Классный час на тему Бауыржандай батыры бар ел бақытты!

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бауыржандай батыры бар ел бақытты!

Мектепішілік іс-шара

Мақсаты: Бауыржан Момышұлының 105 жылдық мерекелік жиын маңыздылығын түмсіндіру, Б.Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстырып өту, ұландарға Б.Момышұлының ерлік жолын өнеге ету;
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Банер, бүктемелер,кітаптар көрмесі, баспасөз материалдары

Салтанатты кеш барысы:


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, офицер мырзалар, ұландар! Бүгін Б.Момышұлы атындағы АР «Жас Ұлан» мектебінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін, тәрбиеленушілеріміз асыға күтетін Бауыржан Момышұлының туған күніне, сонымен бірге биыл 105 жылдық мерейтойына арналған «Бауыржандай Батыры бар ел бақытты!» атты әдеби-сазды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Бүгін 24 желтоқсан - Б.Момышұлының туған күні, яғни Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толып отыр. Біздің оқу ордамыз 1983 жылдың 28 ақпанында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 90-15 «Алматы қаласында орыс тілін тереңдетіп оқытатын және әскери дене шынықтырудың күшейтілген дайындығымен айналысу туралы» Қаулысы негізінде құрылған.

1-жүргізуші: 1991 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1991 жылдың 26 наурыз айындағы № 189 Қаулысына сәйкес Алматы Республикалық әскери мектеп-интернатына Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының есімі берілді.

2-жүргізуші: Ия, 1991 жылдары қызмет атқарған мектеп директоры, әскери ғылымдар докторы, Серікбаев Ким Серікбайұлы мектеп ұжымы, тәрбиеленушілерімізбен бірге мектебімізге Б.Момышұлының есімі берілуіне ерекше ат салысқан болатын.

1-жүргізуші: 2015 жылы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 789 Қаулысына сәйкес Алматы Республикалық әскери мектеп-интернаты Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық «Жас Ұлан» мектебі болып өзгертілді.

2-жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары, ұстаздар, офицер мырзалар! Құдайберген Сұлтанның орындауындағы «Қазақтың Бауыржаны» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Б.Момышұлының «Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті» деп айтқанындай ер қасиетті, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі мол, жүректі, қайсар, терең білімдіұландарымыздың білімді, саналы, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына Б.Момышұлының өнегелі ерлікке толы өмір жолы тәрбие болып табылады.

1-жүргізуші: Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,

Дүниеге ерлігімен танылған,

Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.

Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.

Қалтыраған атынан жау ордасы,

Панфиловтың жорықтағы жолдасы,

Даңқ туын майдандағы көтерген

Гвардия бөлімінің қолбасы.

Деп жырлағандай, Кеңес Одағының батыры, жазушы, ақын Бауыржан Момышұлының ізбасар ұландарын ортаға шақырамыз:

1-ұлан-

2-ұлан

3-ұлан

4-ұлан

5-ұлан

6-ұлан

7-ұлан

8-ұлан

2-жүргізуші:

Ерлігің естен кетпес ел есінде,

Теңің жоқ тектілікке теңесуге

Қаһарың Исатайдың айбарындай,

Мәрттігің Махамбеттің жебесіндей.

Деп Бауыржан Момышұлына ақындар мағыналы терең ойлы жырларын арнаған. ҚР-ның азамматтары, ұландары, ер жігіттері Б.Момышұлындай өр тұлғалы, намысқой, әділ, шыншыл болуы қажет. Олай болса, ортаға әнші ұландарымыз Темірғалиев Темірлен мен Құдайберген Сұлтанды шақырамыз.

1-жүргізуші:

Бауыржан батыр - қос қарудың иесі. Бірі маузер болса, екіншісі - қалам. Соғыста, қан майданда жүрсе де жауынгерлеріне үлкен адамгершілікпен қарап, оларды батырлар жырымен батылдыққа, ерлікке тәрбиеленген Бауыржан батыр, шынында, әскери теорияның негізін қалап кеткен адам.

Батыр ұл - есімдері сақталады,
Жыр болып жүректерде жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» мектебінің ұландары жан-жақты, өнерлі. Ортаға күйші 1 курс ұландарының шақырамыз.

