-заңғар,тілі-балдай адамның сөзі естен кетпейді. Әрдайым заңғар ойды көркем тілмен жеткізе білуіміз керек. Жақсы сөз - жан азығы.

• Бұл туралы оқушылар не дейді екен?

Оқушылар:

1-оқушы: Сөз құдіреті ғажап.Сөз алтынды мыс,мысты алтын етіп көрсете алады.Тас жүректі қорғасындай балқытып,балқыған қорғасынды тастай ете алады.Кірлі көңілді тазартып,кірсіз көңілді тазарта алады.

2-оқушы:Сөз құдіретіне тереңнен ой жіберіп көрейікші. Көне замандардағы мәдениет ошақтарының бірі - шумерлердің тас табақтарында былай деп жазылған екен: «аузыңа абай бол,көкейдегі ойды айтуға асықпа», ал мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған жөн,асығып-аптығып сөйлеген сөзің орында да ұрымтал болсын» десе,үнді заңында «қандай да бір қиын жағдайда да балағат сөздерге тиым салынады,көкейге қонымды,көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын» делінген. Бұл - сөз құдіретінен туған жауапкершілік.

3-оқушы: Сөз сөйлеушінің ойын,сезімін білдіріп қана қоймайды,оның мінездемесі болып табылады.Сондықтан адамды сөзіне қарап бағалауға болады. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеушінің парқына ерекше мән берген. «Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі,, «Жанды жаралайтын да,емедейтін де сөз», «оқ жарасы бітер,сөз жарасы бітпес», «тау мен тасты жел бұзар,адамзатты сөз бұзар» деген мақалдар сөздің қадір-қасиетін анық ұқтырғандай.

4-оқушы: Адамдар сөз арқылы ұғынып,сөз арқылы табысады.Сөз -адам үшін тәрбие құралы,ақыл-ой жәдігері,қымбат қазынасы. Сондықтан сөзді шашпа-төк тегін дүние көріп,оңды-солды айта берсең,қадірі болмайды. Халқымыз айтқандай, «сөз қадірі - өз қадірің», «сөзі құнсыздың - өзі құнсыз».

Жалғандағы ең көркем нәрсе - сөз.Сөз - көңілдегі көркем ойды жеткізетін таптырмас құрал. Сөз-көңілдің бұлағы. Тек қана көпті ұйытып, тебірентер ойлы да,салмақты сөзді айта білейік! Сөздің нарқын бағалай білетін достарымыз көбейсін!


































4

© 2010-2022