КҮЙ:

2-жүргізуші: Б.Момышұлы - Панфиловтың оң қолы, екі қарудың иесі, мықты қолбасшы, шебер жазушы, 207 рет шабуылға батальонмен кіріп, 5 рет қоршауды бұзып шығып, дивизиясына қосылған, Панфилов әрқашанда Б.Момышұлының батальонын резервте ұстаған.

1-жүргізуші:-Бауыржан Момышұлы - көрнекті жазушы, шығармаларын қазақ және орыс тілінде жазған. Алғашқы кітабы «Офицер күнделігі» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Майдан», «Генерал Пнфилов», «Куба әскерлері», «Адам қайраты» тағы басқада әңгімелері мен повестер жинақтары шықты. Бауыржан әңгіме, повестермен қатар өлең толғаулар да жазған.

1-жүргізуші:Біздің мектебіміздің ұландары болашақта нағыз әскери мамандар боламыз дейді. Ортаға «Десантшылар» әнімен 1 курс ұландары ___________________________________

_________________________________ шақырамыз.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы -адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Осы соғысқа Кеңес Одағының миллиондаған адамы қатысты. Солардың ішінде қазақ халқының арасында аты аңызға айналған, батыр атамыз, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы да болды.

1-жүргізуші:

Қаһарға толы қабағы,

Шоқ шашқан отты жанары.

Ерліктің нағыз адамы,

Батыр аға Бауыржан.

Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің қайсарлығымен, талапшылдығымен, ерен ерлігімен танылды. Олай болса 2курс ұландары қойылымындағы Б.Момышұлы туралы көріністі тамашалаңыздар!

СЦЕНКА.

(Ә.Нұршайықов «Аңыз бен ақиқат»)

Көрініске қатысушылар:

Бекмұхамет С. -11 Г

Аязбай Б.-11 Г

Байназаров А. -11 А -Б.Момышұлы

Дүйсебек Қ. - 11 А -Баграмян

Күзембаев Б. - 11 А- Чистяков

1-жүргізуші: Ұлтын сүйген ұлы жүректен шыққан Қазақтың Қаһарман Батырының: «Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтымды сүюші адаммын», - деген өсиетке толы өнегелі сөздері мен шығармалары арқылы адам рухының асқақтата білді.

Бүгін мектебімізге еліміздің әншілері Cтамғазиев Ерлан ________________

Ахметова Шәмшия __________________________ қонаққа келіп отыр. Сіздерге арнап өздірінің ән шашуларын алып келді.

2-жүргізуші: Бауыржандай ер қолбасшы қалар ма естен,

Тапты ол тар қыспақта не бір шешім - деп жырланғандай, Бауыржан Момышұлы соғыста көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталды. Қашанда қазақ халқы өзінің ұлдарын ұмытпаған. Бауыржан Момышұлына халықтың өзі «батыр» деген ат беріп, жоғары құрмет көрсете білген. Б.Момышұлы. тек қазақ халқы қана емес, шет ел мемлекеттері жақсы таниды.

Алдарыңызда қонағымыз Әнші, Ермек Рахымбайдың орындауындағы _______________________________ әнді қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші: Б.Момышұлының «Тәрбиелі - тәртіптің құлы.Тәртіпті - елдің ұлы» деген қанатты сөзі бар. Сондықтан жеткіншектеріміздің ұлағатты, тәрбиелі, ертеңгі күн иелері патриоты болып қалыптасуына, еліміздің бақытты, нұрлы жолға бастаушы АЗАМАТ болуына бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.

1-жүргізуші:

Ұрпағың - ізіңде өскен ұландарың,

Тамырын терең салған шынарларың.

Сын сағатта сап түзер сайыпқыран,

Бауыржан батыр баба ұрандары.

дегендей, сіздер мектебіміздің сайыпқыран ұланысыздар!

Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары курс ұландары Әбдімүтәліп Ербұлан мен _________________________________________

Орындауындағы « » әнді қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:Ұрпақтың ұлттық рухты бойына сіңіріп, алтын қыранды көк байрақты елдің елжанды азаматы болып қорғайтын жас бауыржаншыларымызға Бауыржан Момышұлының 105 жылдық мерейтойы үлкен мереке! Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!!!

2-жүргізуші:Бүгінгі Б.Момышұлының 105 жылдық мерейтойына арналған кешіміздің қорытынды сөзін __________________________________________

береміз







Қосымша материалдар:

Звучит стихотворение С.Муканова « К юбилею»

Вы слышите, слава героя гремит,

Как горный поток по весне,

И девушкам снится бесстрашный джигит,

Летящий на белом коне.

Я много прошел и тропинок, и трасс

Немало увидел я стран

И вместо приветствия слышал не раз:

Москва, Казахстан, Бауыржан!

Тогда восхищенье читая в глазах

Гаванцев, пражан, парижан,

Был горд, что герой этот славный казах

Земляк мой, стальной Бауыржан,

Панфиловский сокол, питомец степей

Команда - и в стремя нога!

Как залпом катюши - отвагой своей

Умел накрывать он врага.

Умел отступить - не умел отступать,

Умел заманить, обойти,

И только поэтому мог побеждать

На огненном нашем пути.

Искусство его постигает солдат,

Стихи о нем пишет поэт,

Я знаю, что мужество тоже талант-

Героя без мужества нет!

Звучат «Узелки мудрости о патриотизме Б. Момышулы» на казахском и русском языках

1.- Патриотизм- «Мен Отанды сүйемін ол ұшін жанымды беремін деген күмпілдеген сөз емес Өз жерін сүю нақты іспен дәлелденеді

Патриотизм не выражается словами: « Я люблю Родину и готов отдать жизнь за нее». Любовь к своей земле нужно доказывать делами.

2. -Менің өмірден тоқығаным; Отанға деген сүйіспекеншілік атаөанаңа бауырларыңа туып өскен ауылыңа қалаңа өз ұлтыңа деген махаббаттан басталады

Я выстрадал убеждение, что любовь к Родине начинается с любви к своим родителям, братьям, и сестрам, своему аулу, городу, где родился и вырос, к своей нации.

3.-Ата-анасын сыйлайтын ұл сабақты да жақсы оқиды ол тәртіпті еңбекқор адал болып өседі

Сын, уважающий родителей, и в учебе будет преуспевать, и вырастет дисциплинированным, трудолюбивым, честным. А это самые необходимые качества.

4. -Озауылдын

Тот, кто не уважает камень в своем ауле, не сможет уважать и гору

Кто гордо жил, кто суетливо-

Всех, отмеряя жизни пласт.

Расставит время справедливо,

Всем по достоинству воздаст.

И без внимания не оставит,

В чем прав ты был, а в чем не прав.

Предаст забвенью иль восславит,

Потомкам имя передав.

Но, на любовь сердца настроив,

Тот роковой не ждите час.

Давайте чествовать героев,

Пока они живут средь нас.

Я счастлив тем, что в этом мире,

Где зори не всегда светлы,

Поются песни о батыре,

Достойнейшем Момышулы.

Я восхищаться не устану

И молодым им, и седым.

Пускай подобных Бауыржану

Все больше будет рядом с ним.

И каждый пусть его восславит

Сейчас, сегодня, не потом.

Нас Время петь еще заставит

В прошедшем времени о нем. К.Салыков

Взлетала земля и трещала броня,

Орудия били во мгле.

Держал Бауыржан боевого коня

И с честью держался в седле.

Врезался он дерзко во вражеский стан,

И подвиг его не забыт.

С Маресьевым, Зоей джигит Бауыржан

В шеренге героев стоит.

Мне лестно услышать, что он великан,

Что темную силу поверг.

Но пред глазами всегда Бауыржан -

Простой, дорогой человек!

С.Муканов

Долг- дух мужества.

Долг- сердце отваги.

Долг- гроза трусости.

Долг- фундамент совести.

Долг- охрана чести.

Долг - окрыляет бескрылых.

Долг - воодушевляет бездушных.

Долг - воскрешает мертвых.

Долг - знает только жизнь

Долгу - смерть запретна.

Б.Момышулы

Заветы Б.Момышулы

Командир - центральная фигура, мозг войск, организатор боя, творец победы. Командир- это творческий человек.

Я прошел свою жизнь без жалоб, пытаясь понять мир обычного человека и мир звезд.

В армии должна быть строгая дисциплина, основанная на чувстве глубокого человеческого достоинства.

Офицер должен быть солдатом ума.

Только в бою испытываются все качества человека

7


© 2010-2022